Меню
Страницы
Агенттік туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Аумақтық департаменттер
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
19 февраля 2020
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалуда

Бүгін Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша брифинг өтті.

Департамент басшысы Берген Беспалинов атап өткендей, бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет жүйесінде меритократия қағидатын сапалы іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдануда.

«Мысалы, Департаменттің құзырына Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы өзіне тағайындалған тәртіптік жазамен келіспейтіні туралы өтініш жіберген. Осыған ұқсас өтініш Шортанды аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманынан да келіп түсті.

Жүргізілген тексеріс мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерінің бұзылғандығын көрсетті. Нәтижесінде тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күші жойылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалыпқа келтірілді» - деп Берген Беспалинов атап өтті.

Сонымен қатар спикер тәртіптік бақылау жұмысына тоқталып өтті. Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өтіп, онда 96 мәселе, оның ішінде 23 тәртіптік іс қаралған. Сонымен қатар Департаментке 219 өтініш түсіп, 122 тексеріс жүргізілген. 68 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды.

Мемлекеттік қызмет
18 февраля 2020
Ақтөбеде мемлекеттік қызметке HR-менеджерлер дайындайды

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев өз сөзінде - Мемлекеттік басқару жүйесіне тек қана лайықты, білімді азаматтар әділ бәсеке негізінде келуі тиіс. Кадрларды іріктеудің өзге ұстанымы болмауы тиіс екендігін және жалпы биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру міндеті тұрғандығын атап өткен болатын.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты нығайтуда бәсекеге қабілетті өз ісінің нағыз мамандарын даярлау – бүгінгі күннің талабы.

Осы ретте, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Менеджмент» мамандығы аясында HR-мамандарды, яғни жаңа форматтағы кадр қызметкерлерін оқыту қолға алынды.

Осыған орай, Департаментте аталған университеттің өкілдерімен «Адам ресурстарын басқару» бағдарламасының тұсаукесері өтті.

Университеттің Экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі А.Құрманалинаның айтуынша, аталған оқу бағдарламасы аясында персоналды қызметке бейімдеу бойынша кадрлық саясатты толық меңгерген, мансаптық өсу, басқарудағы көшбасшылық құзыреттерін игерген мамандар даярланатын болады.

Аталған бағдарлама ағымдағы жылы енгізіліп, алдағы уақытта арнайы мамандық ретінде ашылатын болады.

Мемлекеттік қызмет
14 февраля 2020
Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушылары алғашқы оқуларын бастады

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік басқару академиясында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушылары алғашқы оқуларын бастады.

Сабақ басталар алдында Академия ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы және Департамент басшысы Сәрсен Жандос Шералыұлы студенттерді құттықтап, мектепте оқу болашақта жұмысқа орналасу кезінде саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретінін, олардың өз ісінің маманы болуына көмектесетінін және халық сенім білдіретін дәрежеге жеткен мемлекеттік қызметші болатынын ескерді.

Жас көшбасшылар алдында бизнес-жаттықтырушы, бұқаралық коммуникация саласындағы сарапшы, Ericson International коуч Алина Хаматдинова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық әзірмелер және халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры, Президенттік жастар кадр резервисі Азамат Жолманов сөз сөйледі. Бұл өте жарқын және қызықты пікірталас болды. Студеттер "Өзін – өзі дамыту", "Мансаптық өсуді ынталандыру" және "Көшбасшылық және эмоциялық әсер" тақырыптарында өздерінің құзыреттілік пен қызызығушылықтарының жоғары деңгейін көрсетті, ал спикерлер өз тарапынан тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың негізгі бөлімі аяқталғаннан кейін «сұрақ-жауап» форматында сессия өтті.

Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
12 февраля 2020
Анар Жаилғанова Біріккен Араб Әмірліктері елшісімен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Сұлтан Эсса Альджабермен кездесті.

МҚІА төрағасы елшіге мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелеріндегі және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпарат берді.

«Тұңғыш Президент-Елбасы мемлекеттік басқару саласында цифрландыру мен жаңа технологияларды қолдануға көп көңіл бөледі.  

Ел Президенті сондай-ақ мемлекеттік қызметтер мен жалпы экономиканы цифрландырудың маңыздылығын атап өтті. Жыл басында Ел Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, Дубайды әлемдік қаржы және туристік орталықтарыдың біріне айналуға мүмкіндік берген сіздің еліңізде жүргізілген реформаларға жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы біздің алдымызға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясындағы қызметімізді қайта құру жөнінде үлкен міндет қойды. Біздің барлық қадамдарымыз халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін барынша қолайлықты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Біз үшін жасанды интеллект қолданудағы сіздің еліңіздің тәжірибесі қызықты, себебі сіздерде әлемдегі алғашқы Жасанды интеллект университеті ашылды.

Экономиканың түрлі секторларын дамыту бойынша, соның ішінде цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту бойынша тәсілдеріңізді егжей - тегжейлі зерттеу үшін қазақстандық делегацияның БАӘ-ге сапары жоспарлануда», - деп атап өтті ол.

БАӘ сапары барысында «Смарт Дубаи» Кеңсесінің, Абу-Даби мемлекеттік акселераторының жұмыс тәжірибесін, Жасанды интеллект университетінің қызметін зерттеу бойынша бірқатар кездесулер жоспарлануда.

Өз кезегінде БАӘ-нің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі сапар барысында БАӘ министрлер кабинетінің және болашақ істері жөніндегі министрі Мухаммед Абдулла аль-Гергавимен, БАӘ-нің бақыт және амандық мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі және премьер-министр кеңсесінің бас директоры Охуд бинт Халфан Аль Руми мырзамен кездесулер жоспарланғанын атап өтті.

Мохаммад Ахмад Сұлтан Эсса Альджабердің айтуынша, бақыт БАӘ ұлттық саясатының мақсаттарының бірі болды. Әлеуметтік талдау және деректерді зерттеу саласындағы жетістіктер бақытты сандық бағалауға берілуіне ие болды және бұл мемлекеттік билік органдарына оның экономикалық құндылығын ескеруге мүмкіндік берді. Бақыт деңгейін анықтау үшін мемлекеттік қызметтердің сапасына маңызды рөл беріледі.

Оның айтуынша, БАӘ қазақстандық делегациясының сапары аясында мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы меморандум жобасын талқылау жоспарланған.

Сонымен қатар, қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді Жасанды интеллект университетінде оқыту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Кездесу соңында Агенттік төрағасы қоғамдық диалог, халықтың қажеттілігінің ашықтығы мен тиімді шешімі мемлекеттік органдар қызметіндегі басты басымдықтарға айналатынын атап өтті: «Қазір біз мемлекеттік қызметтің инновациялық моделіне көшу мәселелерін пысықтап жатырмыз, оның негізгі құрамдастары: тұтынушыға бағдарлану, ұтқырлық, бәсекеге қабілетті кадрлар үшін тартымдылық және адами ресурстарды тиімді бөлу болып табылады. Осы міндеттерді ескере отырып, бізге сіздің еліңіздің тәжірибесі өте қызықты».

Тараптар білім мен тәжірибе алмасу, азаматтардың игілігі үшін мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелерін талқылау үшін әлеуетті арттыру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісті.

Мемлекеттік қызмет
10 февраля 2020
Анар Жаилғанова Академиялық саяси зерттеулер институтының (GRIPS) ректоры Акихико Танакамен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Жапонияның Жоғары саяси зерттеулер мектебінің (GRIPS) ректоры Акихико Танакамен кездесті. Кездесу аясында Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамыту саласындағы қолданыстағы жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайы және осы бағыттағы екі елдің академиялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды.

МҚІА басшысы алғы сөзінде мемлекеттік қызмет институты жұмысының тиімділігін қамтамасыз етудегі шешуші рөл мемлекеттік қызметшілерді оқыту және қайта даярлау болып табылатынын атап өтті. 

Жапондық әріптестермен қалыптасқан ынтымақтастықтың арқасында қолданыстағы арнайы оқыту бағдарламалары шеңберінде МҚІА басшылық құрамының бірқатар өкілдері Акихико Танака мырза басқаратын институтта оқыды немесе оқиды.

Кездесу барысында Анар Жаилғанова қонақтарды Тұңғыш Президенті-Елбасының  Ұлт жоспары -100 нақты қадамды кезең - кезеңімен жүзеге асыру нәтижесінде мемлекеттік қызметтің отандық жүйесін реформалау туралы хабардар етті және оның болашақ даму үрдістері туралы айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік талантты жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт болып табылатын Президенттік жастар кад резервін құру бойынша жобаны жүзеге асырды.

Басқару құрамын жаңартумен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 25% - ға қысқарту міндеті тұр.

Мемлекеттік басқарудың жалпы контекстінде осы екі шара  шағын, бірақ тиімділігі жоғары және кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.

Жалпы, мемлекеттік қызмет саласындағы біз жүзеге асырып отырған саясат «үкіметтің тиімділігі» көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік банктің рейтингісінде Қазақстан 20 жыл ішінде 65 позицияға, 154 - тен 89-ға дейін көтерілді», - деп атап өтті А. Жаилғанова.

Өз кезегінде Акихико Танака мырза Агенттіктің ведомстволық бағынысты ұйымы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдірді. Тараптар мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, икемділігі мен жауапкершілігін арттыру үшін оларды дайындау тетіктерін үнемі жетілдіру қажеттігін талқылады.

2020 жылғы 10 ақпанда доктор Акихико Танака Академияның Дипломатия институтының магистранттарына дәріс оқыды. Дәріс Шығыс Азиядағы халықаралық саясат мәселелері мен аймақтағы Жапония позициясына арналды. 

Ол сондай-ақ Солтүстік Корея ядролық мәселесі мен «Бір белдеу – бір жол» Қытай бастамасының мәселелерін қозғады, магистранттардың сұрақтарына жауап берді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
07 февраля 2020
Анар Жаилғанова: соңғы 4 жыл ішінде әдеп бұзушылықтары шамамен 2,5 есеге азайды

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова 2019 жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындыларын, алдағы кезеңдегі міндеттерді және оларды іске асыру жоспарларын талқылау бойынша алқа отырысында мәлімдеді.

Алқа отырысындағы сөз сөйлеуінде, А. Жаилғанова алдын алу шаралары мен әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг тәртіптік тәжірибенің жағымды жаққа қарай өзгеруіне айтарлықтай ықпал еткендігін, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп бұзушылықтар санының азайғанын айтты.

  МҚІА басшысы атап өткендей, өткен кезеңде Әдеп жөніндегі кеңестердің 165 отырысы өтіп, онда 1118 мәселе қаралды. Қарастырылған мәселелердің негізінде Агенттікпен әзілгенген барлық ұсынымдар мен ұсыныстар орындалды.

Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңестердің мүшелері мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдап, әдеп құндылықтарын дамыту мақсатында Академия мен оның филиалдарында мемлекеттік қызметшілер үшін дәріс сабақтарын өткізіп, алдын алу бойынша іс-шараларға өздігінен қатысып, азаматтарды қабылдау шараларын жүргізді.

Оған қоса, Әдеп жөніндегі кеңестер мүшелерімен өткізілетін жыл сайынғы азаматтарды қабылдау шаралары мөлшерінің артуы байқалады. Осымен, өткен жылы 7592 рет азаматтарды қабылдау шаралары өткізілсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш тек 1756 құраған.

Кеңауқымды алдын алу жұмысының мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі деңгейін арттыруға мүмкіндік бергені айтылды.  

«Нәтижесінде, соңғы 4 жыл ішінде әдеп бұзушылықтар мөлшері шамамен 2,5 есе, яғни 746-дан 319-ға дейін азайды.

2019 жылы «Қоғам - Консалтинг» компаниясымен жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, зерттеуге қатысқан респонденттердің 80,3 % жүргізіліп жатқан реформалардың клиентке бағдарланушылыққа қол жеткізуге, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен айқындылығын бұдан әрі арттыруға мүмкіндік берді деп есептейді», - деп А. Жаилғанова атап өтті.

2019 жылы заңнамалық деңгейде құқық бұзушылықтарды азайтуға бағытталған жаңа нормалар қабылданды.  Мәселе  бағынышты қызметкерлердің құқық бұзушылықтары үшін басшылардың жауапкершілігін арттыруға және қызметтік әдепті бұзған тұлғалардың мансаптың өсуіне қойылатын шектеулерге қатысты түзетулер жайында.

Осымен, мемлекеттік органдардың басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша уәкілеттіліктерін қажетті дәрежеде орындамауы үшін тәртіптік жауапкершілік енгізілді.

Жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, кәсіби және басқарушылық тәжірибені тиімді қолдану мақсатында саяси мемлекеттік қызметшілердің ротациясы енгізілді.

Мемлекеттік қызмет
07 февраля 2020
МҚІА алқа отырысы: мемлекеттік аппаратты қысқарту ұтқырлықты арттыруды және үрдістерді оңтайландыруды талап етеді

Бүгін Агенттіктің 2019 жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындыларын, алдағы кезеңдегі міндеттерді және оларды іске асыру жоспарларын талқылау бойынша алқа отырысы өтті. Оған Президент Әкімшілігінің өкілдері мен Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының қызметкерлері, сонымен қатар бейне-конференция арқылы Агенттіктің аумақтық департаменттері қатысты.

Алқа отырысында сөз сөйлей отыра, МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Ұлт Жоспары - 100 нақты қадамның бірінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік аппаратты бұдан әрі кәсібилендіру мәселелері Агенттіктің жұмысындағы басым бағыт болып қалатынын ескертті.

Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған маңызды міндеттерінің бірі мемлекеттік аппаратты кезең-кезеңімен оңтайландыру болып табылады.

Аталған шараның мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін арттыру үшін қабылданып жатқанын ескертіп өткен жөн. Соның өзінде оңтайландыру нәтижесінде босатылатын қаражат әлдеқайда нәтижелі қызметкерлердің еңбекақысын өсіру арқылы ынталандыруға бағытталатын болады.

Бұл мәселенің мемлекеттік органдарда жоспарлы түрде енгізіліп жатқан факторлы-баллдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін жүзеге асыру бойынша тәсілдермен келісілетіні ескертілді.

Мемлекеттік аппаратты қысқарту ұтқырлықты арттыруды және үрдістерді оңтайландыруды, сонымен қатар мемлекеттік міндеттерді іске асыру шеңберінде кадрлардың саны мен сапасының салыстырмалы арақатынасын талап етеді.

Осыған байланысты Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдарда кадрлық жоспарлау бойынша стратегиялық HR-тәсілді енгізу мәселесі шешілуде.

Өткен жылдан бастап елордада, Ақмола және Қарағанды облыстарында мемлекеттік органдардың алдына қойылған стратегиялық міндеттерді және олардың сәйкестендірілген персоналдық қажеттіліктерін ескерумен ерекше және талантты адамдарды іздестіруді көдейтін болжамды жұмысты қарастырған пилот жүзеге асырылуда.

Өзінің алқа отырысындағы сөзін қорытындылай келе, Агенттік төрағасы қатысушылардың назарын Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тарапынан мемлекеттік аппаратқа қатысты оның жайбасарлығы, мәселелерге барабарлы және уақытылы көңіл аудара білместігі үшін айтылған сынға аударды.

«Мемлекеттік аппарат тиімді, оңтайлы және икемді болуы тиіс. Бұл жұмысты біз өзімізден бастауымыз керек.

Бірінші кезеңте Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің функционалдық талдауы жүргізіледі. Бұл бізге қызметтердің жасырын түрлерін анықтап, қосарлануын жоюға, және жалпы жұмыс мөлшерінің тепе-тең реттелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс аппараттың оңтайлы құрылымын және санын анықтауға алып келеді, сонымен қатар сәйкестендірілген құрылымдық бөлімдегі әрбір қызметкер үшін қажетті құзыреттіліктер шеңберін белгілеуге мүмкіндік береді.

Осы арқылы біз Агенттікте стратегиялық кадрлық жоспарлауға арналған тетіктерді құрамыз, ал бұл өз кезегінде әрі қарай барлық мемлекеттік аппаратқа тарала алады», - деп Агенттік төрағасы атап өтті.

Сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру және кейіннен оларды цифрландыру мақсатында талдау жүргізілетін болады.

«Бұл жерде Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты атап өткім келеді. Жалпы, Агенттік пен Хаб бірнеше жыл бойы табысты өзара іс-қимыл жасайды. Бірақ, практикалық нәрселерге көшкім келеді. Біз Агенттіктің кадрлық әлеуетін жетілдіруде және бизнес-процестерді цифрландыруда Хабтың көмегіне үміттенеміз.

Осының бәрі Агенттіктің мақсаттары мен міндеттерін нақты анықтап, оларды құрылымдық бөлімшелер деңгейіне дейін декомпозициялау, сондай - ақ шағын, икемді және цифрлық аппаратты қалыптастыру арқылы олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп өз сөзін МҚІА төрағасы қорытындылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
07 февраля 2020
Қазақстанда жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және сотталғандығы болуы не болмауы туралы, сондай-ақ басқа анықтамаларды алып тастау жоспарлануда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы барысында Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова мемлекетпен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын цифрландыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлінуде екендігін атап өтті.

«Мәселен, соңғы 3 жылда электронды түрде көрсетілген қызмет түрлері 1,5 есе өсіп, бұл мемлекеттік органдарда қағаз түрінде көрсетілетін қызмет түрлерінің екі есе азаюына әкелген», - деді ол.

Алқа отырысы барысында мемлекеттік қызметтер Тізілімінен бірнеше анықтама түрлерін алып тастау ұсынылды.

Бүгінде Тізілімде басқа мекемелерге растайтын ақпарат ретінде ұсыну үшін қажетті 58 түрлі анықтамалар, көшірмелер және хабарламалар, сондай-ақ өзге де құжаттар бар. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтамасын, жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтамасын және сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтамасы кең сұранысқа ие.

«Қазіргі уақытта мекен-жай анықтамасын жою мәселесі жүзеге асырылды. Біз анықтамалардың басқа түрлерін беру жөніндегі рәсімдерді кешенді тексеру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз», - деді Анар Жаилғанов.

Бұл шаралар мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттырады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, Агенттіктің алқа отырысы Президент Әкімшілігінің өкілдерінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы, Агенттік қызметкерлерінің, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық департаменттерінің бейнеконференцбайланысы арқылы қатысуымен өткізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
07 февраля 2020
Азаматтардың 85% қанағаттандырылды: МҚІА «Цифрлық агент» мобильді қосымшасына келіп түсетін өтініштерге тұрақты мониторинг жүргізуде

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде туындайтын мәселелерді шешу үшін азаматтар күнделікті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» механизмін қалыптастыру тетіктерінің бірі болып табылатын «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасына жүгінеді.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жылдық алқа отырысында айтылды.

Онлайн режимде келіп түсетін өтініштердің мониторингі Агенттікке жедел шаралар қабылдауға және барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Мәселен, 2019 жылы «Цифрлық агент» қосымшасы арқылы 24 мыңға жуық азамат өтініш білдірді. Оның 70% немесе 17 мың азамат Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Мемлекеттік кіріс комитетінің жұмысын– 27% (6,3 мың), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жұмысын – 3% (0,7 мың) бағалады. Бұл ретте өтініш білдірген азаматтардың 85% мемлекеттік қызмет сапасына қанағатты болған, ал 15%-ы шағым түсірген.

Сонымен қатар, алқа отырысында «Цифрлық агент» қосымшасын одан әрі жетілдіруді көздейтін бастамалар көтерілді.

Осылайша, қосымшада қызметалушылардың қойылған бағалары негізінде азаматтардың жалпы мемлекеттік органға, сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметке қанағаттану деңгейі қалыптастырылатын болады. Бұл әлсіз жерлерді анықтап, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелері бойынша алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызмет
07 февраля 2020
МҚІА алқа отырысы: мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамын арттыру үшін қосымша жағдайлар жасалды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2019 жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындыларын, алдағы кезеңдегі міндеттерді және оларды іске асыру жоспарларын талқылау бойынша алқа отырысы өтті. Оған Президент Әкімшілігінің өкілдері мен Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы Агенттіктің аумақтық департаменттері қатысты.

«Агенттікпен жүйелі түрде Мемлекет басшысының стратегиялық құжаттары мен жыл сайынғы жолдауларының ережелерін жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Агенттік жұмысында мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіру бойынша жұмыс басым бағыттардың бірі болып қала береді», - деп Анар Жаилғанова алқа отырысы барысында атап өтті.

Сапалы құрамды арттыру үшін қосымша жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы дамыту бойынша жұмыс жүргізілді.

Біріншіден, орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері өздерінің ведомстволарымен және аумақтық құрылымдық бөлімдерімен өткізілетін ішкі конкурстарға бірыңғай персоналды басқару қызметі болған жағдайда қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Екіншіден, мемлекеттік қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілерге (мемлекеттік қызметтен жағымсыз себеппен кеткен тұлғаларды қоспағанда) бір ай ішінде тестілеуден өтпей ақ конкурстарға қатысу мүмкіндігі берілді.

Үшіншіден, бос басшылық лауазымдарды шұғыл толтыру үшін міндеттерді уақытша атқару мерзімі 3 айға шектелді. Соның өзінде басшылардың міндеттерін көмекшілерге және кеңесшілерге уақытша артуға шек қойылды.

Төртіншіден, мемлекеттік қызметке қайта түсетін тұлғалар үшін сынақ мерзімі жойылды. Бұл тұлғалар қатарына қызметті бағалау нәтижелері, сынақ мерзімі, аттестаттау қорытындысы бойынша немесе жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалар кірмейді.

Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі күшейтілді. Бағынышты қызметкерлердің жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі енгізілді және қызметтік әдепті бұзғаны үшін шешілмеген тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсіуіне шектеу қойылды.

Құзыретті мамандарды тартуға қосымша жағдайлар жасалды. Әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындауға құқығы бар адамдардың саны кеңейтілді, оған жетекші шетелдік университеттердің PhD докторларын және халықаралық, шетелдік және трансұлттық ұйымдарда соңғы бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, сонымен қатар Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар кіреді.

Социальные сети
Instagram
Telegram
Facebook
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы