САЯСАТ НҰРБЕК МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

САЯСАТ НҰРБЕК МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОХИМИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қаласына жұмыс сапары барысында М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында болды.
Министр жұмыс сапарын Институт ұжымымен кездесуден бастады. Қызметкерлермен әңгімелесу барысында ол өзекті мәселелерді талқылап, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылымды одан әрі дамыту перспективалары туралы өз пайымдауымен бөлісті.
Саясат Нұрбек ғылымды жаңғыртудың өзекті бағыттарына тоқталды. Ғылым мен бизнестің өзара әрекеттесуінің маңыздылығына және өндірістегі ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапарының соңында Саясат Нұрбек пен Ғылым комитетінің төрағасы Ахмед-Заки Дархан институттың барлық зертханаларын аралап, ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен және жүргізіп жатқан зерттеулерімен танысты.