Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған бағыттарының тізбесі
|
№ |
Заңның 5-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың бағыты |
Проблеманың қысқаша сипаттамасы |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Грант түрі және грантты іске асыру мерзімі |
Грантты іске асыру аумағы (осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес) |
Нысаналы индикатор және күтілетін нәтижелер
|
Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар (ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді) |
|
1. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
«Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысында жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту |
Қазіргі уақытта Жетіс облысындағы жағдай еріктілік қызметі үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенін көрсетеді, алайда нақты көрсеткіштер аймақтың мүмкіндіктеріне сай емес. Мысалы, Ұлттық еріктілер желісінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 240 000-нан астам адам еріктілік қозғалысына тартылған, ал Жетісу облысында аймақтық фронт-офистердің деректері бойынша белсенді еріктілер базасы кейбір қалаларда небәрі 200-600 адамды құрайды. Әсіресе, жастардың төмен қатысу мәселесі өзекті – алдын ала бағалаулар бойынша, өңірдегі жастардың 20%-дан азы ғана еріктілік бастамаларға қатысады. Біріңғай орталықтандырылған фронт-офистің болмауы еріктілер бастамаларының шашыраңқылығына, қызметті жеткілікті деңгейде жүйелеудің жоқтығына және әртүрлі еріктілік ұйымдары арасындағы әлсіз үйлестіруге әкеліп соғады. Нәтижесінде, оқыту, әлеуметтік көмек және экологиялық акцияларды өткізу саны мен ауқымы республика бойынша орташа көрсеткіштерден 30-40%-ға төмен. Бұл сандар еріктілік қызметін үйлестіру мен қолдауға арналған тиімді инфрақұрылымды құрудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай, «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысындағы жастар еріктілік қозғалысын дамыту жобасының негізгі мақсаты – осы инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады. |
2026 жылға – 10 000 мың тг.
|
1 қысқа мерзімді грант |
Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласы |
Нысаналы индикатор:
Күтілетін нәтижелер:
|
|
|
2. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
«Жайдарман» ойындары бойынша ашық чемпионат пен арнайы жоба – «Жетісу облысы әкімінің Кубогы – 2026» ұйымдастыру және өткізу |
Жетісу өңірінде жастардың «Жайдарманға» деген қызығушылығы жоғары болғанымен, бұл формат жеткілікті деңгейде дамымаған. Мектептерде 10-нан аз, колледждерде шамамен 5, ал жоғары оқу орындарында 2–3 ғана команда жұмыс істейді. Республикалық деңгейде қатысу мүмкіндігі шектеулі – соңғы жылдары 1–2 команда ғана ұсынылған. Қаржыландыру да негізгі мәселелердің бірі болып отыр: тек 25–30% ұжым ғана жеткілікті қолдауға ие. Өңірде «Жайдарманның» дамуын қамтамасыз ету үшін қатысушылар санын көбейту, оқыту бағдарламаларын енгізу және демеушілер тарту. қажет. Бұл жастардың шығармашылық бастамаларын дамытып, өңірдегі мәдени ортаның нығаюына ықпал етеді.
|
2026 жылға - 10 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Жетісу облысы |
Нысаналы индикатор
2. Қатысушылар мен көрермендердің қанағаттану деңгейі – кемінде 70% (сауалнама нәтижелері бойынша). Күтілетін нәтижелер 1. Жетісу облысының ашық «Жайдарман» чемпионатының (кемінде 30 команда қатысу) кемінде 4 ойын өткізу. Жеңімпаздар келесі жүлде қоры бойынша марапатталады: (1 орын – 300 000 теңге, 2 орын – 200 000 теңге, 3 орын – 100 000 теңге Үздік ойыншы – 50 000 теңге) |
|
|
3. |
Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау |
Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу |
Жастар арасындағы есірткі таралуы – өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнетін күрделі әлеуметтік мәселе. Жетісу өңірінде және Қазақстан бойынша синтетикалық есірткі қолданудың артуы байқалады. Бұл заттардың интернет пен мессенджерлер арқылы оңай қолжетімді болуы олардың заңсыз таралуын жеңілдетуде. Негізгі мәселелер: Синтетикалық есірткінің танымалдығының артуы – жастардың бұл заттардың зардаптары мен заңдық жауапкершілігі туралы ақпараттың аздығы, сондай-ақ цифрлық технологияларды есірткі саудасына пайдалану. Алдын алу шараларының жеткіліксіздігі – мамандандырылған орталықтардың аздығы, жүйелі білім беру бағдарламаларының болмауы және білікті мамандар тапшылығы. Қоғамның әлсіз қатысуы – ата-аналар мен мұғалімдер қауіптерді анықтау жолдарын білмейді, ал мектептердің, медицина мамандарының және құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігі әлсіз. Есірткіні интернет арқылы тарату – граффити мен әлеуметтік желілердегі жарнама, есірткі сататын сайттардың көбеюі, жастардың киберқауіпсіздік деңгейінің төмендігі. Реабилитацияның жеткіліксіздігі – медициналық және психологиялық көмектің шектеулі болуы, нашақорлықтың стигматизациясы, сондай-ақ қайта әлеуметтендіру бағдарламаларының жоқтығы. Жобаның мақсаты: Жастар арасында нашақорлықтың алдын алудың кешенді жүйесін қалыптастыру, қауіпсіз ортаны құру, ата-аналарды, педагогтарды және қоғамды белсенді түрде тарту, сондай-ақ интернеттегі есірткі насихатына тосқауыл қою. |
2026 жылға – 9 000 мың тг.
|
1 қысқа мерзімді грант |
Жетісу облысы |
Нысаналы индикатор:
- Тікелей қамту – кемінде 1 000 адам; - Ақпараттық қамту (өңірдегі ақпараттық портал) – кемінде 200 000 қаралым.
Күтілетін нәтижелер: 8. Жастарды нашақорлықтың алдын алу әдістеріне үйрету және оларды ағартушылық іс-шараларға тарту арқылы антинаркотикалық еріктілік қозғалысын дамыту.
9. Есірткінің зияны мен тарату заңдылығы туралы кемінде 5 бейнеролик дайындау және тарату (кемінде 300 000 қаралым жинау) (Тапсырыс берушімен келісім бойынша). 10. Медицина мамандары, заңгерлер және полиция қызметкерлерінің қатысуымен нашақорлықтың салдары мен алдын алу шараларын талқылау бойынша Instagram/TikTok платформаларында 50 тікелей эфир өткізу.
|
|
|
4. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту |
Жетісудағы студенттік өзін-өзі басқару үлкен әлеуетке ие, бірақ оны жүйелі түрде дамыту қажет. Университеттер мен колледждердегі кеңестер көбінесе мәдени және спорттық іс-шараларға назар аударады, дегенмен олар білім беру ортасына және студенттердің құқықтарына белсендірек әсер ете алады. Негізгі мәселелер – жастардың төмен қатысуы, нақты ережелердің болмауы және басқарушылық дағдылардың жеткіліксіздігі. Лидерлік қасиеттерді дамыту, студенттерді жобалық менеджментке үйрету және оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату маңызды. Студенттік өзін-өзі басқару желісін құру жастар қауымдастығын нығайтуға және студенттердің университеттер мен колледждердің өміріне ықпалын арттыруға көмектеседі. |
2026 жылға – 10 000 мың тг.
|
1 қысқа мерзімді грант |
Жетісу облысының 8 аудан мен 2 қала |
Нысаналы индикаторлар: 1. Жетісу облысында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту шараларына кемінде 1000 студентті 2. Жоба қатысушыларының қанағаттану деңгейі – кемінде 70% (сауалнама нәтижелері бойынша). Күтілетін нәтижелер: 1. Жетісу облысындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттік кеңестерінің жұмысын үйлестіру және студенттік кеңестерге консультативтік және ұйымдастырушылық көмек көрсету.
|
|
|
5. |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу |
Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету |
Жетісу өңірінде жастардың отбасылық құндылықтарға, ұлттық мәдениетке және дәстүрлерге деген қызығушылығының төмендеуі байқалады. Отбасының ықпалының әлсіреуі, урбанизация және цифрландыру моральдық нормалар мен мәдени мұраны беруді шектейді. Ұрпақтар арасындағы алшақтық жастар мен аға буынның өзара әрекеттесуін азайтып, ұлттық бірегейлікті сезінуді төмендетеді. Жоба отбасылық негіздерді нығайтуға, дәстүрлерді дәріптеуге және ұрпақтар арасындағы диалогқа арналған алаң құруға бағытталған, бұл тарихқа, мәдениетке және отбасылық құндылықтарға құрметпен қарауға ықпал етеді. |
2026 жылға - 11 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Жетісу облысының 8 аудан мен 2 қала |
Нысаналы индикатор: 1. Жоба аясында тікелей қамтылатын адамдар саны – кемінде 2 000 адам. 2. Жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейі – кемінде 70% (сауалнама нәтижелері бойынша). Күтілетін нәтижелер: 1. Жетісу облысының мектептері мен колледждерінде кемінде 100 дәріс өткізу, тақырыптары: - Отбасылық дәстүрлер және олардың маңызы. - Ата-аналар мен аға буынның жастар тәрбиесіндегі рөлі. - Отбасылық құндылықтар арқылы ұлттық бірегейлікті нығайту. 2. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласында кемінде 3 отбасылық іс-шара өткізу (мысалы, отбасылық спорттық ойындар, ата-аналар мен балаларға арналған бірлескен шеберлік сабақтары). 3. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласында мектептер мен колледждерде «Билер кеңесі», «Аналар кеңесі», «Әжелер кеңесі» өкілдерінің қатысуымен кемінде 3 буындар кездесуі ұйымдастыру, жастарға өмірлік тәжірибе, білім мен дәстүрлерді жеткізу.
- «Дана ене – дара келін»; - «Асқар тау әке – зерек бала». Байқауға Жетісу облысының 2 қаласы мен 8 ауданынан кемінде 10 команда қатысады. Жеңімпаздар келесі жүлде қоры бойынша марапатталады: - 1 орын – 500 000 теңге - 2 орын – 300 000 теңге - 3 орын – 150 000 теңге - Арнайы жүлде – 100 000 теңге
8.Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған кемінде 2 бейнеролик әзірлеу және тарату, кемінде 200 000 қаралымға қол жеткізу (Тапсырыс берушімен келісім бойынша). |
|
|
6. |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу |
Әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін арттыру және дамыту |
Жетісу өңірінде әйелдер аймақтың дамуына маңызды үлес қосады, алайда кәсіпкерлік, басқару және қоғамдық қызмет салаларында түрлі кедергілерге тап болады. Қаржылық және құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіздігі олардың бизнес жүргізу және құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін шектейді. Көшбасшылық дағдыларының жетіспеушілігі мансаптық өсу мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды тежейді. Жоба әйелдердің қаржылық, құқықтық және көшбасшылық сауаттылығын дамытуға бағытталған, бұл олардың ресурстарды тиімді басқаруына, әлеуетін жүзеге асыруына және экономика мен қоғамның белсенді мүшесі болуына мүмкіндік береді. |
2026 жылға - 9 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Жетісу облысының 8 аудан мен 2 қала |
Нысаналы индикатор: 1.Жетісу облысының кемінде 500 әйелдері мен қыздарын қаржылық, құқықтық сауаттылық және көшбасшылық бойынша іс-шараларға тарту. 2.Жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейі – кемінде 70% (сауалнама нәтижелері бойынша). Күтілетін нәтижелер: 5.Әйелдер көшбасшылығы және кәсіпкерлігі мәселелері бойынша конференция ұйымдастыру.
– 1-орын – 300 000 теңге, – 2-орын – 200 000 теңге, – 3-орын – 100 000 теңге.
|
|
|
7. |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу |
Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу және әкелерді бала тәрбиесі процесіне белсенді қатыстыру |
Жетісу өңірінде, жалпы Қазақстан бойынша, әкелердің бала тәрбиесіне араласу деңгейі төмендеп келеді. Бұл отбасылық байланыстарды әлсіретіп, ұл балаларды жауапты ер азамат ретінде қалыптастыруда үлгі болу мүмкіндігін шектейді. Әкенің рөлі көбінесе тек қаржылық қамтамасыз етумен шектеліп, тәрбиедегі белсенді қатысуы мардымсыз болып отыр. Бұл жағдай көшбасшылық қасиеттердің дамуына, әлеуметтік жауапкершілікке және отбасылық құндылықтарға деген құрметтің қалыптасуына әсер етеді. Жоба жауапты әке болу мәдениетін дамытуға, ер азаматтардың бала тәрбиесіндегі рөлін нығайтуға және ұл балалардың отбасылық құндылықтар мен ата-ана болу жауапкершілігін түсінуіне бағытталған. |
2026 жылға - 8 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Жетісу облысының 8 аудан мен 2 қала |
Нысаналы индикатор: Күтілетін нәтижелер:
-Ұл балаларды тәрбиелеудегі заманауи сын-қатерлер. -Жауапты әке болу: әкенің құқықтары мен міндеттері. -Балаларда отбасылық құндылықтарды қалыптастыру. - Әкелердің мектеп өміріне араласу тәсілдері. 2. Жетісу облысының әр 8 ауданы мен 2 қаласында әке мен баланың қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған кемінде 3 спорттық іс-шара ұйымдастыру. 4. Әкенің отбасындағы рөлі туралы кемінде 3 бейнеролик дайындап, Әке күніне орай тарату (Тапсырыс берушімен келісім бойынша).
6. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласынан кемінде 500 адамның қатысуымен өңірлік Әкелер форумын өткізу, үздік әкелерді диплом дармен, алғыс хаттармен, ақшалай сертификаттармен, сыйлықтармен немесе т.б. марапаттау |
|
|
8. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Ауыл және жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру мен кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету шараларын ұйымдастыру |
Жетісу облысы – ауыл шаруашылығы, туризм, шағын бизнес және өңірлік бастамалар қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Облыста жастар саны жоғары және олардың ішіндегі ауылдық елді мекендерде тұратын жас буын өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығы да жыл сайын артып келеді, алайда бұл бағытта қосымша қолдау мен бағыт-бағдар беру қажеттілігі байқалады. Ауылдық жерлерде жастардың ақпаратқа, оқыту мүмкіндіктеріне, жаңа дағдыларды меңгеруге және кәсіпкерлікті бастауға қатысты практикалық кеңестерге қолжетімділігін кеңейту өңір үшін маңызды мүмкіндіктердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, бизнес-жоспарлау, менторлық сүйемелдеу, қаржылық сауаттылық және стартап бастамаларға қолдау көрсету жастардың өз әлеуетін ашуына ықпал етеді. Жетісу облысының ауыл жастары арасында бастамашыл, идеясы бар және кәсіпкерлікке қызығушылық танытатын жас азаматтар көп. Сол жастарды біріктіріп, оқытып, кәсіпкерлікке ынталандырып, гранттық қолдау арқылы нақты нәтижеге жеткізу – өңірдің тұрақты дамуына оң әсер етеді. Кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, ауыл экономикасының жандануына және жастардың өз ауылында дамуына жағдай жасайды. Осыған байланысты жоба ауыл және жұмыссыз жастардың әлеуметтенуін күшейтуді, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды және олардың өз кәсібін бастауына қажетті құралдар мен ресурстарды ұсынуды мақсат етеді. Жоба облыс жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына, белсенділік танытуына және экономикалық дербестікке қол жеткізуіне жағдай жасайды. |
2026 жылға – 38 000 мың тг.2027 жылға – 38 000 мың тг.2028 жылға – 38 000 мың тг.
|
1 ұзақ мерзімді грант |
Жетісу облысы |
Нысаналы индикатор (жыл сайын): Күтілетін нәтижелер (жыл сайын):
2.Стартап идеялар жәрмеңкесі/питчинг сессиялары - 5 рет өткізіледі, 100 қатысушы бизнес жоспар жасайды және оларға психологиялық, менторлық қолдау көрсетіледі.
|
Жиһазбен бірге кемінде 30 ш.м кеңсе немесе жалға алынған үй-жайдың болуы; компьютерлер кемінде 3 дана, ақ-қара принтер 1 дана, фотокамера 1 дана, бейнекамера 1 дана |
|
9. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Жетісудың көшбасшы жастарын қолдау, белсенділігін арттыру және қоғамдық-мәдени шараларға тарту |
Жетісу облысы – мәдениеті бай, әлеуметтік белсенділігі жоғары өңірлердің бірі. Соңғы жылдары аймақта жастардың азаматтық позициясы, көшбасшылық қабілеті және қоғамдық өмірге қатысу деңгейі өсіп келеді. Дегенмен, облыс жастарының әлеуетін толық ашу үшін олардың бастамаларын қолдайтын, шығармашылық және қоғамдық белсенділікті дамытуға мүмкіндік беретін орталар мен бағдарламаларды кеңейту қажет. Облыста әртүрлі салаларда белсенділік танытып жүрген талантты, бастамашыл және көшбасшылық қасиеттері бар жастар көп. Бұл жастар өз идеяларын жүзеге асыруға, өңірдің қоғамдық-мәдени дамуына үлес қосуға ынталы. Алайда олардың әлеуетін жүйелі түрде қолдап, көшбасшылық дағдыларын дамытуға, өңірлік және республикалық деңгейдегі жобаларға тартуға бағытталған бағдарламалар жеткілікті деңгейде біріктірілмеген. Жетісудың белсенді жастарын дамыту – өңірдің әлеуметтік өмірін жаңғыртуға, қоғамдық-мәдени үрдістерді күшейтуге және жастардың өз қауымдастығында позитивті өзгерістер жасауына мүмкіндік береді. Жастардың бастамаларын қолдау, оларды қоғамдық іс-шараларға, мәдени жобаларға және еріктілік қызметтеріне тарту – олардың өз қабілеттерін дамытуына, жаңа дағдыларды меңгеруіне және өңірлік көшбасшылар қатарын қалыптастыруға жағдай жасайды. Осыған орай жоба Жетісу облысының көшбасшы жастарын анықтап, қолдауды, олардың белсенділігін арттыруды және қоғамдық-мәдени өмірге кеңінен тартуды мақсат етеді. Жоба жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады, олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырады және аймақтың тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған жаңа буынды қалыптастырады. |
2026 жылға - 12 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Жетісу облысы |
Нысаналы индикатор:
2.Жобаға қатысқан жастардың кемінде 70%-ында көшбасшылық, әлеуметтік белсенділік және soft skills бойынша оң өзгерістер тіркеледі (сауалнама нәтижелері арқылы). Күтілетін нәтижелер: 1.Көшбасшылық, әлеуметтік белсенділік және soft skills бағытында кемінде 250 жасты оқыту. 2.Аудан, қала және облыс деңгейіндегі қоғамдық-мәдени іс-шараларға кемінде 1 000 жас тарту. 3. Халықаралық жастар күні аясында кемінде Әртүрлі салада танылған немесе әлеуеті жоғары кемінде 30 жаңа есімді анықтап, оларды облыс деңгейінде таныстыру және 10 белсенді жасқа сыйақы табыстау 4. Кемінде 100 жастар жобасы («Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» және т.б. тақырыптарды) іске асырылып, «Жетістіктер аллеясы» немесе көрмелер арқылы жетістік жұмыстары таныстырылады 5. Халықаралық жастар күні аясында «Көшбасшы» форумын өткізу, оның шеңберінде кемінде 15 жеңімпаз марапатталып, әрқайсысына кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табысталады (Тапсырыс берушімен келісім бойынша) 7. Кемінде 2 бейнеролик әзірлеу және тарату, кемінде 200 000 қаралымға қол жеткізу (Тапсырыс берушімен келісім бойынша). |
|
|
10. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту шаралары |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдама елдегі экологиялық сананы арттырудың жүйелі бағытын айқындап, қоғамның барлық тобының экология саласындағы бастамаларын қолдауды көздейді. Оның ішінде жастардың белсенді қатысуы негізгі басымдықтардың бірі ретінде көрсетілген. Президент өз сөздерінде жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталып, олардың табиғатты қорғау ісіне қатысуы елдің тұрақты дамуы мен жасыл болашағына тікелей ықпал ететінін атап өтеді. Жетісу облысында экологиялық мәдениетті көтеруге бағытталған қоғамдық бастамалар мен ағартушылық іс-шаралар біртіндеп кеңейіп келеді. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының қабылдануы өңірде жастардың экологиялық жобаларға қатысуын күшейтуге, еріктілік бастамаларын қолдауға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін нығайтуға қосымша мүмкіндік береді. Жастардың атсалысуы өңірдің экологиялық тұрақтылығын арттыруға, жаңа экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және қоғамда экологиялық сананы кеңінен таратуға ықпал ететін маңызды фактор ретінде қарастырылады. |
2026 жылға – 87 095 мың тг.2027 жылға – 87 095 мың тг.2028 жылға – 87 095 мың тг. |
1 ұзақ мерзімді грант |
Жетісу облысының 8 аудан мен 2 қала |
Нысаналы индикатор (жыл сайын):
Күтілетін нәтижелер (жыл сайын):
2. Жетісу облысының 8 аудан мен 2 қалада кемінде 10 000 жасты экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған кемінде 100 іс-шараларға қатыстыру (экоакциялар, тренингтер, кездесулер, оқытулар, челлендждер, тб) 8. Жастардың экологиялық жобаларға қатысуы арқылы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының 2024–2029 жылдарға арналған мақсаттарына өңірлік деңгейде нақты үлес қосу бойынша талдау дайындау.
|
Жиһазбен бірге кемінде 30 ш.м кеңсе немесе жалға алынған үй-жайдың болуы; компьютерлер кемінде 3 дана, ақ-қара принтер 1 дана, фотокамера 1 дана, бейнекамера 1 дана |
|
2026 жылға барлығы |
204 095 000 мың тг. |
|||||||
|
2027 жылға барлығы |
125 095 000 мың тг. |
|||||||
|
2028 жылға барлығы |
125 095 000 мың тг. |
|||||||
|
Барлығы: |
454 285 000 |
|||||||