Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қарағанды облысының әкімдігі өңірдегі ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылы мәселелері бойынша ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.
20-дан астам ірі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың өкілдері Теміртау қаласындағы Қарағанды индустриялық университетінде өткен «Бизнеспен диалог: ғылымның дамуындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың рөлі» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Шарада өңірдегі ғылымды дамыту, университеттер мен ҒЗИ-дың бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылы, жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ табыстарының 1%-ын тиімді пайдалану, ғылыми кадрлар даярлау, ірі бизнес тарапынан өңірлік университеттерді қолдау және т. б. тақырыптары талқыланды.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ҚарИУ ректоры Болатбек Абдрасилов, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бас директоры Владимир Яблонский, «Тау-Кен Темір» ЖШС бас директоры Рустам Ақбердин, QazTehna корпоративтік университетінің басшысы Айдос Айтбаев кездесу барысында сөз сөйледі.
Кездесуді аша отырып, министр бизнес-қоғамдастық өкілдерін жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған қабылданған тұжырымдамасының негізгі басымдықтары туралы хабардар етті.
Министр атап өткендей, университеттердің академиялық артықшылығы маңызды стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, атап айтқанда ірі бизнеске бағдарлануға, ғылыми орталықтар құруға, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыруға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне кадрлар даярлауға негізделген.
«ҒЗТКЖ-ға кіру және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, содан кейін өндіріс үшін ғылым, бизнес және жергілікті билік арасындағы сындарлы диалогты бастау керек. Сіздің аймағыңызда ғылымды дамыту және жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін орасан зор өнеркәсіптік әлеует бар. Қазіргі уақытта Министрлік экономиканың өндірістік секторына ғылымды қажетсінетін зерттеулерді енгізуге ықпал ететін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын әзірлеуде», - деді министр.
Ол сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінде ҒЗТКЖ жалпы көлемінің шамамен 70% бөлігін жеке немесе мемлекеттік кәсіпорындар орындайтынын атап өтті. Бұл елдерде мемлекеттің қаржы құралдарын қолдануы өте тиімді және бизнес тарапынан ғылымға инвестициялардың өсуіне ықпал етеді. Осылайша, мемлекет ҒЗТКЖ-ға салықтық жеңілдіктер немесе тікелей қаржылық қолдау арқылы жұмсаған 1 еуро бизнестен шамамен 1,4 еуро тартады.
«Тапсырыс берушілер ретінде Қарағанды индустриалды университетінің базасында зерттеулер қалай жүргізілетініне ризамыз. Өз кезегінде, техникалық базаны жақсарту үшін ғылыми жұмыстарға арналған жабдықтарды жаңғыртуға қатыстық. Біз министрліктің қолдауымен ЖОО-мен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз», - деді «Тау-Кен Темір» ЖШС бас директоры Рустам Ақбердин.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін университет ғылымын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін университет ғылымын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Бүгін біз «Саранск» индустриялық аймағын дамытып жатырмыз. Алайда, жақсы мамандар мен инженерлердің жетіспеушілігі проблемасына тап болудамыз. Бізге техникалық білімі бар 1000-нан астам адам керек», - деді өңір басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, өңірлік кездесуге өңірдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының ғалымдары және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Тау-Кен Темір» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «KAZ Minerals aktogay» ЖШС, «Крамс-кварцит» ЖШС, «Шұбаркөл темір» АҚ, «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты», «Сары Қазына» ЖШС, «Nova Цинк» ЖШС АҚ және т.б. ірі өнеркәсіптік компанияларының өкілдері қатысты.