№ 9/НҚ от 08.01.2025
«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы
11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде:
2-бөлімнің:
мынадай мазмұндағы 21-реттік нөмірлі жаңа жолмен толықтырылсын:
«
21. |
«Қазақстан ГАЖ орталығы» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Нұра ауданы, Комсомольский тұрғын үй алабы, Домалақ Ана көшесі, 11 үй, 1 ТҰҮ |
әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы |
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 11-2) тармақшасы
|
»;
мынадай мазмұндағы 22-реттік нөмірлі жаңа жолмен толықтырылсын:
«
22. |
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 29/1, 13б |
білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулердің жүргізілуін үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындауды, сондай-ақ «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, қолдап отыруды, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, оны интеграциялауды және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға |
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7) тармақшасы |
».
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |