Абай облысының аумағынан тірі бұқашықтардың экспорты

Отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорты мен қолдауын реттеу мақсатында 2024 жылғы 2 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасынан 12 айдан асқан бұқашықтар мен 6 айдан асқан қошқарларды әкетуге сандық шектеулер күшіне енді.
Шектеулер аясында Абай облысы Көкпекті ауданының "Елім-Ай" шаруа қожалығынан бүгінгі таңда 480 бас бұқашық Өзбекстанға бұқашықтардың экспортталды, бұқашықтардын орташа салмағы 500 кг.
Анықтама: 12 айдан асқан бұқашықтарды әкету үшін сандық лимит 60 мың басты құрайды, оның ішінде:
бордақылау алаңдары үшін-30 мың бас;
тауар өндірушілер үшін-30 мың бас.
6 айдан асқан қойларды әкетуге арналған сандық лимит - 120 мың бас, оның ішінде:
бордақылау алаңдары үшін-30 мың бас;
тауар өндірушілер үшін-90 мың бас.
Бір бордақылау алаңынан 12 айдан асқан 4000-ға дейін бұқашықты, ал бір тауар өндірушіге-жиынтық мөлшерде 500 басқа дейін әкетуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, бір бордақылау алаңынан 6 айдан асқан 1000 қойға дейін, ал бір тауар өндірушіге-500 басқа дейін экспорттауға болады.