28 шілдеде Қазақстанның студенттер құрамасы Универсиаданың басты стадионы – Дуньаньху спорт паркінде Чэнду қаласында (Қытай) өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың ашылу салтанатына қатысады.
Дәстүр бойынша, салтанатты шеруде әр елдің делегациясын ту ұстаушылар бастайды. Биылғы Универсиадада Қазақстан құрамасының туын Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 3-курс студенті, 19 жастағы дзюдошы Қаблан Нұрсұлтан ұстап өтеді.
Нұрсұлтан дзюдомен 2013 жылдан бастап айналыса бастады. Оның жетістіктерінің қоржынында 12-ден астам жүлделі орын бар. Олардың ішінде: жасөспірімдер арасында дзюдодан ҚР Чемпионатында 1-орын, жасөспірімдер арасында дзюдодан Азия чемпионатында 3-орын, академик Қ. И. Сәтбаевты еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнирде 2-орын, қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінде 1-орын және т.б.
Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Дзюдодан ҚР спорт шебері, дзюдодан Қазақстан ұлттық және жастар құрамасының мүшесі болып табылады.