Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады: жұмыс істеп жүрген судьялар

Құжат

Ескертпе

  1.  

Өтініш

Кеңес Төрағасының атына жазылады, өтініш берушінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіліп, баспа түрде жазылады, қолы мен күні қойылады.

Өтініште нақты қандай судьялық бос лауазымға орналасқысы келетінін және тиісті аймақтың сот атауын көрсетуі қажет.

  1.  

Кандидаттың сауалнамасы

Кеңес Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес толтырылады.

Кеңеске үміткердің қолы қойылған, қағазға басылған сауалнамасы тапсырылады.

  1.  

Тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы

Теріс қорытынды берілген кезде теріс шешім қабылдау себептері көрсетіледі.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

  1.  

Тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы

Жоғарғы Сот судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттың сот алқасы төрағасының лауазымдарына конкурсқа қатысушыларына қажет емес.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

 

  1.  

Жұмысының көрсеткіштері туралы анықтама

Соңғы толық үш жыл ішіндегі (2020-2022 жылдар) мәліметтер ұсынылады.

Үміткер әлеуметтік демалыста болған жағдайда нақты судья қызметін атқарған толық үш жыл бойынша мәліметтер ұсынылады.

Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы, күні қойылып, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.

Егер кандидаттың іс-әрекетіне жоғары тұрған сот сатыларындағы шағымдар, ескертулер-хаттар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір өтініш бойынша фабуланы және қарау нәтижесін (өтініш авторларының дәлелдерінің расталғанын міндетті түрде көрсете отырып), егжей-тегжейлі Кеңес Регламенттің 3-1 қосымшасына сәйкес көрсету қажет.

Судьяның күші жойылған және (немесе) өзгертілген актілері болған жағдайда, қаралған істің қысқаша фабуласын, актінің күшін жою және (немесе) өзгертудің себептері мен негіздерін қамтитын ақпарат ұсынылады (талдамалық анықтама).

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген сот актілерінің күшін жою/өзгерту туралы жоғары тұрған сот сатыларының қаулылары және ұйғарымдарының көшірмелері (пайдалануы шектеулі ақпаратты көздейтін актілерді қоспағанда) электронды түрде жазылып жолданады.

  1.  

1) Тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы;

2) судьяға қатысты  келіп түскен шағымдар туралы;

3) жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары туралы

  1.  

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы

Жоғарғы Сот судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттар үшін.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

  1.  

Кандидат үміттенген облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысы

Облыстық және оған теңестірілген соттардың судья лауазымдарына үміткерлер үшін ғана.

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

 

  1.  

Сот жүйесінде сот төрелігін атқаруға байланысты емес қызметке қатысуы туралы ақпарат

Оқу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, судьялар одағы, оның филиалдары мен судьялар әдебі жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу және т.б.

 

Дата публикации
08 февраля 2023
Дата обновления
08 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

05 мая 2025
Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының, облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, сот алқаларының төрағалары мен судьясының, Жоғарғы Сот судьясы мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резерві
05 мая 2025
Жоғары тұрған және басшылық судьялық лауазымдарға кадр резервінен шығарылған адамдардың тізімі
17 апреля 2025
Қосымша ақпарат

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы