2025 жылғы 25 қыркүйекте Қаражал қаласында №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде болатын мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 3 кандидат ұсынылды. Оның 1-і саяси партиядан, 2-і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 2-уі – ер, 1-уі – әйел адам.
1 кандидат саяси партияның мүшесі болып табылады, 2 кандидат партия қатарында жоқ.
Кандидаттардың орташа жасы - 52 жас.
2 кандидаттың жоғары білімі және 1-нің – орта білімі бар.
Кандидаттардың 2-уі - коммерциялық құрылымдарда, 1-уі - өзге салада жұмыс жасайды.
2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиясы 3 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйегінде сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.