
Мәскеуде студенттер, аспиранттар және жас ғалымдарға арналған ірі ғылыми шаралардың бірі – XXXIII халықаралық «Ломоносов-2026» конференциясы өтті.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы қызметкері, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының 2-курс магистранты Жансая Кәрімқұлова өз зерттеу нәтижелерін ұсынып, III орын иеленді.
Ол «Аграрлық экономика» кіші секциясында ауыл шаруашылығының жалпы өнімін есептеу үшін мал шаруашылығы өнімін өндіруді болжау ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
Зерттеу аграрлық саладағы статистикалық бағалаулардың дәлдігі мен жеделдігін арттыруға бағытталған және мемлекеттік статистика үшін практикалық маңызға ие.
Кіші секция жұмысына профессор Сергей Киселев пен доцент Алексей Белугин жетекшілік етті. Қазылар алқасының бағалауы бойынша зерттеу жоғары деңгейде деп танылды.
Әріптесімізді құттықтап, алдағы жұмысына табыс тілейміз!