Санитарлық нормаларды сақтау – коронавируспен күресте маңызды шарт болып табылады. Сондықтан мониторингтік топтар аудан аумағында эпидемияға қарсы шаралардың орындалуын бақылауды жалғастыруда. Бүгінгі рейд барысында мониторингтік топтар тұрғындар көп баратын орындарда болып, келушілерге, тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертті.