Әуезов университетінде өсімдіктен электр қуатын өндіру жобасы қолға алынды. Жас ғалымдар жасыл желектің бойындағы фотосинтез процесі кезінде бөлінетін энергияны жинақтап пайдалануда. Яғни өскіндер күн шуағынан алған қуатының артығын топыраққа сіңіреді. Ғалымдар оны электродтар арқылы аккумуляторға қайта жинақтайтын тізбек құрастырған. Өсімдіктерден алынған қуат мөлшері әзірге гаджеттер мен қалта телефондарын қуаттауға ғана жетеді. Жас өнертапқыштар қазір жобаны жетілдіру үстінде. Ғылыми ізденіс өсімдіктерден неғұрлым мол энергия өндіруді көздейді. Сол арқылы елімізде жасыл экономиканы дамытуға үлес қоспақ. Ғылыми жоба стартап байқауында үздік деп танылды.