Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды

Барлығы: 193 бос орын.
Жоғарғы Сот судьясының бос орыны - 4;
облыстық соттың сот алқасы төрағасының бос орыны - 1;
облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары -24;
аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағаларының бос орындары - 40;
аудандық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары - 124.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі:

- 29-бабының 5-тармағында – Жоғарғы Сот судьялар үшін;
- 30-бабының 4-тармағында - аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағалары мен облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары үшін;
- 29-бабының 4-тармағында - облыстық және оған теңестiрiлген соттардың судьялар үшін;
- 29-бабының 1-тармағында - аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялар үшін.
Конституциялық заңының мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132 

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі:
1) Судья лауазымдарына алғаш рет және қайта түсетін адамдар үшін (өту);
2) Жұмыс істейтін судьялар үшін (өту).

Құжаттарды тапсыру кезінде кандидаттардың құжаттарының электрондық көшірмелерін (енгізілетін құжаттардың сканерленген нұсқалары) электрондық жеткізгіште (диск, флеш-карта) қоса беру қажет.
Құжаттарды тапсырмас бұрын жиі қойылатын сұрақтармен танысыңыз (өту).

Барлық ұсынылған құжаттар өзекті ақпараттан тұруы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс. Құжаттар кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуы тиіс.

Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кері қайтарылады.
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды бергеннен кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жаза алу, лауазымның өзгеруі, өзі немесе жақын туысқандары қылмыстық жауапкершілікке тартылу және т.б.) ұсынуы тиіс.

Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2023 жылдың 9 наурызды қоса алғанда келесі мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, кіреберіс №1В, Жоғары Сот Кеңесі.

Қосымша мәліметтер
Конкурстың қорытындысы туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).
Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09, 74-95-42, 74-96-47.
WhatsApp и Telegram нөмірлері 8 777 031 68 91.

Сілтеме бойынша бос орындар тізімі (өту).