«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС КӨШБАСШЫЛАРЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС КӨШБАСШЫЛАРЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС КӨШБАСШЫЛАРЫ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде волонтерлік қозғалыс көшбасшыларының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Таза ел», «Таза су», «Таза ауа» тақырыбында жобаларын таныстырып, атқарылған жұмыстар бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар жаңа идеялар мен жобаларды талқылап, волонтерлікті дамыту және өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін сөз етті.

«Бүгінде жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру аса маңызды. Бұл үдеріс билік, білім беру мекемелері және қоғамның бірлескен күш-жігерін қажет етеді», – деп атап өтті Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің жетекшісі Марғұлан Тұяқов.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылар қоршаған ортаның ластануына қатысты өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Экологияны қорғауға бағытталған сәтті бастамалар үлгі ретінде ұсынылып, жастарды табиғатты қорғау жобаларына тарту бойынша ұсыныстар берілді.

Соңғы бір жыл ішінде Бөкетов университетінің студенттері 80 қарағай, 35 қайың, 25 балқарағай мен 10 шырша отырғызуға атсалысты.

Белгілі болғандай, ағаштар атмосфераны белсенді түрде тазартып, шудың деңгейін төмендетеді, желдің жағымсыз әсерін азайтады. Сонымен қатар жасыл желектер адамның эмоционалды күйіне оң әсер етіп, жақсы көңіл-күй қалыптастырады. Университет басшылығы оқу орнының маңындағы аумақтарды көгалдандыруға барынша күш салып келеді. Бұл – халықтың денсаулығын сақтауға ықпал ететін маңызды экологиялық шаралардың бірі.

Қазіргі уақытта Бөкетов университетінде макулатура жинау науқаны басталды. Жиналған қағаз қалдықтары кейін арнайы қабылдау пункттеріне тапсырылатын болады. Бұл науқан табиғатты сақтау үшін аса маңызды, себебі қағаз өндірісі ормандардың жаппай кесілуіне әкеледі. Сарапшылардың есептеуінше 100 кг макулатураны қайта өңдеу бір ағашты кесуден сақтап қалады.

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасады.