Солтүстік Қазақстан облысының өзендер желісі нашар дамыған. Сумен жабдықтаудың негізгі көзі — Есіл өзені.
Есіл өзені — облыстың ең ірі су тамыры, оны оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтеді. Есіл Нияз тауларында теңіз деңгейінен 560 м биіктікте бастау алады және Ертіс өзеніне құйылады. Өзеннің ұзындығы 2450 км, су жинау алабының ауданы 177 мың км2. Облыс шегінде ұзындығы 690 км өзен учаскесі орналасқан. Өзен арнасы бұралаң, ені 40-тан 200 м дейін. Түбі көбінесе құмды. Қайраңдардағы тереңдігі – 0,1-0,3 м, иірімінде – 8-10 м дейін. Аңғарының орташа ені 4-тен 22 км дейін. Жайылмасы кең, көлдерінің саны мол. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Есілге Аққанбұрлық, Иманбұрлық өзендері, сондай-ақ бірнеше уақытша ағын сулар: Шудасай, Бағанаты және т.б. құйылады. Есілді минералдау маусымға байланысты 0,3-тен 0,7 г/л дейін өзгеріп тұрады.
Облыс шегінде өзен арнасы Сергеевка және Петропавл бөгендерімен реттелген.
Сергеевка бөгені 1968 жылы пайдалануға берілді. Ұзындығы 100 км, ең үлкен ені 7 км, ең үлкен тереңдігі 20 м, қалыпты тіреу деңгейі (ҚТД) кезінде су бетінің ауданы 117 км2 құрайды, көлемі 693 млн м3. Бөгеттің құрылымында тасқын суларын оның қырынан транзитпен өткізу мүмкіндігі ескерілген. Өзен сарқындыларын пайдалану сипаты бойынша бөгеннің бір жылдық деңгейді реттеуі бар. Тасқын кезінде шұғыл көтерілу байқалады, жекелеген жылдары бөгет қырының үстіндегі су қабаты 2-2,5 м дейін жетеді.
Петропавл бөгені Есіл өзенінде, іс жүзінде қаланың шегінде құрылған. Бөген арналы типті, су бетінің ауданы 9,7 км2 құрайды, орташа тереңдігі 4-5 м, көлемі 19,2 млн. м3. Негізгі міндеті Петропавл қаласын шаруашылық-ауыз су және техникалық сумен жабдықтау, ЖЭО-2 сумен сенімдірек қамсыздандыру және Есілге іргелес Түмен облысы аудандарының мұқтаждығын қанағаттандыру үшін кепілді су беру болып табылады.
Өзендегі және бөгендердегі судың сапалық көрсеткіштері бірдей, судың сапасын бақылау белгіленген тұстамалар бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Соңғы жылдары өзеннің ұзына бойына суда мыстың (15 ШРК) және темірдің (5-6 ШРК) жоғары шоғырлануы белгіленген, бұл көрші Ақмола облысынан трансшекаралық тасымалмен байланысты. Айқындалатын басқа да көптеген ингредиенттердің шоғырлануы ШРК-ға сәйкес.
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2 453-ге жуық су айыдыны, оның ішінде 2 157 көл, оның ішінде ауданы 100 га-дан астам көлдер – 466, ауданы 50-ден 100 га дейінгі көлдер бар – 510, 30-дан 50 га дейінгі көлдер – 471, кіші көлдер – 710, батпақтар – 91, басқа су айдындары (шұңқырлар, шағын су қоймалары, тоғандар, шатқалдар, қарттар) – 141, сондай-ақ 64 өзен.
Солтүстiк Қазақстан облысының көлдерi 3 топқа бөлiнедi: жайылмалық, жазықтық және таулы типтi көлдер
Жайылмалық көлдердiң, әдетте, енi үлкен болмайды және таға пiшiндi болып келедi. Тереңдiгi 8–10 м дейiн, суы әрқашанда тұщы. Жайылмалық көлдер Есiл өзенiнiң көктемгi жайылуынан және жарым-жартылай жер астындағы сулардан қоректенедi. Бұдан бөлек, жайылмасында әдетте шабындық және бұталар болады, бұл қыста ылғал жиналуына мүмкiндiк туғызады. Жайылмалық көлдердiң гидрохимиялық көрсеткiштерiнiң көбi Есiл өзенiнiң сапалық көрсеткiштерiмен үйлеседi, бiрақ бұл су айдындары түптiк тұнбалық шөгiндiлердiң көлемi айтарлықтай болғандықтан эвтрофия процесiне ұшырайды. Сондықтан қысқы кезеңде жайылмалық көлдерде суда ерiген оттегi мөлшерi кемидi, қышқылдану және тұзды аммонийдiң көрсеткiштерi артады.
Жазықтық көлдердiң өзiндiк сипаты олардың қазаншұңқырының қоршаған төңiрегiне әлсiз кiрiгуi болып табылады. Жағалары әдетте төмен, жатық, жекелеген жерлерде аласа жарқабақпен, 3 м дейiн, сирек 5 м дейiн. Түбi өте тегiс, тұнбалы. Жазықтық типтi көлдердiң ең үлкен тереңдiгi 5 м аспайды, көлдердiң көпшiлiгi үшiн тереңдiктiң орташа мағынасы 1,5–2,5 м құрайды. Ауданы 50–500 га көлдер басым. Көптеген жазықтық көлдер атмосфералық шөгiндiлермен қоректенедi, сондықтан олардың деңгейi климаттық жағдайлардың өзгеруiне байланысты тiптi толық суалғанға дейiн едәуiр ауытқуларға ұшырайды.
Жазықтық көлдердiң минералдау көлемi өте кең: жиегiнде әдетте елдi мекендер орналасатын тұщы көлдерден, ащы және өзiтұндырғыш көлдерге дейiн.
Жазықтық көлдердiң құбылмалы гидрологиялық режимi оларды сумен жабдықтау көзi ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бермейдi. Әйтсе де жоғары биоөнiмдiлiгi бiршама iрi су айдындарында балық кәсiпшiлiгiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Төменде ең әдеттегi жазықтық көлдердiң сипаттамалары келтiрiлдi.
Үлкен Тараңғұл, Корнеевка ауылынан 0,5 км солтүстiк-батысқа қарай орналасқан. Су бетiнiң ауданы 3609 га. Суы тұщы, минералдауы — 500 мг/л, судың құрамы: гидрокарбонатты. Судың ластану индексi (СЛИ) — 1,2, суы таза.
Таранкөл (Кiшi Тараңғұл), Новопокровка с. 0,5 км шығысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 2566 га. Суы тұздылау, минералдауы — 2600 мг/л, судың құрамы: хлоридтi -натрийлi . Судың ластану индексi (СЛИ ) — 1,1, суы таза.
Лебяжье , Вагулино с. 1,5 км батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 523 га. Суы тұщы, минералдауы — 800 мг/л, судың құрамы: хлоридтi-натрийлi. Судың ластану индексi (СЛИ) — 1,2, суы таза.
Кiндiктi , Петровка с. 6 км батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 189 га. Суы тұщы, минералдауы — 800 мг/л. Судың ластану индексi (СЛИ) — 1,0, суы таза.
Пестрое, Петропавл қаласының шегiнде орналасқан. Су бетiнiң ауданы 137 га . Суы тұщы, минералдауы — 1000 мг/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1,2, суы таза.
Таулы типтi көлдер Қазақ шағын шоқысының солтүстiк шетiнде орналасқан. Жағаларының кескiнi мен пiшiнi әркелкi; әдетте бiр жағынан жағасы құламалы, биiк, арагiдiк қарағайлы немесе қайыңды орманмен таулы жыныстардың шығуымен, басқа жағынан — бұйрат-жазықтық дала өсiмдiктерiмен. Көлдер iрi, ауданы 4,0–4,5 мың га дейiн және тереңдiктерi 25-30 м дейiн. Көлдердiң көпшiлiгiнiң түбiнiң бедерi күрделi, тереңдiгi шұғыл өседi, әсiресе шоқылар жағасына етене жақын орналасқан жерлерде. Таулы типтi көлдердiң айқын сипатының бiрi жағалау жиегiнiң қиылуы болып табылады. Олардың жағасында өте кiшкентай айлақтар мен шығанақтар жиi кездеседi. Жағалары қиыршықтығы әртүрлi құм, қиыршық тас, жеке қойтастардан құралған. Көптеген көлдер рекреациялық мақсатта пайдаланылады.
Байсары, Лобаново с. 5 км оңтүстiкке қарай. Су бетiнiң ауданы 409 га. Минералдық құрамы бойынша магний-натрий тобының хлоридтi-сульфатты сыныпты тұздылығы аз су айдындарына жатады. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.
Шалқар, Айыртау а. 2 км солтүстiк-батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 3421 га. Минералдық құрамы бойынша магний-натрий тобының хлоридтi сыныпты тұзды су айдындарына жатады, минералдауы — 4,71 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.
Имантау , Имантау а. батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 4890 га. Суы тұщы, минералдауы — 0,78 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.
Белое , Заря с. 0,5 км солтүстiк-шығысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 1698 га. Минералдық құрамы бойынша магний-натрий тобының хлоридтi сыныпты өте тұзды су айдындарына жатады, минералдауы — 10,92 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.
Лобаново , Лобаново с. батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 423 га. Суы тұщы, минералдауы — 0,95 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.
Жақсы-Жалғызтау (Жақсы-Жаңғыстау), Жақсы-Жалғызтау с. 0,5 км батысқа қарай. Су бетiнiң ауданы 4274 га. Ағынды көл: Қарасу өзенi құйылады, Аққанбұрлық өзенi ағып шығады. Суы тұщы, минералдауы — 0,52 г/л. Судың ластану индексi (СЛИ) < 1, суы таза.
Су қорғау аймақтары қазiргi уақытта қанағаттанарлық жағдайда, себебi бұрында су айдындарының жағалауларының бойында орналасқан iрi мал шаруашылықтары жойылды, жер айдау ауданы кемiдi. Алайда кейбiр су айдындарына органикалық ластану түрiндегi антропогендiк әсер ету байқалады. Органиканың шайылуы жiтi рекреациялық пайдаланылатын су айдындарының жағалаулары бойында орналасқан елдi мекендерден болып тұр.
Облыс аумағында барлығы 86 су нысаны жобаланған, оның ішінде Есіл өзені және оның Ақан-Бұрлық және Иман-Бұрлық салалары, Жембарақ, Мұқыр, Аралтөбе, Қамысақты өзендері, Шал ақын ауданы Ұзынжар ауылы маңындағы Шудасай өзенінің учаскесі, Ғ. Мүсірепов ат. аудан Ялты ауылы маңындағы Құланайғыр өзенінің учаскесі, Ақжар ауданы Шат өзенінің учаскесі, Шарық су қоймасы және 75 көл.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 ж. 04.05. № 98
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 ж. 13.05. № 98»
Солтүстiк Қазақстан облысындағы су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерiн шаруашылық пайдалану режимi белгiлендi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 376 қаулысы.