САЯСАТ НҰРБЕК ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

САЯСАТ НҰРБЕК ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне барды. Ең алдымен университет корпустарын, кітапханасы, мәдениет орталығы мен мұражайымен танысты. Министр университет басшылығы, оқытушы және студенттер құрамымен еркін форматта кездесу өткізді.
Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрлігіндегі білім аясына қатысты жаңалықтары мен бастамалары, жаңадан қабылданған білім сапасын дамытуға орай дайындалған жеті жылдық тұжырымдаманың басым бағыттары жөнінде кеңінен баяндады.
«Біздің басты мақсат – жоғары оқу орындарына дербестік беру. Сол арқылы оқу ордаларды нақты еңбек нарығы мен өндірістерге бағыттау. Сондай-ақ, ғылым моделін жаңарту. Ескіден қалыптасқан моделді өзгерту. Университеттердегі сабақ өту, педогогикалық формат, жаттанды әдістерді заманауи тұрғыда жаңалықтармен толықтыру. Қазіргі таңда білім жолында алдымызда ірі реформаларды жүзеге асыру тапсырмасы тұр. Ғылым саласына бөлінетін қаржы 3,5 есеге өсті. Келесі 3 жыл көлеміне ғылым саласының өзіне 650 млрд теңге бөлінді», - деді министр.
Сонымен қатар министр шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының білім беру жүйесіндегі әдістері мен бағдарламалары, қаржы бөлу бағыттары сынды сапа арттыруға негіз болатын тұстарын атап өтті.
Аталған университет ректоры Жанар Темірбекова жоғары оқу орындарының үш миссиясы бойынша жұмыс жасалып, 100-ге жауық әлеуметтік жобалар бастау алғанын атады.
Жиын соңында Халықаралық университет оқытушылары мен студенттері министрге жоғары білім мен ғылым саласына қатысты өздерін толғандыратын сауалдарын қойды.