ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 15-ші мерейтойлық Халықаралық тау-геологиялық MINEX Қазақстан форумына қатысты.
Форум барысында министр тау-кен өнеркәсібінің ел экономикасындағы стратегиялық рөліне тоқталып, бұл салада заманауи білім мен тәжірибеге ие кадрларды даярлау аса маңызды екенін атап өтті. Министрлік осы бағытта ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, білім беру бағдарламаларын нарық сұранысына бейімдеуге күш салуда.
MINEX Қазақстан форумы геология мен тау-кен саласындағы ең беделді алаңдардың бірі саналады. Биылғы форумға әлемнің 30-дан астам елінен 100-ден аса сарапшы мен 450-ден астам делегат қатысты.
Іс-шара аясында барлау, өңдеу және автоматтандыру салаларындағы заманауи шешімдерге арналған DigiTech’25 конференциясы өтті. Бұл – Қазақстанның тау-кен өнеркәсібін цифрлық трансформациялауға бағытталған нақты қадамдарының бірі.