ҚР Ғылым және жоғары білім министрі мен БҰҰ арнайы өкілі жоғары білім мен жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі мен БҰҰ арнайы өкілі жоғары білім мен жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі мен БҰҰ арнайы өкілі жоғары білім мен жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелерін талқылады

29 мамыр күні БҰҰ Бас хатшысының цифрлық және озық технологиялар жөніндегі арнайы өкілі, Бас хатшының орынбасары Амандип Сингх Гилл мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арасында екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында цифрландыру, жасанды интеллект, ғылыми зерттеулер және адами капиталды дамыту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қаралды. Әсіресе, жоғары білім жүйесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу, жас зерттеушілерді қолдау және инклюзивті цифрлық экожүйе қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Саясат Нұрбек Қазақстанда білім мен ғылым саласындағы цифрлық трансформация стратегиясы дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған AI-Sana инновациялық бағдарламасы жасанды интеллект саласында жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында студенттерге тек академиялық білім беріліп қана қоймай, сонымен қатар DeepTech-стартаптарды іске қосу үшін қажетті практикалық дағдыларды дамытуға жағдай жасайтын экожүйе құрылып жатыр. Бағдарлама ауыл шаруашылығынан бастап энергетикаға дейінгі түрлі салаларды қамтып, бүгінде еліміз бойынша ондаған мың студентті қамтыды.

«Біздің мақсатымыз – қазақстандық университеттерді аймақтық және жаһандық деңгейдегі инновация мен таланттар орталығына айналдыру», – деді министр.

Оның айтуынша, Huawei, Coursera және Astana Hub сияқты жетекші халықаралық серіктестердің қолдауымен қазақстандық студенттер әлемдік білім беру ресурстары мен озық технологияларға қол жеткізіп жатыр. Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру стандартына өзгерістер енгізіп, барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект пәндерін міндетті түрде енгізуді қарастырды. Бүгінгі таңда бұл тәсіл елдегі 90-нан астам жоғары оқу орнында енгізілді.

Кездесу соңында тараптар жоғары білім, ғылым және технология салаларында БҰҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.