ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-5 мамыр аралығында Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия отырысы өтті.
Сапардың бірінші күні Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым вице-министрі Қ.А.Ерғалиев пен Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар Министрінің бірінші орынбасары К.Х. Каримовтың басшылығымен екіжақты кездесуге қатысты.
Кездесу барысында делегация Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты, Шыршық мемлекеттік педагогикалық университеті және Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті сияқты серіктес жоғары оқу орындарына барды.
Бірінші күннің соңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.