БҰЙРЫҚ

2023 жылға үкіметтік емес

ұйымдарына арналған

мемлекеттік гранттардың

басым бағыттары туралы

Тізбені бекіту

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің                            26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қосымша тіркеліп отырған үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
  2. Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыру, қаржылық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбені Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етілсін.
  3. Қоғамдық даму басқармасының жастар саясаты және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етілсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Е. Сапаровқа жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізілсін.

 

 

Басқарма басшысы                                                                  А. Башбаев

Дата публикации
23 мая 2023