Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылуы туралы есеп

Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылуы туралы есеп

Есепті кезең: 2024 жыл

Бекітілген: Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығымен

Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі БҚДА)

1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат

Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқтау нысаны/

өлшем

бірлігі

Жауапты орындау

шылар

Орындалуы туралы ақпарат

Бөлінген қаражаттың игерілуі

Түсініктемелер

жоспар

факт

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1-нысаналы көрсеткіш. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі

 

%

ЖІӨ-дегі ЖҚҚ

ҰЭМ, ЖАО, СИМ, БҚДА, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП

8,2

 

 

 

Статистикалық жұмыстар жоспарында және ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделген 2024 жылғы «ЖАӨ-дегі орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының үлесі» көрсеткіші бойынша статистикалық ақпарат 2025 жылғы 30 қыркүйекте қалыптастырылады және Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында www.stat.gov.kz. еркін қолжетімділікте орналастырылады

 

2-нысаналы көрсеткіш.

Бәсекелестіктің дамуын тежейтін тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою

 

 

13

13

 

 

Орындалды

Агенттікпен есепті кезеңде 13 тауар нарықтарына кіру кедергілері жою байынша шаралар қабылданды:

1) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне атаулы қолдау алушылардың тізіміне барлық кепілдік берілген жеткізушілерді енгізу;

2) электр энергиясының барлық көлемін кепілді сатып алу бөлігінде жылу электр станцияларының артықшылық жағдайын жою;

3) радиожиілік спектрін тарату жөніндегі конкурстарға қатысушылардың кемінде алты облысты, республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қамтитын телекоммуникациялардың және/немесе ұялы байланыстың кеңейтілген магистральдық желісінің болуы туралы талапты жою;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын міндетті жыл сайын тіркеу (қайта тіркеу) туралы ережені алып тастау;

5) абаттандыру жұмыстарын әртүрлі категорияларға бөлу;

6) браузер алғаш рет іске қосылған кезде іздеу жүйесін таңдаудың екі факторлы «өткізілмейтін» терезесін көрсету механизмін Google енгізу арқылы бар мобильді құрылғыларда іздеу жүйесінің қызмет провайдерлеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;

7) суды есепке алу аспаптары мен ақпараттық-өлшеу жүйелерін жеткізушілердің өтінімдерін беруінің ашықтығын қамтамасыз ететін стандартты бекіту;

8) виртуалды ұялы байланыс операторларының қызметін заңнамалық реттеу;

9) қолданыстағы объектілерге санитарлық-қорғау аймағының шекарасын азайтуға мүмкіндік беретін норманы бекіту;

10) медициналық техниканың бағасын реттеу нормасын алып тастау;

11) негізгі қуат иелерінің мұнай өнімдерінің көлемін алудан заңсыз бас тартуын жою;

12) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шет мемлекеттерден алынатын арматураны ұлттық режимнен босату арқылы отандық өнеркәсiптi дамытуды ынталандыру;

13) астық қолхаттарының тізіліміне қол жеткізуді ұсыну қызметіне баға белгілеуге байланысты бизнес шығындарын төмендету.

1-бағыт. Негізгі қуатқа қол жеткізу

1.

1-іс-шара.

Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауарлардың (мұнай өнімдері, коммуналдық-тұрмыстық көмір) ең аз үлесі мен көлемін айқындау

(аяқталу мерзімі -              2022-2026 жылдардың           IV тоқсаны)

бұйрық, мұнай өнімдерін беру жоспары

СИМ, ЭМ, ИИДМ, БҚДА

 

 

 

 

 

1) Орындалды

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңға және Мұнай өнімдерін жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес Энергетика министрлігі ай сайын жоспарланатын айдың алдындағы айдың 25-күнінен кешіктірмей, Мұнай өнімдерін жеткізу жоспарын жоспарланатын айға арналған мұнай өнімдерін өндіру көлемі мен мұнай жеткізушілердің өтінімдері негізінде бекітеді (мұнай өнімдерін беру жоспарларының көшірмелері қоса беріледі).

 

2) Орындалмады

Бүгінгі күні тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын көмірдің ең аз үлесі жалпы жылдық көлемнің 50%-ын құрайды.

2024 жылы БҚДА жауапты мемлекеттік органдарды (ӨҚМ, СИМ) тауар биржалары арқылы өткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірдің міндетті үлесін ұлғайту қажеттігі туралы бірнеше рет хабардар етуіне қарамастан, жауапты мемлекеттік органдар тиісті шаралар қабылдаған жоқ (Премьер-Министрдің орынбасарының  2024 жылғы 16 қазандағы № 12-18/4250 қарарымен атап өтілді). Осыған байланысты, БҚДА Үкімет Аппаратына осы іс-шараны орындамау тәуекелдері туралы хаттар (2024 жылғы 29 тамыздағы № 01-03/2373-И және 2024 жылғы 29 қарашадағы № 01-03/3320-И) жіберді.

Өз кезегінде, СИМ мен ӨҚМ үлесті ұлғайту қажеттілігінің жоқтығын тауар биржаларының қызметін жетілдіруге, оның ішінде брокерлер мен клирингтік орталықтар жұмысының ашықтығын күшейтуге бағытталған жаңалықтар көзделетін биржалық сауда мәселелері бойынша Заң жобасын әзірлеумен негіздейді. Осыған байланысты, олар коммуналдық-тұрмыстық көмірді тауар биржалары арқылы өткізудің міндетті үлесін одан әрі ұлғайту мәселесін аталған Заң қабылданғаннан кейін қарау орынды деп есептейді.

2.

6-іс-шара.

МТЖ-ның көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидаларына өзгерістер енгізу арқылы жекеше теміржол жүк тасымалдаушыларының кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз ету

(аяқталу мерзімі -           2023 жылғы IV тоқсан) Президент Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы                 12 қаңтардағы № 23-5883 қарарына сәйкес осы іс-шараны орындаудың жаңа мерзімі – 2024 жылғы                29 желтоқсан белгіленді

 

 

бұйрық

ИИДМ, БҚДА

 

 

 

 

Орындауда

Қазақстан Республикасының темір жол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде жеке жүк тасымалдаушыларға магистральдық темір жол желісінің (бұдан әрі – МТЖ) қызметтеріне қол жеткізуді ұсынатын ережелер көзделген.

Осыған байланысты, 2027 жылға дейін ашық және әділ бәсекелестік шарттарымен тасымалдаушылардың көптігі жұмысының технологиясын анықтау бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Қазіргі уақытта Көлік министрлігі мүдделі ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен тасымалдау қызметіндегі бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі Жұмыс тобын құрды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде жеке жүк тасымалдаушылардың көптігі жағдайында МТЖ қызметтеріне жаңа тарифтік жүйеге көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні «PricewaterhouseCoopers» халықаралық консультанты жаңа тарифтік әдіснаманы әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр (жоспарланған аяқталу күні -                        2025 жылғы екінші тоқсанның соңы).

Анықтама: Көлік министрлігі Президент Әкімшілігіне осы іс-шараны іске асыру туралы ақпаратты 2024 жылғы                          12 желтоқсандағы № 01-20/Д-2594/4//23-5883 хатпен жіберді.

Президент Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы                              27 желтоқсандағы № 24-5359 (23-5883) қарарымен жаңа орындау мерзімі – 2025 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленді.

2-бағыт. Тауар нарықтарына кірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін қысқарту

3.

11-іс-шара. Әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша ұлттық теміржол тасымалдаушысы келісімдерінің қолданылу мерзімдерін (5 жылдан 20 жылға дейін) айкындаудың регламенттелуін нақтылау

(аяқталу мерзімі -           2023 жылғы IV тоқсан) Президент Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы                        12 қаңтардағы № 23-5883 қарарына сәйкес осы іс-шараны орындаудың жаңа мерзімі – 2024 жылғы 29 желтоқсан белгіленді

 

ПӘ-ге ақпарат

ИИДМ

 

 

 

 

Орындалды

2024 жылғы 14 қарашадағы № 376 бұйрықпен Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының 14-тармағына өзгерістер енгізілді (Әділетминінде 2024 жылғы 15 қарашада тіркелген).

Өзгерістерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру мерзімі жылына 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен кем жүретін маршруттарды, сондай-ақ жүзеге асыру мерзімін тендерді ұйымдастырушы бес жылдан жиырма жылға дейін айқындайтын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша тасымалдарды қоспағанда, жиырма жылға айқындалады.

Анықтама: Көлік министрлігі Президент Әкімшілігіне осы іс-шараны іске асыру туралы ақпаратты 2024 жылғы                               12 желтоқсандағы № 01-20/Д-2594/4//23-5883 хатпен жіберді.

Президент Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы                               27 желтоқсандағы № 24-5359 (23-5883) қарарымен 11-тармақ бақылаудан алынды.

4.

14-іс-шара.

Тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне монополияға қарсы орган жүргізген талдаудың нәтижелері бойынша жетекшілік ететін салаларда бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту

(аяқталу мерзімі - IV тоқсан, жыл сайын)

 

тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол карталары

Салалық ОМО, БҚДА

 

 

 

 

Орындалды.

БҚДА уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 2024 жылы бәсекелестікті дамыту бойынша 10 жол картасын бекітті:

- агроөнеркәсіптік кешен саласында 2024 жылғы 21 тамызда АШМ, СИМ және СРИМ-мен бірлесіп;

- денсаулық сақтау саласында 2024 жылғы 12 маусымда ДСМ-мен бірлесіп;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметтері нарығында 2024 жылғы 7 қазанда ДСМ-мен бірлесіп;

-  қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде сервистік қызметтер көрсету нарығында 2024 жылғы 12 қыркүйекте ӨҚМ-мен бірлесіп;

- темірбетон конструкцияларына арналған арматуралық прокаттау нарығында 2024 жылғы 29 тамызда ӨҚМ-мен бірлесіп;

- телекоммуникациялар нарығында 2024 жылғы 2 тамызда ЦДИАӨМ-мен бірлесіп;

- ипотекалық кредиттеу нарығында 2024 жылғы 27 желтоқсанда ҰБ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, ҚНРДА, ҰЭМ, ӨҚМ-мен бірлесіп;

- тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығында 2024 жылғы 31 желтоқсанда Энергетикаминімен және ҰЭМ-мен бірлесіп;

- теміржол көлігі саласында 2024 жылғы 23 қыркүйекте КМ, ТМРК және ҰЭМ-мен бірлесіп;

- көлік-экспедиторлық қызметтер және астық таситын вагондармен оператордың қызметтері нарықтарда 2024 жылғы 23 қыркүйекте КМ-мен бірлесіп.

4-бағыт. Мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің үлесін қысқарту

5.

18-іс-шара. Жолаушыларды тасымалдау қызметіне қатысатын квазимемлекеттік сектор компаниялары акцияларының пакетін өткізу мәселесін пысықтау

(аяқталу мерзімі -                2023 жылғы IV тоқсан) Президент Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы                          15 желтоқсандағы № 23-5578 қарарымен тиісті шараларды қабылдаумен жұмысты жалғастыру тапсырылды

 

  

ПӘ-ге ұсыныстар

ИИДМ, БҚДА

 

 

 

 

Орындалды

«Air Astana» АҚ IPO өткізуге қатысты

2024 жылғы ақпанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIX) және «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Қазақстандық қор биржаларында «Air Astana» АҚ акцияларымен қайталама сауда-саттық өткізілді, нәтижесінде шамамен 370 млн. долл. тартылды.

IPO нәтижесінде «Air Astana» АҚ-дағы  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) үлесі 51%-дан 41%-ға дейін, ал екінші акционер «BAE» компаниясының (Ұлыбритания) үлесі 41%-дан 17%-ға дейін (IPO аяқталды) төмендеді.

«Qazaq Air» АҚ (бұдан әрі – QA) бойынша конкурс өткізуге қатысты

2024 жылғы 13 мамырда Мемлекеттік комиссия және                 2024 жылғы 29 мамырда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тәуелсіз консультантының (бұдан әрі – Консультант) ұсынымы мен талдауын ескере келе, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның 74-1-бабының талаптарын сақтай отырып, SOVICO Group (тікелей немесе SOVICO Group айқындайтын компанияның пайдасына) және оның жергілікті серіктесінің пайдасына тікелей атаулы сату тәсілімен QA акцияларының 100%-ға дейінгі пакетін сату мәселесін оң қарады.

Үкіметтің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 453 қаулысына сәйкес QA-ны сатудың болжамды тәсілі ашық екі кезеңдік конкурстан тікелей атаулы сатуға өзгертілді.

2024 жылғы 24 маусымда Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен SOVICO Group (тікелей немесе SOVICO Group айқындайтын компанияның пайдасына) және оның жергілікті серіктесінің пайдасына тікелей атаулы сату арқылы QA акцияларының 100%-ға дейінгі пакетін бәсекелес ортаға беру тәсілі айқындалды.

Қор және QA тәуелсіз консультантпен бірлесіп, вьетнамдық инвестор SOVICO Group және оның консультанты «ПрайсуотерхаусКуперс Такс энд Эдвайзори» ЖШС-мен мәміленің барлық шарттары бойынша келіссөздерді аяқтады.

Сонымен қатар, SOVICO Group транзакция жабылған күннен бастап 5 жыл ішінде Boeing 737-MAX8 немесе Airbus A320/321 типті 50 әуе кемесінің маршруттық желісін кеңейту және жеткізу арқылы QA-ны Орталық Азиядағы арзан тасымалдаушылар нарығындағы ең ірі ойыншылардың біріне айналдыруды жоспарлап отыр.

Анықтама: Президент Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы  12 маусымдағы № 24-2657 (23-5578)-1 қарарымен Үкіметке осы тапсырманың одан әрі орындалуын бақылау берілді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының 2024 жылғы                16 желтоқсандағы№ 21-04/5892-2//23-5578 (4.18 т.) қарарымен жұмысты жалғастыру және Үкіметке тиісті ақпаратты алты ай мерзімде енгізу тапсырылды.

6.

20-іс-шара. Тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне мемлекеттік тапсырмалар институтының қатысуы мен ықпалын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру

(аяқталу мерзімі -              IV тоқсан, жыл сайын)

ПӘ-ге ақпарат

БҚДА

 

 

 

 

Орындалды

Бюджет кодексінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік тапсырмаға жатқызу өлшемшарттары айқындалған. Сонымен қатар, көосетілетін қызметтерді мемлекеттік тапсырмаға жатқызу өлшемшарты айқындалды.

Белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік тапсырмаларды тізбеге енгізуге тыйым салынды.

Монополияға қарсы органға конкурс арқылы бәсекелес ортаға беруге жататын жұмыс көлемін айқындау құзыреті берілді.

Бұрын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірлесіп орындаушыны таңдауы конкурстық рәсімдерді өткізбей жүзеге асырылғанын атап өткен жөн, бұл бәсекелестікті шектеуге әкелді.

Сондай-ақ мемлекеттің қатысуын және мемлекеттік тапсырмалар институтының тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне ықпалын барынша азайту мақсатында БҚДА қаражаттың белгілі бір көлемін конкурстық рәсімдер арқылы жеке секторға қосалқы мердігерлікке беру бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде қолда бар 405,9 млрд. теңгенің 35,4 млрд. теңгесі (немесе 8,7%) бәсекелес ортаға берілді.

7.

21-1-іс-шара.
Бірыңғай операторлардың санын азайтуға бағытталған Заң жобасын әзірлеу

(аяқталу мерзімі –               2023-2025 жылдар             IV тоқсан)

Заң жобасы

БҚДА

 

 

 

 

Орындалды

Қазіргі кезде Мемлекеттік тізілімде 18 мемлекеттік монополия субъектісі және 19 арнайы құқық субъектісі бар. 2024 жылы 2 арнайы құқық субъектісі («Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ) оператор функцияларынан айырылды және Мемлекеттік тізілімнен шығарылды (2023 жылы - 2 субъект).

Бәсекелес ортаны кеңейту және мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту мақсатында Агенттік 6 операторды қысқарту бойынша заңнамалық түзетулер (алтыншы монополияға қарсы пакет) әзірледі.

Заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

Анықтама:

1) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру саласындағы есепке алу бақылау аспаптарының деректер операторы;

2) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алу бақылау аспаптарының деректер операторы;

3) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы.

4) ғарыштық байланыс жүйесінің операторы;

5) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің операторы;

6) жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесінің операторы.

8.

22-іс-шара.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген қызмет түрлері тізбесінің жаңа форматын қалыптастыру

(аяқталу мерзімі -         2024 жылғы II тоқсан)

 

ПӘ-гe акпарат

БҚДА

 

 

 

 

Орындалды

Үкіметтің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 430 қаулысымен экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы жіктеуішінің әрбір коды үшін географиялық шекараларды, қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыратын мемлекет қатысатын субъектінің атауын, субъектінің тауарлар мен қызметтердің сол немесе өзге нарығында болу мерзімін міндетті түрде белгілеуді көздейтін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің «ақылды реттеу» қағидаты бойынша жүзеге асыруы үшін рұқсат етілген Қызмет түрлері тізбесінің жаңа форматы бекітілді. Қабылданған жаңа формат квазимемлекеттік сектор субъектілері қызмет түрлерінің тізбесін қалыптастыруды ретке келтіруге мүмкіндік береді, бәсекелестікті дамыту және бизнесті тауар нарықтарын дамытуға, кеңейтуге және тиімді жұмыс істеуге ынталандыру үшін жағдайлар жасайды.

Анықтама: Президент Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 8273 ПАБ-7 қарарымен жоғарыда аталған тапсырма бақылаудан алынды.

 

 

 

2-бөлім. Ішкі және сыртқы әсерді талдау

Ішкі және сыртқы әсер ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсері

Қабылданған шаралар

1

2

Ішкі факторлар:

 

Жоқ

 

Сыртқы факторлар:

 

Коммуналдық-тұрмыстық көмірдің міндетті түрде тауарлық биржалар арқылы өткізіліуі тиіс ең төменгі үлесін кезең-кезеңімен ұлғайту мәселесінде мүдделі мемлекеттік органдардың қарсылығы.

Мемлекеттік жауапты органдарға (ӨҚМ, СИМ) коммуналдық-тұрмыстық көмірдің тауарлық биржалар арқылы міндетті түрде өткізілуі тиіс үлесін арттыру қажеттілігі туралы бірнеше рет хабарланғанына қарамастан, олар тарапынан тиісті шаралар қабылданған жоқ (бұл Премьер-Министрдің Орынбасарының 2024 жылғы 16 қазандағы,                       2024 жылғы 3 қыркүйектегі және 2024 жылғы                       2 желтоқсандағы 12-18/4250 қараларында көрсетілген). Осыған байланысты, БҚДА Үкімет Аппаратына бұл іс-шараны орындалмау тәуекелдері жөніндегі хаттар жолданды (2024 жылғы 29 тамыздағы                        № 01-03/2373-И және 2024 жылғы 29 қарашадағы                 № 01-03/3320-И) хаттар жолданды.

СИМ мен ӨҚМ коммуналдық-тұрмыстық көмірдің тауарлық биржалар арқылы міндетті сатылатын ең төменгі үлесін кезең-кезеңімен арттыру мәселесін 2025 жылы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауда және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданғаннан кейін қарастыру орынды деп есептейді. Бұл ретте тауар биржалары саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды күшейту қатар жүргізілуі тиіс (30.12.2024ж. қол қойылды).

          

 

 

 

 

 

 

3-бөлім. Талдамалық жазба

 

Шешуге құжат бағытталған проблемалар мен міндеттерді шешу дәрежесі, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың              2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) монополияға қарсы органның, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдардың барлық қызмет түрлерін қамтитын және бәсекелестікті дамытудың орта мерзімді пайымын көрсететін саясат құраушы құжат болып табылады.

Тұжырымдаманың негізгі рөлі – бәсекелестікке тікелей немесе жанама әсер ететін және елдің жалпы экономикалық саясатына интеграцияланған басқа мемлекеттік саясаттармен синхрондалған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласында біртұтас саясат құру.

Тұжырымдама нарық субъектілері үшін қолайлы бәсекелес орта құруға және бәсекелестікті тежейтін жүйелі кедергілерді жою, бәсекелестікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру арқылы Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында көзделген қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жәрдемдесуге бағытталған.

Тұжырымдамаға сәйкес бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

  1. негізгі қуатқа қол жеткізу;
  2. тауар нарықтарына кірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін қысқарту;
  3. кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  4. мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің үлесін қысқарту (экономиканы мемлекет меншігінен алу);
  5. бәсекелестікті қорғау және дамыту тетіктерін жетілдіру;
  6. ауыстырып қосудың шығасылары мен кедергілерін жою;

Аталған 6 бағыт шеңберінде есепті кезеңде 5 іс шара іске асырылды (олардың ішінде 4 жыл сайынғы).

Сонымен қатар, Тұжырымдаманың іске асыру барысын салааралық үйлестіруді және бақылауды күшейту мақсатында мынадай түзетулерді енгізді:

- Тұжырымдаманы іске асыруға тартылған мемлекеттік органдар тоқсан сайынғы негізде БҚДА-ға Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпаратты енгізеді;

- «Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі» нысаналы индикаторының мәні 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес келтірілді, атап айтқанда 2022 жылы - 6,9%, 2023 жылы - 6,7%, 2024 жылы - 8,2%, 2025 жылы - 9,5%, 2026 жылы - 10,8%;

- бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды тікелей көрсететін «Бәсекелестіктің дамуын тежейтін тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою» жаңа нақты нысаналы индикатор енгізілді;

- Кәсіпкерлік кодекстің 90-6-бабы 27) тармақшасының қайталануына байланысты, 17-іс-шара «Мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды жекешелендіру жөнінде ұсыныстар енгізу» алып тасталды.

Сонымен қатар, Президент Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-01-31.80-2 қарарымен Тұжырымдаманың іске асырылуы Агенттіктің жұмыс бақылауына берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығының 75-1-тармағына сәйкес Агенттік Президент Әкімшілігіне Тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы есеп жіберді (2025 жылғы 20 наурыздағы № 01-04/Д-694//24-1761-1 хатпен).

Президент Әкімшілігі Басшысының 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 25-1623 (24-1761) қарарымен жұмысты жалғастыруы тапсырылды.

Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу барысы туралы ақпарат

«Тауар нарықтарына кірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін қысқарту» атты 2-бағыт шеңберінде:

1) Әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша (5 жылдан 20 жылға дейін) ұлттық теміржол тасымалдаушысы келісімдерінің қолданылу мерзімдерін айқындауды регламенттеуді нақтылау мәселесі (11-іс-шара) пысықталды. 2024 жылғы 14 қарашадағы № 376 бұйрықпен Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының 14-тармағына әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру мерзімі жылына күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аз жүретін маршруттарды, сондай-ақ жүзеге асыру мерзімін тендерді ұйымдастырушы бес жылдан жиырма жылға дейін айқындайтын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және қалааралық қатынастар бойынша тасымалдауды қоспағанда, жиырма жылға айқындалатынын көздейтін өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер тасымалдаушыларды анықтау кезінде ашықтықты арттыруға мүмкіндік берді.

2) БҚДА уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 2024 жылы Бәсекелестікті дамыту бойынша 10 жол картасын бекітті (14-іс-шара):

- 2024 жылғы 21 тамызда агроөнеркәсіптік кешен саласында АШМ, СИМ және СРИМ-мен бірлесіп.

Күріш пен жұмыртқа өндірушілерден сауда желілеріне тікелей сатып алу көзделген: СИМ отандық өнімді ілгерілету үшін өндірушілермен және сауда желілерімен меморандумдарға қол қойылды, осылайша күріш бағасының индексі 6,6% – ға, жұмыртқа бағасының индексі 6,8% - ға төмендеді.

Шекті сауда үстемесін бақылау күшейтілді: СИМ 775 айыппұл және     3694 ескерту шығарды, бұл бағаның 5-15% - ға төмендеуіне ықпал етті.

5-тен 150 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл салу арқылы сауда үстемесін асырғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Нарық қатысушылары арасында тәртіп күшейтілді, бұл ӘМАТ бағасын бақылаудың тиімділігін арттырады;

- 2024 жылғы 12 маусымда денсаулық сақтау саласында ДСМ-мен бірлесіп;

- 2024 жылғы 7 қазанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметтері нарығында ДСМ-мен бірлесіп.

952 рецептсіз сатылатын препараттарға бағаны реттеу жойылды және дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды қалыптастыру тәсілдері жаңартылды. Сондай-ақ, Қазақстанда дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу мемлекеттік қызметі енгізілді. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың барлық сатып алулары электрондық форматқа ауыстырылды, бұл олардың ашықтығын едәуір арттырды және сатып алу тізімдеріне өтінім беруді автоматтандыру енгізілуде;

- 2024 жылғы 12 қыркүйекте қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде сервистік қызметтер көрсету нарығында ӨҚМ-мен бірлесіп;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске CRIRSCO әдіснамасы бойынша қорлар мен ресурстарды есепке алуды қамтамасыз ету бөлігінде тиісті түзетулер енгізілді, ҚПҚ бойынша өткізілген аукциондардың нәтижелері платформада ашық қолжетімділікте «E-Qazyna.kz» платформада жарияланады.

Бұл түзетулер жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуге бағытталған;

- 2024 жылғы 29 тамызда темірбетон конструкцияларына арналған арматуралық прокаттау нарығында ӨҚМ-мен бірлесіп.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығатын арматураны ұлттық режимнен алу белгіленді, сондай-ақ темір мен легирленбеген болатты құймаларда немесе ҚР көліктің барлық түрлерімен басқа да бастапқы нысандарда әкетуге тыйым салынды.

Бұл шаралар отандық индустрияның дамуын ынталандыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға, орта және жоғарғы қайта бөлу өнімдерінің өндірісін ұлғайтуға бағытталған;

- 2024 жылғы 2 тамызда телекоммуникация нарығында ЦДИАӨМ-мен бірлесіп.

Шағын және орта байланыс операторларының ұялы операторлармен түйісуі бойынша мүмкіндік беру бөлігінде нарыққа кіру кедергілерін жоюға, қосылатын оператор техникалық шарттарды беру туралы қосатын операторға өтінім жіберген кезде талаптарды қысқартуға бағытталған Телекоммуникация желілерін қосу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер телекоммуникациялық қызметтер көрсетудің тең мүмкіндіктерін жасау, кедергілерді болдырмау және қолжетімділікті оңайлату мақсатында ұялы операторлар мен шағын (орта) операторлар арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз етуге бағытталған;

- 2024 жылғы 27 желтоқсанда ипотекалық кредиттеу нарығында ҰБ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, ҚНРДА, ҰЭМ, ӨҚМ-мен бірлесіп.

Іс-шараларды 2025 жылы іске асыру жоспарлануда.

ЕДБ арасында халықтың тұрғын үй құрылыс жинақтарын тарту арқылы салауатты бәсекелестікті қалыптастыру халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға, тұтынушылардың таңдау құқығын кеңейтуге мүмкіндік береді;

- 2024 жылғы 31 желтоқсанда тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығында Энергетикаминімен және ҰЭМ-мен бірлесіп.

Іс-шараларды 2025 жылы іске асыру жоспарлануда.

Жол картасын іске асыру тауарлық газды қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға бағытталған, бұл ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ішкі және сыртқы нарық арасындағы бағалардың диспаритетін қысқартады;

- 2024 жылғы 23 қыркүйекте теміржол көлігі саласында КМ, ТМРК және ҰЭМ-иен бірлесіп.

Іс-шараларды 2025-2026 жылдары іске асыру жоспарлануда.

Жол картасының іс шараларын орындау инфрақұрылымға тең емес қолжетімділікті жоюға және жүктерді тасымалдау нарығында бәсекелестіктің пайда болуы үшін жағдайлар жасауға бағытталған;

- 2024 жылғы 23 қыркүйекте астық таситын вагондармен оператордың көлік-экспедиторлық қызметтері мен қызметтерінің нарықтарда КМ-мен бірлесіп.

Жол картасын іске асыру қосымша қызметтерді жүктеуге мүмкіндік беретін операцияларды қайта қарау бөлігіндегі кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

«Мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің үлесін қысқарту (экономиканы мемлекет меншігінен алу)» атты 4-бағыт бойынша:

3) Бәсекелестік ортаға Qazaq Air беру бойынша шаралар пысықталды               (18-іс-шара).

4) Мемлекеттің қатысуын және мемлекеттік тапсырмалар институтының тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне ықпалын барынша азайту мақсатында БҚДА қаражаттың белгілі бір көлемін конкурстық рәсімдер арқылы жеке секторға қосалқы мердігерлікке беру бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде қолда бар 405,9 млрд теңгенің 35,4 млрд теңгесі (немесе 8,7%) бәсекелес ортаға берілді (20-іс-шара).

5) 2024 жылы оператор функцияларынан айырылды және арнайы құқықтың 2 субъектісі («Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ) Мемлекеттік тізілімнен шығарылды (2023 жылы – 2 субъект) (21-1-іс-шара).

Агенттік 6 операторды қысқарту бойынша заңнамалық түзетулер (алтыншы монополияға қарсы пакет) әзірледі (2025 жылғы 30 қаңтарда заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді).

6) Экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы жіктеуішінің әрбір коды үшін географиялық шекараларды, қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыратын мемлекет қатысатын субъектінің атауын, субъектінің тауарлар мен қызметтердің сол немесе өзге нарығында болу мерзімін міндетті түрде белгілеуді көздейтін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің «ақылды реттеу» қағидаты бойынша жүзеге асыруы үшін рұқсат етілген Қызмет түрлері тізбесінің жаңа форматы бекітілді (Үкіметтің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 430 қаулысы). Қабылданған жаңа формат квазимемлекеттік сектор субъектілері қызмет түрлерінің тізбесін қалыптастыруды ретке келтіруге мүмкіндік береді, бәсекелестікті дамыту және бизнесті тауар нарықтарын дамытуға, кеңейтуге және тиімді жұмыс істеуге ынталандыру үшін жағдайлар жасайды(22-іс-шара).

Орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпарат.

Тұжырымдаманың іс-шаралар жоспарының 1-тармағында тауар биржалары арқылы өткізілугежататын коммуналдық-тұрмыстық көмірдің ең аз үлесін жыл сайын ұлғайту көзделген, (аяқталу нысаны сауда және интеграция министрлігінің тиісті бұйрықты бекіту болып табылады).

2024 жылы тауар биржалары арқылы өткізуге жататын коммуналдық-тұрмыстық көмірдің ең аз үлесі 2023 жылғы деңгейде сақталды.

Бұл өз кезегінде, түпкілікті сатушы, өңірлік көмір операторларына көмірді қайта сату кезінде үстемақысы 100%-ға дейін жететін, жер қойнауын пайдаланушылармен жасырын аффилиирленген өнімсіз желі арқылы коммуналдық-тұрмыстық көмірді өткізу практикасының сақталуына әкелді.

 

 

Дата публикации
30 апреля 2025