Облыстың 32 колледжінде "Саналы ұрпақ" клубтары жұмыс істейді, оларға 2775 студент қатысады. Осы клубтардың жұмысы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің көптеген іс-шаралары өткізіледі: акциялар, флешмобтар, бейнероликтер мен плакаттар конкурстары және тағы басқалар.
Клубқа қатысушы студенттер өздерін республикалық және халықаралық деңгейде көрсетті. Мысалы, 18.10.2024 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті өткізетін «Абай сөзі-әділдіктің темірқазығы» республикалық оқу орындарының студенттері арасындағы бірінші Республикалық зияткерлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері жүлделі орынға ие болды.
Сонымен қатар, ҚАЕУ жоғары колледжінің клубы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қаласы әкімдігімен өткізілген «Парасат елшісі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы өткізген «сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» сайысына «Саналы ұрпақ» клубы мүшелерінің 500-ден астам жұмысы қатысып, жүлделерге ие болды.
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін талқылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ – де «Адалдық-адамдық белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырыста «Саналы ұрпақ» клубтарының басшылары мен колледж студенттері «Саналы ұрпақ» клубының жұмысын жетілдіру, Академиялық адалдық, парасаттылық тақырыбын талқылады, өз пікірлерін білдірді, сыбайлас жемқорлықты түсінудің мәнін талқылап қана қоймай, оның алдын алуға белсенді қатысты.
«Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слеті жақсы дәстүрге айналды және ТжКБ студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру шеңберінде өзін тиімді іс-шара ретінде көрсетті.
«Саналы ұрпақ» - слеті адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл азамат пен патриотты тәрбиелеуге бағытталған, «Саналы ұрпақ» клубтарымен қарым-қатынас жасауға, оқытуға, тәжірибе алмасуға арналған алаң, бұл сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жою үшін құнарлы негіз болып табылады.
ШҚО білім басқармасы, «Қазақстан-Америка Еркін университеті» ЖШС Жоғары колледжі 2024 жылғы 21 қарашада студенттердің парасаттылығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында колледж студенттері арасында «Саналы ұрпақ» облыстық слет-форумын өткізді.
Слет аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
- «ШҚО ТжКБ білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар» дөңгелек үстелі;
– «Жемқорлықғасыр дерті» зияткерлік ойыны
Слет қорытындысы бойынша плакаттар, эсселер, бейнероликтер байқауларының жеңімпаздарының жұмыстары ұсынылды.
Форумда 1 курстың 44 студенті ант қабылдап, "Саналы ұрпақ" төсбелгісін алды. Мерекелік іс - шара соңында «Адалдық» ауыспалы кубогы конкурстардың жеңімпазы-Өскемен құрылыс техникалық - колледжіне табысталды.
2024-2025 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мектептерде адалдықты, әділдікті тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс істейді, олар сабақтар, шығармашылық байқаулар және мәдени-ауқымды іс-шаралар өткізеді. Мектептерде сатушысыз оқу құралдарын сататын «Адал дүкен» бұрыштары жасақталды. «Адалдық сағаты» аясында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған әңгімелер мен таратылымдар ұйымдастырылады.
Жоғары сынып оқушылары мен педагогтер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдерімен онлайн семинарлар мен кездесулер өткізіледі. 2025 жылдың қаңтар айында 56 мыңнан астам оқушыға «Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қоғам» және «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді, онда заңсыз схемаға қатысудың қауіптері түсіндірілді.
Бағдарлама жастар арасында адалдық пен құқықтық сананы қалыптастырып, мемлекеттік институттарға сенімді нығайтады және сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құруға қолдау көрсетеді.
Жыл сайын 25 қаңтарға дейін Тізілімге енген әлеуметтік кәсіпкерлік топтарды өзектендіреді (мәртебені растау).
Қағидаларда көрсетілген өтініш пен құжаттарды жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға Басқармаға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) электрондық құжаттар нысанында хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, 254095@bk.ru электрондық пошта арқылы береді.
Тізілімге енген, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған артықшылықтар
- Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер Тізіліміне ену кәсіпкерлерге 5,0 млн. теңгеге дейін гранттарды ұсыну бойынша конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.
- Субсидиялау және кредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік беру салалық шектеулерсіз және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 7 % ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында «Оқушыларды тәрбиелеуде кітап оқудың рөлін арттыру туралы» тапсырмасын орындау мақсатында жас ұрпақтың 2021-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар» республикалық жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыруда.
Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде 2023-2024 оқу жылында 326 кітапхана жұмыс істейді, онда 361 кітапханашы жұмыс атқарады.2023–2024 оқу жылында кітапхананың кітап қорының жалпы саны (негізгі қор және оқу қоры) 3 691 794 дана, оның ішінде негізгі қор 1 593 812 дана, оқу қоры 2 097 982 дана, оның ішінде көркем әдебиет 1 022 31 дана. 2023 жылы көркем әдебиетпен толықтыру 48 816 дананы құрайды.2023 жылы 38 кітапхана жаңғыртылды. Жаңартылған кітапханаларда ыңғайлы оқу орындары жасалып, модульдік сөрелер, кітапханалық жабдықтар, принтерлер, сканерлер, интерактивті тақталар, заманауи жұмсақ жиһаздар мен компьютерлік техникалар сатып алынды, 43 Covorking- орталығы ашылды.


Тәрбие және әдістемелік бөлімнің конкурстары:





2023-2024 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеу мақсатындағы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді, Бағдарлама аясында білім беру ұйымдарының педагогтері педагогикалық кеңестерде негізгі бағыттарымен танысты. Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 294 бұйрығы негізінде облыстың барлық білім беру ұйымдарында жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді.
Аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім беру ұйымдарында осы бағдарламаға сәйкес жұмыс жоспары әзірленіп, ата-аналар жиналысы өткізілді, жиналыс барысында тәрбие жұмысының бір жылға арналған бағыттары түсіндірілді. ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 10 қазанда «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ - мен бірлесіп Бірыңғай тәрбие бағдарламасы, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша әдістемелік көмекті одан әрі іске асыру мақсатында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне тәрбие жұмысы бойынша семинар-кеңес өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру ұйымдарында Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Барлық білім беру мекемелерінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Облыстың барлық мектептерінде АПҚО құру туралы бұйрықтар шығарылды, құрамы анықталды, жұмыс топтарының белгіленген отырыстары өткізілді. «Даналық мектебі» клубтары құрылды. Облыстың барлық мектептерінде ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинеттері ашылды.

АПҚО-да жұмыс істейтін мамандарды даярлау мақсатында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының курстары ұйымдастырылды, курстан 342 педагог, (директордың ТЖ жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар және сынып жетекшілері) оқудан өтті. Әр мектепте 15 қыркүйекке дейін мұғалімдер мен ата-аналар арасында әдістемелік жұмыс жүргізілді. Аталған іс-шаралар әлеуметтік желілерде облыс мектептерінің беттерінде жарияланды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми әдістемелік кеңесі келісімімен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын» құру туралы әдістемелік нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру ұйымдарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылды.
Аталған орталық жұмысының мақсаты: балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында мектептің ата-аналарының қарым-қатынасын күшейту және берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру.
Барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысы өткізіліп, барлық мектептерде АПҚО құру туралы бұйрықтар шығарылды, жұмыс тобының құрамы бекітіліп, жұмыс топтарының белгіленген отырыстары өткізілді. Облыстың барлық мектептерінде ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинеттері ашылды. Әдістемелік ұсынымдар негізінде ата-аналардың сабақ кестесі әзірленді және бекітілді, тиісті санаттары бар тәжірибелі педагогтар арасынан оқытушылар анықталды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысын атқаратын педагогтерді даярлау мақсатында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Облыс бойынша 342 педагогтер (директордың ТЖ жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар және сынып жетекшілері) курстан өтті.
2023 жылдың 15 қыркүйек айынан бастап облыстың аудандық, қалалық білім бөлімдері «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметі туралы», «Даналық мектебінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыптарында ақпараттық семинарлар өткізді. Облыстың барлық білім беру ұйымдарында АПҚО қызметін ұйымдастыру бойынша ата-аналармен жалпы ата-аналар жиналыстары өтті. Барлық мектептерде 1-4 сыныптарда «Отбасы-бақыт бесігі», 5-9 сыныптарда «Баланың бас ұстазы-ата-ана», 10-11 сыныптарда «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыптарында ата-аналарға арналған сабақтар өткізілді.
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 10 қазанда Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының жетекші маманы Е. М. Аязбаевпен бірлесіп, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне Мектептердегі ата - аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысын одан әрі жандандыру бойынша семинар-кеңес өткізді.
ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 3 қарашада «Оқушыларды тәрбиелеудегі «Даналық мектебінің» рөлі» онлайн семинар-практикумын өткізді. Іс-шараға 100 педагог қатысты (директорлардың тәрбие работе жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагог-ұйымдастырушылар, аға тәлімгерлер).
2023 жылғы 5 желтоқсанда Бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыруға және Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «О. Бөкей атындағы №44 Лицей» КММ-де «Баланы тәрбиелеу-әрқайсының ісі» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары аясында 2023 жылдан бастап облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Ата - аналарды қолдау: Бақытты бала-жарқын болашақ», «Отбасылық құндылықтар», «Балаларды табысты оқуға ынталандыру тәсілдері», «Оқушылардағы психоэмоционалды шиеленістің алдын алу» тақырыптарында семинарлар, «Оқырман отбасы»конкурстары, «Жақсы ата - ана болуды үйрену» дөңгелек үстелдері, «Әкелік тәрбие-үлкен мектеп» Әкелер форумы, «Әр бала - жарқын жұлдыз» оқулары ата-аналар пед. оқулары, спорттық жарыстар, жәрмеңкелер, қайырымдылық акциялары, ашық есік күні, тренингтер. Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру» «Үлгерімсіздікті қалай жеңуге болады», «Балаға оқуға қалай көмектесуге болады?», «Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту», «Балалардың қабілеттерін қалай анықтауға және дамытуға болады?» мәселелер бойынша облыс мұғалімдері ата –аналарға онлайн-консультациялар өткізді.

Осы уақытқа дейін Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында 17201 іс-шара өткізілді, іс-шараға 58624 ата-ана қамтылды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жанынан барлық мектептерде «Даналық мектебі» құрылды.
«Даналық мектебі» клубының жұмысында ата-аналардың нақты қажеттіліктері ескеріледі және ата-аналардың ұлттық құндылықтар мен педагогикалық дәстүрлерді қолданудың оң тәжірибесімен бөлісу қарастырылған. «Даналық мектебі» клубы бойынша «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» 4 секция жұмыс жасайды.

«Даналық мектебі» клубының жұмысы аясында 5-11 сынып ата – аналарымен «Оқушыны тәрбиелеудегі отбасының рөлі», «Ағасы бардың жағасы бар», «Әжелер мектебі – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі», «Ата көрген оқ жонар» «Қыз ғұмырдың құпиялары» тақырыптарда семинар-тренингтер, ата-аналрға раналған ашық есік күндері, ата-аналар апталықтары, «Анам, әкем және мен!» спорттық сайыстар өтті. «Даналық мектебі» клубында 11238 сабақ өткізіліп, 19856 ата-ана қамтылды.
ШҚО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар 11283 (1900 мектепке дейінгі, 9383 мектеп жасындағы) бала тұрады, оның ішінде 1857 бала мүгедектер санатына жатады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін сапалы жағдайлар жасау мақсатында өңірлік бағдарламалар мен «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізілуде
2023 жылы ШҚО әкімдігінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 229 қаулысымен Өскемен қаласында (50 мың балаға 1 есебінен) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды.
Қазіргі уақытта балаларды оқыту, тәрбиелеу және оңалту үшін:
4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 9 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, оңалту орталығы, «Асыл Мирас» Аутизм орталығы жұмс істейді, онда 730 бала түзету көмегін алуда.
13 арнайы білім беру ұйымдары (оның ішінде 6 жалпы білім беретін, 1 мектеп-балабақша кешені, 1 БҚО, 5 мектепке дейінгі), бұдан басқа 1 жеке меншік арнайы мектеп-балабақша кешені және «Мархабат» жекеменшіктегі түзету балабақшасы бар, жалпы арнайы бағдарлама бойынша оқытумен 1707 бала қамтылды.
Арнайы сынып, топ немесе логопункт ашу мүмкіндігі жоқ, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқитын мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда дефектологтардың 217 бірлігі, 117 (оның 28-і балабақшада) педагог-ассистент бірлігі енгізілді.
Инклюзивті білім берумен қамту 6447 баланы немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санының 57% құрады.
Бүгінгі күні қабылданған шаралар жалпы білім беретін мектептердің 85%, мемлекеттік балабақшалардың 71% инклюзивті оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта облыста «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» мен ШҚО білім басқармасы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында мектеп түлектеріне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілуде:
- облыстың мектеп түлектері арасындағы пәндік олимпиадалар;
-оқушыларды жоғары оқу орындарының өткізетін ғылыми-практикалық конференцияларға (дайындықтың барлық бағыттары бойынша) қатысуға тарту;
- «Университет күні» іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- Факультеттердің Ашық есік күндері;
- жоғары оқу орындарының жетекші оқытушыларының мектептерде бейіндік пәндер бойынша дәрістер оқуы;
- университеттің мұражайларына, ғылыми-зерттеу зертханаларына және ғылыми-білім беру орталықтарына онлайн шолу экскурсияларын өткізу;
- оқушылардың ата-аналарын кейіннен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы хабардар ету;
- «ШҚУ имиджі» университеттік газетінің арнайы кәсіптік бағдарлау басылымдарын әзірлеу;
- мектеп оқушылары арасында кәсіби диагностиканы әзірлеу және жүргізу; - бейінді пәндер мен білім беру бағдарламалары тобын таңдау бойынша түлектерге ақпараттық-анықтамалық, аудио-және бейнематериалдар дайындау;
- жоғары оқу орындарына түсу, шығармашылық емтихандарды тапсыру қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс, онлайн режимінде құжаттарды тапсыру рәсімі түсіндіріледі, талапкерлерге кеңес беру кезінде ҰБТ өткізу форматына ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ, облыстың мектеп түлектері үшін жыл сайын ҰБТ-ға дайындық бойынша «Жас талап» тегін дайындық курстары ұйымдастырылып өткізіледі. 2023-2024 оқу жылының күзгі және қысқы демалыс кезеңдерінде 11 сыныптың 2000-ға жуық оқушысы аталған курстармен қамтылды.
Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31180 болып тіркелді.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.
1.Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі А. Аймагамбетов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.
1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);
2) әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;
3) әлеуметтік бейімделу – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
4) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.
2-тарау. Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасын жүргізу тәртібі
1) тоқсанына кемінде 1 (бір) рет білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, баланың заңды өкілдерінің жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу мәселелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мүдделеріне қайшы келмейтін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (әңгімелер, құқықтық жалпыға бірдей оқыту, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары, сабақтан тыс іс-шаралар және басқалар) жүргізу арқылы хабардар болуын арттыру;
2) оқыту семинарларына (вебинарларға), семинар-тренингтерге, шеберлік сыныптарына, коучингтерге, конференцияларға, форумдарға, панельдік пікірталастарға қатысу арқылы педагогтердің оқу-тәрбие жұмысындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру;
3) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, баланың заңды өкілдерін баланы жәбірлеуге (буллингке) жол берілмейтіндігі туралы (жазбаша және (немесе) ауызша түрінде) хабардар ету;
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты жәбірлеу (буллинг) белгілеріне ол анықталған жағдайда дереу ден қою;
5) "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 4-қосымшадағы нысанға сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) педагог-психологтің консультациясын есепке алу журналына тіркей отырып, педагог-психологтармен, әлеуметтік педагогтармен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
6) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін сақтау, оларды оқыту, тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында қауіпсіз болу үшін ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан тәрбие процесі мен білім беру ортасының жағдайларына мониторинг жүргізу;
7) білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мен болдырмау мәселесін ата-аналар комитетін тарта отырып, білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының отырыстарында қарау.
1) 4-тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшалар бойынша білім беру ұйымдары директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары беру ұйымының басшысына;
2) 4-тармақтың 2), 6) және 7) тармақшалары бойынша білім беру ұйымының әкімшілігі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның білім басқармаларына (облыстық маңызы бар қала) (бұдан әрі – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган).
3-тарау. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты қабылдау және баланы жәбірлеу (буллинг) белгілерін анықтау және оларға ден қою тәртібі
1) баланы жәбірлеуге (буллингке) қатысушылар туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бастапқы ақпаратты қалыптастырады, оған мыналар кіреді:
баланың (отбасы мүшелерінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
тұрғылықты жері;
оқу орны бойынша баланың жалпы сипаттамасы;
сынып жетекшісінің, куратордың, баланы (педагогты) жәбірлеуге (буллингке) қатысушылардың және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жазбаша түсіндірмесі.
2) ақпарат келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде сынып жетекшіні, педагог-психологты тарта отырып, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баламен, жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысымен/бастаушысымен және олардың заңды өкілдерімен әңгімелесу жүргізеді;
3) баланы жәбірлеумен (буллингке) байланысты жанжалды бейбіт жолмен реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
4) медициналық көрсеткіштер болған жағдайда медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдеседі;
5) әңгімелесу өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының басшысына береді.
1) 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен ақпаратты Қазақстан Респуликасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 64-бабының 1-тармағына сәйкес тіркеуді жүргізеді;
2) жиналған деректер негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде баланы жәбірлеуді (буллингті) тану немесе танымау туралы шешім қабылдайды;
3) жәбірлеуді (буллингті) тану туралы шешім қабылдаған жеғдайда:
баланың заңды өкілдерімен келісім бойынша жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанды әлеуметтік оңалту және кәмелетке толмағанды жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын әлеуметтік бейімдеу туралы шешім қабылдайды;
1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғары тұрған білім беру органына хабарлайды;
2 (екі) күннен кешіктірмей қабылданған шешім туралы ақпаратты және бала туралы деректерді оның оқу орны бойынша білім беру ұйымына береді;
4) баланың заңды өкілдерінің, жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысының/бастаушысының және жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баланың келісімімен медиаторды тарту арқылы баланы жәбірлеуге (буллингке) байланысты инцидентті реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жойылған жағдайда оны жәбірлеудің (буллингтің) тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды.
1) "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29288 болып тіркелген) баланы жәбірлеуге (буллингке) қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жеке жұмыс жоспарын әзірлеу арқылы жүзеге асырады, оған жәберлеуге (буллингке) ұшыраған баланы әлеуметтік оңалту және жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар кіреді;
2) жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын мектепішілік есепке қоюды жүзеге асырады және оның түзетілуіне мониторинг жүргізеді;
3) баланың мінез-құлқында оң өзгерістер болмаған жағдайда мектепішілік есепке қойылған күннен бастап 6 ай ішінде материалдарды қарау және ұсынымдар шығару үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – КІК) жібереді.
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысанына сәйкес тіркейді;
2) баланы көзбен шолып тексеруді жүргізеді;
3) медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетеді;
1) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға;
2) баланың оқу орны бойынша білім беру ұйымына;
3) ішкі істер органдарына (бұдан әрі - ІІО) дереу жазбаша түрде хабарлайды.
1) келіп түскен өтінішті қарайды және әкімшілік не қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған кезде тексеру жүргізеді;
2) мыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс қозғауға немесе оны тоқтатуға негіздер болмаған кезде баланы жәбірлеу (қорқыту) туралы хабарламаны мәні бойынша қарау және шешім қабылдау үшін оқиға болған білім беру ұйымына жоғары тұрған органға жібереді;
3) кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына, олардың заңды өкілдеріне жәрдем көрсетеді;
4) кәмелетке толмағанның қатысуымен жәбірлеу (буллинг) фактіні қарау жөніндегі іс-қимылдарды және басқа да іс-шараларды жүргізу үшін оның заңды өкілдері болмаған кезде не олардың қатысуы баланың мүдделеріне қайшы келген кезде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілін, педагогтерді немесе психологтарды тартады.
_________________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК