Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

Үкіметтік емес ұйымдар үшін

2024 жылға арналған мемлекеттік

гранттардың басым бағыттарының

тізбесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
  2. Басқарманың ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Басқарманың интернет-ресурсында тізбені орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Басқарманың саяси партиялар және ҮЕҰ-мен жұмыс жөніндегі бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары Е.Қ. Сапаровқа жүктелсін.
  5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Басқарма басшысы                                                            Б. Абибеков

 

Дата публикации
06 марта 2024