
Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы 3614,5 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 12,1% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу 2673,3 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 16,4% жоғары.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауда жалпы көлеміндегі үлесі 28,3% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 71,7%.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда тұрмыстық электр аспаптары, атомобильдерге арналған тетіктер, жейлер мен құрал – саймандар, мотор отыны, киім, аяқ киім, тоқыма және шұлық бұйымдары, косметикалық тауарларды және дәретхана жабдықтары, сағат және зергерлік бұйымдары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, сататын кәсіпорындарда байқалды.
2023 жылғы 1 сәуірге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1521,7 млрд. теңгені, сауда күндерінде 71 күнді құрады (2022 жылғы 1 сәуірге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі-1118,5 млрд. теңгені, сауда күндерінде 63 күн).

2023 жылғы қаңтар-наурызда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (30,7%), Астана қаласына (11,9%), Қарағанды (8,6%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына келеді.