Ұлытау облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы
2025 жылғы 25 қыркүйекте Ұлытау облысында 3 сайлау округтерінде (Сәтбаев қаласында - 2, Қаражал қаласында - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында барлығы 11 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 3 - уі саяси партиядан, 8 - і өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 9 ер адам және 2 әйел адам бар.
4 - кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 4–уі партия қатарында жоқ, 3-уі саяси партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.
Орташа жас - 44 жасты құрайды.
8 кандидаттың жоғары білімі, 1 – арнайы орта, 2 - орта білімі бар.
Кандидаттардың 1-уі бюджеттік ұйымда, 4-уі – өндірісте, 2-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 1-уі өзін-өзі қамтушы, 1-уі зейнеткер, 2 - өзге салада.
2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 5 кандидатты тіркеді.
Сәтбаев қаласының №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 1 кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйекте сағат 18:00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Сілтемелер:
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы