Жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында кешенді жұмыстар жасалды
🖋 ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, бірінші кезекте нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізілді. Барлық ЖОО-лар қабылдаған студенттерді міндетті түрде жатақханамен қамтамасыз ету талабы жалпы білім беру қызметін жүргізетін лицензиялық талап болып енгізілді.
🗯 «Студент грантта оқыса да, ақылы форматта оқыса да, университет оны жатақханаға қабылдауға міндетті. Бұл талапты орындамау өрескел құқық бұзушылық болып танылады. Барлық университтер бұл талапты біледі», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.