Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2025 жылғы қаңтар мен мамыр аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында жүйелі бақылау шараларын жүргізді. Нәтижесінде, шекті сауда үстемесін арттырған 67 заң бұзушылық фактісі тіркелді.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 67 сауда субъектісі:
Бұдан бөлек, департамент тарапынан 15 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, сауда нысандарына барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралардың нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтарды жою туралы міндетті нұсқамалар берілді.
Қабылданған шаралар өңірдегі бөлшек сауда бағасына оң әсерін тигізіп, әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік түрлерінің арзандауына себеп болды:
Сонымен қатар, тұтынушыларға тауарды бағасыз сату немесе баға белгісінде көрсетілген құнға сәйкес келмейтін бағамен сату фактілері бойынша тағы 4 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Егер дүкен сөрелерінде баға белгілері болмаған немесе ӘМАТ бойынша бағалар шектен тыс жоғары болған жағдайда«e-Оtinish» электрондық платформасы арқылы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ресми түрде шағымдануға болады.