Бүгін «Орталық Азия – Қытай» форматындағы екінші саммит шеңберінде өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың екінші форумында Қонаев қаласында академиялық қалашық салуды көздейтін құжатқа қол қойылды.
Атап айтқанда, негізгі инвестор Қытайдың жетекші компаниясы Qingdao Shangheshi Oil Energy Co., Ltd. 30 мың студентке есептелген академиялық кампус аумағында заманауи инфрақұрылым салу жоспарланған, атап айтқанда, оқу ғимараттары, ғылыми зертханалар, инновациялық технопарктер және т.б. Академиялық кампус халықаралық академиялық және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын нығайту, білім беру стандарттарын арттыру, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамыту, венчурлік қаржыландыруды тарту, сондай-ақ озық технологиялар мен жетістіктерді енгізу үшін маңызды алаң болады.
Бұл жобаны іске асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі тереңдетуге ықпал ететін болады.
Сонымен қатар форум аясында қазақстандық жоғары оқу орындары мен ҚХР өнеркәсіптік ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы 10-ға жуық келісімге және Меморандумға қол қойылды. Құжаттар білім беру инфрақұрылымын, ғылыми және зертханалық базаны дамытуды, инновациялар мен технологиялар трансферін, сондай-ақ ғарыштық әзірлемелерді дамытуды қамтиды.
Осы келісімдерді іске асыру, сондай-ақ елеулі шетелдік инвестициялардың ағыны академиялық инфрақұрылымды дамытуға, сапалы білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға және Қазақстанды өңірлік академиялық хабқа айналдыруға ықпал ететін болады.