2024 жылы Катонқарағай ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен оны бақылауға қатысты бірнеше маңызды шаралар атқарылды. Ауданның мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде «Электрондық үкімет» порталының қолданысы артып, бұл сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етті. Осыған байланысты аудан бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 5343-ті құрады, оның ішінде 5218 физикалық тұлғаларға, ал 125 заңды тұлғаларға көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:
Альтернативті негізде қағаз нысанында канцелярия арқылы көрсетілген қызметтер: 924 қызмет.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер: 386 қызмет.
Электронды түрде көрсетілген қызметтер: 3964 қызмет.
Электронды үкімет веб-порталы арқылы: 3297 қызмет.
Е-лицензиялау ГБД арқылы: 505 қызмет.
Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы: 187 қызмет.
Электронды қызметтердің санының жоғары болуын ескере отырып, ауданның әкімдігі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің электрондық форматына баса назар аударып, осы бағыттағы шараларды жетілдіріп отыр.
Ішкі мемлекеттік бақылау: 2024 жылы ауданның әкімдігінде Ішкі мемлекеттік бақылау қызметі құрылып, осы қызмет арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына бақылау жүргізілді. Бақылау нәтижесінде 9 іс-шара өткізілді, оның барысында 15 ұсыным әзірленіп, барлық ұсынымдар орындалды. Бақылаудың басты бағыты заңнамалық талаптардың орындалуына қатысты бұзушылықтарды анықтау болды, оның ішінде есепті деректердің алшақтығы, ақпараттық стендтердің болмауы, біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеу және басқа да мәселелер болды.
2024 жылы Катонқарағай ауданында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасы толық сақталды және жергілікті атқарушы органдарға қатысты мемлекеттік қызметтер туралы заңның талаптарына сәйкес бақылау мен шаралар жүзеге асырылды. Заңнама талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау қызметі жүйелі түрде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеп, азаматтардың шағымдарын ескере отырып, басқарушылық шешімдер қабылдады.
Осы шаралар нәтижесінде ауданның мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі сапалы әрі тиімді жұмыс істеп, халықтың мемлекеттік қызметтерге деген сенімін арттырды.
31.03.2025
Асанова Жансая Ертайқызы – 1991 жылы 29-шы сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жұлдыз ауылында дүниеге келген.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Мекеменің қызметінің негізі жастар бастамаларына қолдау көрсетуді, жастар арасындағы жағдайды мониторингтеу мен талдауды және ақпараттық – әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырып, Катонқарағай ауданы және оның туристік жағдайы бойынша ақпараттардың құрылуын, таратылуын, туристік өнімдердің халықаралық туристік нарықты және еліміз ішінде таралуын қамтамасыз ететін, туристік қызмет саласындағы жаңа бизнес субъектілерін дамыту үшін жағдайлармен, ғылыми-әдістемелік қолдау жасайтын мекеме болып табылады.
Мекеме:
Жұмыс жасау тәртібі: 9.00 – 18.30.
Үзіліс 13.00 до 14.30
Мекен жайы:
070908 Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы,
Катонқарағай ауылы
Жанпеисова 19/1 көшесі
Е-mail: Qaton_zhastary@mail.kz
Телефон.: 8 7083038553
Ракижаева Бакыт Кадашовна, тілдер орталығы директорының м.а.– 1976 жылы 10-ші сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қызыл-Жұлдыз ауылында дүниеге келген.
Білімі:Арнайы-орта
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Мекеменің қызметінің негізгі мақсаты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын, тілдерді дамыту мен қолданудың өңірлік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік тілді және басқа тілдерді ересек тұрғындарға оқыту болып табылады.
Мекеме:
1) мемлекеттік стандарттар мен мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік сала қызметкерлеріне, тұрғындардың басқа да топтарына мемлекеттік тіл, ағылшын тілі, орыс тілдерін оқыту қызметін жүзеге асырады;
2) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық жағдайларды қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін кеңейту және дамытуға арналған іс-шараларды (байқау, фестиваль, форум, семинар және т.б) ұйымдастырады және өткізеді;
4) мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерінде аударма жасау қызметін жүргізеді;
5) мемлекеттік тілді оқыту жөнінде әдістемелік ұсынымдар мен оқу құралдарын әзірлейді, таратады;
Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығының негізгі көрсеткіштері:
2016 жылдан бастап Катонқарағай ауданының тілдер орталығында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін ересек тұрғындарға оқытатын курстар жүргізіліп келеді. Курс тыңдаушыларының басым бөлігі бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер.
2016-2017 оқу жылында қазақ тілі курсын 48, 2017 – 2018 жылы 48, 2018-2019 жылы 68, 2019-2020 жылы 65, 2020-2021 жылы 96, 2021-2022 жылы 97, 2022-2023 жылы 91, биылғы жылы 95 тыңдаушы оқып шықты. Қазақ тілі курсы орталықтан тыс Достық үйінің этнос өкілдерімен «Кел, сөйлесейік» клубы шеңберінде де жүргізіледі.
2019-2020 оқу жылында латын негізді қазақ тілі әліпбиі курсында 38 тыңдаушы оқып шықты.
2016-2017 оқу жылында орыс тілі курсын 20, 2017 – 2018 жылы 36, 2018-2019 жылы 36, 2019-2020 жылы 24, 2022-2023 жылы 11, биылғы жылы 11 тыңдаушы оқып шықты.
2016-2017 оқу жылында ағылшын тілі курсын 48, 2017 – 2018 жылы 55, 2018-2019 жылы 50, 2019-2020 жылы 54, 2020-2021 жылы 48, 2021-2022 жылы 49/49, 2022-2023 жылы 43, биылғы жылы 35 тыңдаушы оқып шықты.
Жыл сайын жоспарға сәйкес жерлес жазушылар Оралхан Бөкей, Дидахмет Әшімханұлы, Әлібек Асқаровтың шығармашылығына арналған конкурстар, мерекелік іс-шаралар жүргізіледі. Сол секілді басқа да танымал тұлғалардың шығармашылығына орай аудандық іс-шаралар өткізіледі. Аудан тұрғындары, орталық тыңдаушылары, аудан оқушылары арасында эссе жазу, викториналық сұрақтар, «Кім? Не? Қашан?» сынды байқаулар, ойындар, қашықтық олимпиадалар мен конкурстар жүргізіліп тұрады. Атаулы күндерге орай дөңгелек үстелдер, акциялар, пікірталас алаңы, инста сұхбаттар өткізіледі. Кәсіби мерекелерге орай сол мамандық иелерімен, мысалы, әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер, ұстаздар және т.б. дөңгелек үстел өткізу дәстүрге айналған. Өткізілген әр іс-шараның есебі орталықтың @tilder_ortalygy_u.naryn. инстаграм парақшасында жарияланып отырады.
Орталық оқытушылары өз біліктіліктерін арттыру үшін аудандық, облыстық, республикалық семинарларға, конкурстарға, курстарға қатысып отырады. Сол секілді орталық тыңдаушылары да орталық атынан облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жатыр.
Бұдан бөлек орталық аударма ісімен де айналысады. Орталық аудан әкімшілігінің сайтына арналған мақалаларды қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударады.
Жұмыс жасау тәртібі: 9.00 – 18.00.
Үзіліс 13.00 до 14.00
Мекен жайы:
070900 Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы,
Үлкен Нарын ауылы
Шулятикова 66 көшесі
Е-mail: tilder@mail.kz
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы 1929 жылы құрылған. 1997 жылы Большенарым ауданы аудан аумағына қосылды. Президент Жарлығымен №424 2023 жылғы 28 желтоқсандағы аудан орталығы Катонқарағай ауылына көшірілді. Үлкен Нарын аудан құрамынанан шығарылды.
Аудан аумағы – 940 777 га.
Әкімшілік аумағы. Аудан 7 ауылдық округтерден тұрады. Ауданда 27 елді мекендері бар. Әкімшілік орталығы – Катонқарағай ауылы, халық саны 3,7 мың тұрғынды 38,5 % аудан халқы құрайды.
Географиялық орны. Катонқарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан. Шекаралас аудандар Үлкен Нарын, Марқакөл және Күршім ауданы. Аудан Қытай, Ресей және Моңғолияның шекаралас аумағында орналасқан.
Инфрақұрылым:
Аудан облыс орталығымен республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай -Рахман қайнарлары" автомобиль жолымен байланысқан.
Көлік желісі республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдардан тұрады. Жалпы ұзындығы 414,6 км құрайды.
Республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 146 км аудандық маңызы бар 268,6 км құрайды, оның ішінде асфальтбетон– 40,3 км, қара– қиыршықтасты -5,1 км, қиыршықтасты-қиыршықтасты – 223,2 км, су өткізу құрылыстары 197, көпірлер 19. Жыл сайын 023 "Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша жолдарды қысқы және жазғы күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жаз мезгілінде ауданішілік жолдардағы шұңқырларды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Өңірдің әлеуметтік экономикасы:
Аудан экономикасы ауыл шаруашылығы және туристік бағытқа ие.
Ауданның табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, мал шаруашылығы (мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы, марал шаруашылығы және ара шаруашылығы) осы салаларды дамытуға қолайлы.
Өңірдің бірегей саласы марал шаруашылығы болып табылады. Ара шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлердің саны жыл сайын артып келеді.
Тиризм:
Ауданда емдеу-сауықтыру, экологиялық, ауылдық, әлеуметтік мәдени-танымдық және белсенді туризм сияқты туризм саласы белсенді дамып келеді.
Ауданда мәдени-танымдық туризм танымал, мұнда жыл сайын мыңдаған туристер тарихи және мәдени мұра нысандарын аралайды. Аудан аумағында тарихи қорғандар, петроглифтер мен ескерткіштер бар, олар біздің тарихымыздың куәгерлері.
Туристік қызығушылықтың негізгі орындары Мұзтау, Қындық таулары болып табылады Тас, Австрия жолы, Көккөл сарқырамасы, Рахман қайнарлары термалды бұлақтары, Көккөл таулы кеніші, Берел қазбалары, "Ашық аспан астындағы мұражай" саркофагы, Солтүстік тармақ (Алтын бұтақ) Ұлы Жібек жолы, Оралхан Бөкейдің музей-үйі, Әбдікерім Ережепұлының мектеп-музейі, Қаратай баба, Оралхан Бөкей, Бошай Кітапбаев ескерткіштері бар.
Катонқарағай ауданындағы туризмнің ең перспективалы түрлері экологиялық туризмнің келесі түрлері болып табылады: треккинг элементтері бар автотурлар, ат спорты, рафтинг, альпинизм және жаяу серуендеу (треккинг) турлары. Сапардың негізгі нысаны – тау мен Мұхтау китінің айналасы. Қиындығы әртүрлі санаттағы рафтинг турлары (рафтинг) тау өзендерімен саяхаттауды ұнататындарға арналған. Рафтинг үшін ең танымал өзен - Бұқтырма өзені.
Бұл бөлімде тіршілікті қамтамасыз ету және ТҮКШ объектілеріндегі штаттан тыс жағдайлар орын алған кезінде, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы-климаттық жағдайлар кезінде халықты уақтылы хабардар етуге арналған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету электрондық қызметтер порталы арқылы қызметтер алу есебінен сыбайлас жемқорлықты төмендету факторларының бірі болып табылады. 2022 жылғы 29 қарашадағы ресстрге сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары мен оларға бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтердің 63 түрін көрсетеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 19040 (Жеке тұлғаларға 18858, заңды тұлғаларға 182) құрады, оның ішінде баламасыз қағаз нысанда – 0.
19040 баламалы мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз түрінде - 983 (5,1%);
-«Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы - 560 (2,9%);
- электрондық форматта - 17397 (92%) оның ішінде:
01.01.2024 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Ауданда барлығы ауылдық кітапханалар, ауылдық әкімдіктер және дербес бөлімдер негізінде 18 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы (11 ауылдық әкімдіктер базасында, 2 дербес бөлімдер базасында, 2 ауылдық кітапханалар базасында және 1 «Катонқарағай-Адалдық алаңы» фронт офисінің базасында) және Катонқарағай, Өрел ауылдарында 2 электрондық қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.
Бұрыштар мен орталықтар Электрондық үкімет «E-Gov» порталында қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 170 түрін, төлемдердің 46 түрін көрсетеді. Бүгінгі таңда барлығы 19800 сервис пен қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, жәрмеңкелер және өзге де іс-шаралар өткізілді. Жалпы 2023 жылы 700 адам қамтылған 25 іс-шара өткізілді.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылған.
Жыл сайын көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін айқындау, сондай-ақ оларды көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық мониторинг жүргізеді.
5 балдық жүйе бойынша жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша тұрғындардың әлеуметтік сауалнамасының қорытындысы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануының жоғары деңгейін көрсетті – 4,65 балл, ШҚО бойынша толық қанағаттандырылған респонденттердің үлесі– 75%, жергілікті атқарушы органдар рейтингінде 1 орын.
Респонденттер көрсетілетін қызметті берушілер қызметкерлерінің көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілер қызметкерлерінің зейінсіздігі туралы толық ақпарат бермеуі жөнінде сын-ескертпелер айтты.
Ауылдық округтердің бөлімдері мен әкімдіктеріне көрсетілетін қызметті алушылармен қарым-қатынас кезінде коммуникативтік дағдылардың деңгейін арттыру, ОМО бірлесіп құжаттарды жинау және тапсыру рәсімін жеңілдету, рәсімдердің ашықтығын арттыру ұсынылды.
ЖАО-ның осы ұсынымдарын ескере отырып, өңірде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. Аталған мәселе бақылауда.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес Катонқарағай ауданы әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №169 бұйрығымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2023 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Аталған кезеңде бақылау іс-шаралары барлығы 8 жүргізілді, 20-дан астам бұзушылық анықталды, 13 ұсыным әзірленді, барлығы орындалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.