Құрылыс жұмыстарының көлемі

Құрылыс жұмыстарының көлемі

2025 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1% өсіп, 7263,2 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы имараттар (19,2%), тұрғын емес ғимараттар (10,2%) мен тұрғын ғимараттар (7,6%) құрылысы және жөндеу жұмыстарының өсуімен байланысты.

2025 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлес автомобиль, теміржол мен метро (24,9%), тұрғын емес ғимарат (жалпы көлемге 21,6%) және тұрғын үй (12,6%) құрылысына тиесілі.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 92,9%, шетелдік компаниялармен – 6,6%, мемлекеттік ұйымдар тарапынан – 0,5% орындалды.

Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Астана (39,4%) және Алматы қалаларында (35,4%), Солтүстік Қазақстан (30,1%), Түркістан (28,6%), Қостанай (27,5%), Павлодар (22,6%), Ақмола (21,7%) және Алматы облыстарында (20,7%) байқалды.

Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 19 748,9 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,5% көбейді, 14 611 мың шаршы метрді құрады, олардан 9 279 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 5 204,7 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 13 439 мың шаршы метрді немесе 92%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 5 507,4 мың шаршы метрді халықтың өз күшімен пайдалануға берген.