Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлеміне өтінім беру туралы


Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрықпен бекіткен Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2-тараудың 4-тармағын орындау үшін, 2025 жылға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемдерін қалыптастыруға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы 1 мен 30 желтоқсан аралығында «GOSAGRO.KZ» портал арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Басталу уақыты
01 желтоқсан 2024
Соңғы күні
30 желтоқсан 2024
Оқиға түрі
Хабарландыру