Созақ аудандық мәслихаты округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы ХАБАРЛАЙДЫ

Созақ аудандық мәслихаты  округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы ХАБАРЛАЙДЫ

Созақ аудандық мәслихаты  округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАЙДЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты бес (5) округтік, алты (6) учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау учаскесіндегі сайлаушы санына байланысты құрылады.

Округтік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 2028 жылдың 17 қаңтарына дейін.

Учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

                     Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына  осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар  өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес  сайлау комиссиясын сайлайды.

 Саяси партиялар 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап 9 ақпанына дейін, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 10 ақпанынан бастап 24 ақпанына дейін, аудандық мәслихатқа мынадай  құжаттарды тапсырады:

  • электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
  • тиісті  сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің,  олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынын үзінді көшірмесі;
  • саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Өтініштің нысаны Созақ аудандық мәслихатының ресми сайтынан немесе аудандық мәслихат аппаратының №416 кабинетінен алуға болады.

                     Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

                     Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын маслихат орналасқан   әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

            Сайлау комиссиясының құрамы жартысынан астамы бір үйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.

Бір сайлау комиссиясының құрамына  жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

              Мәслихатта ұсынылған қағаз форматтағы барлық  құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон  нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

              Округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Созақ аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі  №16 ғимаратында Саяси партиялардан 2026 жылдың 9 ақпанына дейін, өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан  2026 жылдың 24 ақпанына дейін дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.

Жауапты тұлға  Уалиев Багдат Болатбекович, кабинет №416 қалааралық телефон коды (872546), қызметтік тел. 4-20-26, ұялы тел. 8-702-551-88-20, электрондық почта maslihat_sozak@mail.ru

 

                           

Cозақ аудандық мәслихаты төмендегі бес округтік, алты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды

 

қ/с

Сайлау округінің, сайлау учаскесінің нөмірі

Орналасқан жері

Сайлау

комиссия мүшелерінің саны

1

№1 Молдағұлова сайлау округі

 

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Ә.Молдағұлова көшесі, №59 ғимараты, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: №689 Қарабұлақ, №690 Жеткеншек, №692 Молдағұлова сайлау учаскелерінің аумағы.

1

2

№5 Наурыз сайлау округі

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, С.Тоқпанбетов көшесі, №1А ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: №892 Наурыз, №723 Жыныс сайлау учаскелерінің аумағы.

1

3

№8 Сызған сайлау округі бойынша

Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Сызған елді мекені, Мектеп көшесі, №9А ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: №701 Қозмолдақ, №702 Сызған, №703 Қайнар сайлау учаскелерінің аумағы.

2

4

№10 Науайы сайлау округі бойынша

 

Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, Қ.Тоқмұхамедов көшесі, №3А ғимараты, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Науайы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шекарасы: №705 Науайы, №706 Көктөбе сайлау учаскелерінің аумағы.

1

5

688

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу ауылы, Балдысу көшесі №56, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

6

694

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі  №5, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

1

7

701

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ ауылы, Т.Момбеков көшесі №21, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

8

706

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Көктөбе ауылы, Суындық көшесі №130, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Суындық жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

9

712

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округі, Бақырлы ауылы, Жиенбет батыр көшесі нөмерсіз, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

1

10

715

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе ауылы, Б.Достайұлы көшесі №35, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

 

          Ескертпе: Сайлау комиссияларының құрамдарында өкілдері бар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер комиссиялар құрамдарына басқа өкілдер ұсына алмайды.

 

файл (каз) 

файл (рус)