Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтілуде

Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтілуде

Ағымдағы жылдың 15 маусымында Абай ауданы Қарауыл ауылында үш жүзге аты мәлім болған, ұлы Абайдың әкесі, қажы, «Дала данышпаны» атанған қайраткер, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл мерейтойы атап өтілуде . Сонда жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі - Республикалық «Асыл тұқымды жылқы» конференциясымен көрмесі өткізілді. Көрмеге Республиканың түкпір-түкпірінен 20 бас қазақы асыл тұқымды жылқылар әкелінді. Конференцияға 50-ден астам шаруашылық басшылары, Торайғыров университеті коммерциялык емес акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры, Қазақ ұлттык аграрлық зерттеу университетінің “Технология және биоресурстар” факультетінің, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің “Ветеринария жэне агроменеджмент” факультетінің, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институтының өкілдері қатысты. Конференцияда қатысушылармен баяндамалары оқылып, жылқы шаруашылығының болашағы мен даму жолдары талқыланды. Басқарма басшысы Қуанбаев Ертай конференцияны қорытындылап, “Мал шаруашылығы” күніне орай облысымыздың үздік шаруашылықтардың басшылары мен мамандарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Алғыс хаты», «Еңбек ардагері» медалімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамоталарымен сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің  «Алғыс хаты” марапаттарын табыс етті.