Білімді ұрпақ – ел болашағы

Білімді ұрпақ – ел болашағы

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі, білімді ұрпағына байланысты. Биылғы «2022 жыл – Балалар жылы» аясында Іле ауданы бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы IX аудандық слеті 2022 жылдың 11 мамыр күні өткізілді.
Жас ұлан ұйымы өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат етіп келеді.
Слетқа Іле аудан мектептерінен 208 жас ұлан ұйымы мүшелері мен ұлан басылары қатысты. Слет барысында 1 сынып үздік білім алушылары жас қыран ұйымына ант қабылдау рәсімі өтті. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша жыл бойы мектеп өміріне белсене қатысып, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген мектептер марапатталды. Екінші бөлімі Жас Ұлан ұйымының «Балалар жылына арналған» шағын концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.