"Менің отбасым" отбасылық фотосуреттер байқауының ережесі

БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің

Ақмола облысы бойынша

департаментінің басшысы

Б.Беспалинов__________

«___»___________2022 ж.

 

 

«Менің отбасым» атты отбасылық фотосуреттер байқауының ережесі

 

1. Жалпы ережелер

  • Аталмыш ереже байқауға қатысу шарттары мен тәртібін анықтайды.
  • Байқау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күніне орай ұйымдастырылады.
  • Байқау мемлекеттік қызметшілердің тек кәсіби қызметте ғана емес, сонымен қатар отбасылық өмірдегі оң бейнесін насихаттауға бағытталған.
  • Байқауға Ақмола облысының аудан (қала) әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.
  • Байқауды өткізу мерзімдері - а.ж. 01 - 20 маусымы.

Фотосуреттерді қабылдау а.ж. 01 - 10 маусымы аралығында жүргізіледі.

Суреттерді @elgeqyzmet.aqmola парақшасында жариялау – а.ж. 10 маусымы.

Қатысушылардың фотосуреттері үшін дауыс беру – а.ж. 10 - 19 маусымы аралығында жүргізіледі.

Байқаудың нәтижесін жариялау – а.ж. 20 маусымы.

 

2. Мақсаты мен міндеттері

МАҚСАТЫ: мемлекеттік қызметшілердің тек кәсіби қызметте ғана емес, сонымен қатар отбасылық өмірдегі оң бейнесін насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді ата-ана немесе бала рөлінде көрсету, отбасылық құндылықтарды дамыту.

 

МІНДЕТТЕРІ:

  • мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру;
  • мықты әрі мерейлі отбасын насихаттау;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • отбасы институтына қоғамның назарын аудару;
  • отбасыларды шығармашылыққа тарту;

 

3. Байқауды ұйымдастырушы:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент).

Байқауды ұйымдастырушы Ұйымдастыру комитетін құрады, оның функцияларына жататындар:

  • байқауды өткізу туралы хабарландыру жариялау,
  • ақпараттық жұмыс жүргізу (байқаудың шарттарын Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, жергілікті БАҚ-та жариялау),
  • байқаудың қатысушыларын іріктеу,
  • қатысушылардың фотосуреттерін @elgeqyzmet.aqmola парақшасында жариялау,
  • жеңімпаздарды анықтау,
  • дауыс беру кезінде арнайы бағдарламаларды қолданатын қатысушыларды байқаудан шеттету.

 

4. Байқауды өткізу шарттары мен мерзімдері:

Байқауға алынбаған тәртіптік жазалары жоқАқмола облысының аудан (қала) әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.

Байқау қатысушыларын іріктеуді ұйымдастыру комитеті іске асырады.

Байқауға қатысатын мемлекеттік қызметшінің фотосуретінде оның отбасы болуы міндетті. Олардың құрамына жақын отбасы мүшелері: ата-анасы, балалары, ата-әжесі және басқа туыстары кіреді.

Бір отбасы – бір фотосурет ұсына алады.

Фотосуреттің қысқаша комментарийі (сипаттамасы), оның ішінде фотосуретте көрсетілген отбасы мүшелерінің есімдері, фотосуреттің жасалған жері мен уақыты болуы тиіс. Сонымен қатар қосымша қызықты оқиғаның сипаттамасын, қанатты сөздер, афоризмдер немесе жүректен шыққан кез-келген сөздерді жазуға болады.

Байқауға ұсынылған фотосуреттер кәсіби және жеке түсірілген суреттер болуы мүмкін.

 

5. Байқауды ұйымдастыру тәртібі:

  • Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:
  • Байқауға қатысу үшін қатысушы өтінішті толтырып (1 қосымша), оны фотосуретпен және оның сипаттамасымен қоса Департаменттің электронды почтасына (baspasoz_kyzmet@mail.ru) немесе WhatsApp нөміріне (87055975174) жолдайды.
  • а.ж. 10 маусымынан кейін жіберілген өтініштер қарастырылмайды.
  • фотосуреттердің сапасы жақсы, кем дегенде 800*600, JPG форматта болуы тиіс.
  • қатысушылардың фотосуреттері мен олардың сипаттамалары Инстаграмдағы @elgeqyzmet.aqmola парақшасында а.ж. 10 маусымы жарияланады.
  • дауыс беру а.ж. 10 – 19 маусымы аралығында жүргізіледі.

 

  • Фотосуреттерге дауыс беру шарттары:
  • фотосуретке дауыс беру үшін @elgeqyzmet.aqmola парақшасына жазылу және ұнаған суретке лайк басу қажет.
  • фотосуреттерге дауыс беру барысында арнайы бағдарламаларды қолдануға, жағымсыз пікірлер қалдыруға болмайды.

 

6. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

 

  • а.ж. 20 маусымда ұйымдастыру комитеті жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздарды анықтау барысында ескерілетін критерийлер:
    • Фотосуретті ңконкурс тақырыбына сәйкес келуі;
    • Фотосуреттің сапасы;
    • Фотосуреттің сипаттамасының мазмұндылығы.

 

Байқау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған фотосурет жеңімпаз болып танылады. Жеңімпаз арнайы сыйлықпен және дипломмен марапатталады.

  • байқау жеңімпаздары туралы ақпарат 20 маусым Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында @elgeqyzmet.aqmola парақшасында жарияланады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/311291?lang=kk

 

1 қосымша

 

Байқауға қатысушының өтініші

 

Мемлекеттік орган атауы

 

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты

Қатысушының лауазымы

Қатысушының мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 мая 2022