«SMART Driving Technology» инжинирингтік орталығы: жүргізушісіз көлік шешімдері

«SMART Driving Technology» инжинирингтік орталығы: жүргізушісіз көлік шешімдері

«SMART Driving Technology» инжинирингтік орталығы: жүргізушісіз көлік шешімдері

Бүгінгі таңда Қазақстанның техникалық университеттері елдің өнеркәсіп және экономика салаларына кадрлар даярлайтын ғылыми-білім беру орталықтары ретінде ғана емес, сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық бастамалары мен басым бағыттарын іске асыруға арналған негізгі алаңдар ретінде қызмет етіп, жоғары оқу орындарының ғылыми-инновациялық және технологиялық әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларда нақты көрініс табады.

Оның бір айқын мысалы – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында құрылған «SMART Driving Technology» инжинирингтік орталығы. Аталған орталық 2025 жылғы қараша айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ашылып, Лу Бань шеберханасының дамуының логикалық жалғасы болды. Бүгінде бұл орталық – білім беру, ғылым және автопилот технологияларын практикалық түрде тәжірибелеуді біріктіретін толыққанды инженерлік орта.  

Инжинирингтік орталықтың негізгі техникалық мүмкіндіктеріне мыналар жатады: жаңа буындағы оқу-тәжірибелік гибридті және электрлі автомобильдер, оның ішінде Changan маркалы жүргізушісіз көлік модельдері; автопилоттың мультисенсорлық платформалары (LiDAR, радарлар, камералар, ультрадыбыстық сенсорлар); жасанды интеллект пен машиналық оқыту негізіндегі компьютерлік көру, навигация және шешім қабылдау алгоритмдерін әзірлеу және тестілеу; интеллектуалды транспорттық жүйелер (ITS) және цифрлық карталар; қауіпсіз қозғалыс сценарийлері мен төтенше жағдайларды тәжірибелеуге арналған цифрлық қосымшалар мен AR/VR-симуляторлар; экологиялық таза және автономды көлікке арналған SMART-шешімдер.

Осылайша, орталық жүргізушісіз көлік, жасанды интеллект және интеллектуалды транспорттық жүйелер саласындағы шешімдерді әзірлеуге және тестілеуге бағытталған заманауи технологиялық платформаға айналды. Дәл осы инженерлік инфрақұрылым ШҚТУ-ды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жүргізушісіз такси үшін цифрлық картаны әзірлеу жөніндегі пилоттық жобасына тартуға негіз болды. Жоба аясында жасанды интеллект алгоритмдерін тестілеу және технологиялық шешімдерді тәжірибелеу үшін «SMART Driving Technology» инжинирингтік орталығы базасындағы Changan маркалы оқу-тәжірибелік жүргізушісіз көліктері қолданылды.    

Бұл кейс Мемлекет басшысының «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде» атты Жолдауында айқындалған автопилот, жасанды интеллект және смарт-көлікті дамыту міндеттерін іске асырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың нақты үлгісіне айналды.

Осы жағдайда «мемлекет – университет – технология» өзара байланысы теориялық ұғым шеңберінен шығып, қазақстандық жоғары оқу орындарының көлік саласы мен елдің цифрлық экономикасын технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға нақты дайын екенін айқын көрсетті.