Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады: судьялық лауазымдарға алғаш рет және жаңадан түскен адамдар үшін

Құжат

Ескертпе

  1.  

Өтініш ( үміткердің сауалнамасы)

    Кеңес Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес толтырылады.

Кеңеске үміткердің қолы қойылған, қағазға басылған сауалнамасы тапсырылады.

  1.  

Қолданыстағы жеке куәліктің көшірмесі

 

  1.  

Дипломның көшірмесі

арнаулы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және оған қосымша туралы

Нотариалды куәландырылады.

  1.  

Өзекті еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген еңбек қызметін растайтын құжаттар)

Жұмыс орны бойынша нотариалды немесе кадр қызметімен куәландырылған еңбек кітапшасының күні көрсетілген көшірмесі ұсынылады.

Еңбек кітапшасында соңғы немесе ағымдағы жұмыс орны көрсетілуі керек.

Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық емес көлемде енгізілетін қызметкерлер үшін (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрынғы қызметкерлер үшін еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы растаған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі растаған нақты лауазымдары көрсетілген анықтаманы ұсыну қажет.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер ұсынады.

  1.  

Белгіленген үлгідегі денсаулық туралы анықтама

 

  1.  

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалар

Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша.

  1.  

Тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы

Теріс қорытынды берілген кезде теріс шешім қабылдау себептері көрсетіледі.

Бұрын судьялық лауазымды атқарған адамдар судья лауазымындағы соңғы жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысын ұсынады.

Қорытынды берілген сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

  1.  

Тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы

Бұрын судья қызметін атқарған адам осы судья қызметтегі соңғы жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын ұсынады.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

  1.  

Кандидат үміттенген облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысы

Облыстық және оған теңестірілген сотқа үміткерлер үшін.

Кандидат үміткер болып табылатын облыстық және оған теңестірілген сотта алынады.

Қорытынды берілген сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

  1.  

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы

Жоғарғы Сот судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттары үшін.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

Бұрын судья қызметін атқарған кандидаттар үшін қосымша

  1.  

Жұмыс көрсеткіштері туралы анықтама

Соңғы толық үш жыл ішінде судья болған кездегі мәліметтер ұсынылады.

Үміткер әлеуметтік демалыста болған жағдайда нақты судья қызметін атқарған үш жылдары бойынша мәліметтер ұсынылады.

Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы, күні қойылып, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.

Егер кандидаттың іс-әрекетіне жоғары тұрған сот сатыларындағы шағымдар, ескертулер-хаттар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір өтініш бойынша фабуланы және қарау нәтижесін (өтініш авторларының дәлелдерінің расталғанын міндетті түрде көрсете отырып), егжей-тегжейлі Кеңес Регламенттің 3-1 қосымшасына сәйкес көрсету қажет.

Судьяның күші жойылған және (немесе) өзгертілген актілері болған жағдайда, қаралған істің қысқаша фабуласын, актінің күшін жою және (немесе) өзгертудің себептері мен негіздерін қамтитын ақпарат ұсынылады (талдамалық анықтама).

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген сот актілерінің күшін жою/өзгерту туралы жоғары тұрған сот сатыларының қаулылары және ұйғарымдарының көшірмелері (пайдалануы шектеулі ақпаратты көздейтін актілерді қоспағанда) электронды түрде жазылып жолданады.

  1.  

1) Тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы;

2) судьяға қатысты  келіп түскен шағымдар туралы;

3) жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары туралы

Дата публикации
08 февраля 2023
Дата обновления
08 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

04 мая 2024
Кадр резерві жөніндегі комиссияның 2024 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен кадр резервінен шығарылған адамдардың тізімі
05 апреля 2024
Компьютерлік тестілеуді тапсыру туралы ақпарат
05 апреля 2024
Компьютерлік тестілеуге жіберілген адамдардың тізімі

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары