ТЫҢДАЛЫМ
1-диалог бойынша тест тапсырмалары.
1. Дұрыс нұсқаны табыңыз.
Оқиға ........... өтіп жатыр.
а) кітапханада
ә) аудиторияда
б) университетте
в) кітап дүкенінде
2. Диалог мазмұны бойынша қате ақпаратты табыңыз.
а) Сөздік сатылмайды.
ә) Оған сөздікті көрсетті.
б) Сөздікті көрсетуін өтінді.
в) Сөздіктің бағасын сұрады.
2-диалог бойынша тест тапсырмалары.
3. Диалогке сәйкес нұсқасын табыңыз.
а) Олар сурет көрмесіне барды.
ә) Олар қаланы өз көлігімен аралады.
б) Ағасын демалыс күні қаламен таныстырады.
в) Қаламен танысуды мәдени орындардан бастайды.
4. Диалог бойынша дұрыс нұсқаны табыңыз.
а) Ол сәулет ескерткішімен таныс.
ә) Оны тарихи орындар қызықтырды.
б) Оны қаланың барлық жері қызықтырады.
в) Ол тарихи орындарды жаяу аралығысы келді.
5. Диалог бойынша дұрыс нұсқаны табыңыз.
а) Нұрболдың өз көлігі бар.
ә) Нұрбол қаланы жаяу аралатқысы келді.
б) Олар қандай көлікке отыратынын білмеді.
в) Нұрболға қалада тамашалайтын орындар туралы айтты.
3-диалог бойынша тест тапсырмалары.
6. Негізгі ақпаратты табыңыз.
а) Спорт колледжінің жұмысы.
ә) Колледждегі студенттер саны.
б) Колледжде жаңа залдың ашылуы.
в) Колледждің он жыл бұрын ашылуы.
7. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.
а) Колледжде жаттығу залдары көп.
ә) Жақында жаңа жаттықтыру залы ашылады.
б) Колледж әр сала бойынша маман дайындайды.
в) Колледжде екі жүзден астам студент білім алады.
8. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.
а) Колледждің жаттықтыру залы жеткілікті.
ә) Колледжде спорт чемпиондары жаттықтырады.
б) Колледжде спорттың әр түрі бойынша маман дайындайды.
в) Колледж залдары жаттықтыру құралдарымен қамтамасыз етілген.
4-диалог бойынша тест тапсырмалары.
9. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.
а) Таңертең күн жылы болды.
ә) Қазан айында күн жылы болады.
б) Ол таңертең жылы киініп шықты.
в) Баласы таңертең тамақтанып шықты.
10. Сұхбатта жылдың қай мезгілі айтылғанын көрсетіңіз.
а) жаз
ә) күз
б) қыс
в) көктем
11. Диалогке сәйкес ақпаратты табыңыз.
а) Немересі сорпа ішеді.
ә) ол әжесімен шай ішеді.
б) Баласы әжесімен бірге сорпа ішеді.
в) Немересі атасымен бірге сорпа ішеді.
12. Дұрыс ақпаратты табыңыз.
а) Баласы шай әзірледі.
ә) Атасы бірден шай ішті.
б) Атасы атқа жем беруге кетті.
в) Атасының сорпа ішкісі келді.
1-мәтін бойынша тест тапсырмалары.
13. Мәтін тақырыбын табыңыз.
а) Еңбек ері - Қажымұқан.
ә) Күш атасы - Қажымұқан.
б) Күміс жүлделі - Қажымұқан
в) Алтын жүлдегер - Қажымұқан.
14. Қате пікірді анықтаңыз.
а) Қажымұқан - алтын, күміс медаль иегері.
ә) Қажымұқан - бүкіл өмірін күреске арнаған адам.
б) Қажымұқан - тарихтағы тұңғыш кәсіпқой балуан.
в) Жері мен халқын өзге жұртқа танытқан - Қажымұқан.
15. Тірек сөздер қатарын табыңыз.
а) қазақ, түрік, ресей
ә) империя, заман, айқас
б) медаль, кілем, қожайын
в) тұңғыш, балуан, чемпион
16. Дұрыс ақпаратты анықтаңыз.
а) XX ғасырда үлкен күш иелері көп болды.
ә) Қажымұқан - әлем чемпионы атанған қазақтың күштісі.
б) Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күштілер көп.
в) XX ғасырдың басында түркі халықтарында күштілер көп болды.
2-мәтін бойынша тест тапсырмалары.
17. Мәтін тақырыбын таңдаңыз.
а) Ең биік ағаш
ә) Ең ұзын ағаш
б) Ең қалың ағаш
в) Ең ұзақ жасайтын ағаш
18. Сөйлемді толықтырыңыз.
Мәтіннің алғашқы бөлігінде ............. ағаш туралы ақпарат берілген.
а) биіктігі алты метр
ә) төрт мың жыл өмір сүрген
б) ұзындығы 150метр
в) адамның құшағы жетпейтін
19. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз.
а) Ең көне ағаш қанша жыл жасады?
ә) Ең ұзақ өмір сүретін ағаш қай елде?
б) Төрт мың жылдан астам өмір сүрген ағаш бар ма?
в) Әр елде өздерінің ұзақ жасайтын ағаштары бар ма?
20. Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз.
а) метр, алып, жуан
ә) сүру, кипарис, биік
б) ең көне, ағаш, жас, жыл
в) өсімдік, құрлық, сегіз, ғұмыр
ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ БӨЛІК.
1. Қажетті қосымшаны жалғаңыз.
Анам екінші ұлы.... тұрып жатыр.
а) -пен
ә) -мен
б) -нің
в) -нікі
2. "Еңбек" сөзіне жалғанатын қосымшаны белгілеңіз.
Бірге жұмыс істеу үшін еңбек...... адамдарды таңдауымыз керек.
а) -еке
ә) -қор
б) -паз
в)-қой
3. Қосымша жалғанғанда түбірі өзгерген сөзді табыңыз.
а) төсегің
ә) үстелің
б) көрпенің
в) орындықты
4. Қосымша жалғанғанда түбірі өзгерген сөзді қойыңыз.
Ағамның ............ жақсы екен.
а) жағдайы
ә) жарақаты
б) денсаулығы
в) қан қысымы
5. "Артық" сөзіне қарсы мағынадағы сөзді белгілеңіз.
а) аз
ә) көп
б) кең
в) кем
6. "Ақылды" сөзіне қарсы мағынадағы сөзді белгілеңіз.
а) адал
ә) білімді
б) ақымақ
в) ұқыпты
7. "Қайырымды" сөзіне мағыналас сөзді белгілеңіз.
а) беделді
ә) белсенді
б) мейірімді
в) қонақжай
8. "Алғыр" сөзіне мағыналас сөзді белгілеңіз.
а) зерек
ә) белгілі
б) сыпайы
в) талантты
9. Екі сөздің бірігуінен жасалағн сөзді табыңыз.
а) халық
ә) азамат
б) елтаңба
в) мемлекет
10. Сөздің екінші бөлігін қойыңыз.
Оқушылардың ата-...... шақыртып жатырмыз.
а) әжесі
ә) анасын
б) әкелерін
в) балаларын
11. Мемлекеттің атын белгілеңіз.
а) ДСҰ
ә) БҰҰ
б) АҚШ
в) ТМД
12. Еркелету мағынасындағы сөзбен толықтырыңыз.
............., қызымның көйлек таңдауына көмектесші!
а) Нұртай
ә) Көкетай
б) Еркеназ
в) Назерке
13. Сыйлау мағынасында айтылған сөзді табыңыз.
а) Нағашыларым келе жатыр.
ә) Нағашылар жоғары шықсын.
б) Нағашеке, жоғары шығыңыз!
в) Туысқандарды қарсы алайық
14. Саналмайтын затты белгілеңіз.
а) бауырсақ
ә) самса
б) нан
в) қант
15. Дұрыс жауапты белгілеңіз.
- Қазақконцертке неге бара жатырсыңдар?
а) Жазушылармен кездесу болды.
ә) Бір жазушының мерейтойына қатысуға.
б) Қазақстан жұлдыздарының концерті өтті.
в) Барлық жұлдыздар қатысқан концертті көрдік.
16. Қажетті сөзді белгілеңіз.
Шетелге ....... бардым.
а) көруді
ә) аралау
б) демалуға
в) зерттеуден
17. Дұрыс жауапты белгілеңіз.
- Қ. Қуанышбаев атындағы театр қашаннан бері жұмыс істейді?
- ...................................
а) Қойылымдары маған ұнайды.
ә) Ертеңнен бастап театрда жұмыс істеймін.
б) Отызыншы жылдардан бастап жұмыс істейді.
в) Келесі жылдан театр күрделі жөндеуден өтеді.
18. Диалогті толықтырыңыз.
-Жылуды қашан берді?
- ....................
а) Кеше
ә) Ертең
б) Бүгінде
в) Таңертеңге
19. Дұрыс жауапты белгілеңіз.
-Келесі семинарды қашан өткіземіз?
- ....................
а) Қаңтарда
ә) Жаз бойы
б) Желтоқсан
в) қыстан бері
20. Сөйлемді толықтырыңыз.
Полиция департаменттері бастықтарының кезекті конференциясы ........ өтеді.
а) шілдеге
ә) тамызда
б) қазанмен
в) қыркүйектен
21. Қажетті сөзді белгілеңіз.
- Арман, керек мәліметтерді ........... белгілеп отыршы.
а) қаламды
ә) маркерден
б) өшіргіштің
в) қарындашпен
22. Сөйлемді толықтырыңыз.
......... жазылған жерлерді оқып шықтым.
а) Көк сияның
ә) Қара қаламнан
б) Қызыл қаламмен
в) Жасыл қарындаш
23. Заттың иесі көрсетілген сөйлемді табыңыз.
а) Дәмханада тамақтанып отырмыз.
ә) Дәмханада дәмді тамақтар көп екен.
б) Ербол Тілегенұлының дәмханасы бар.
в) Дәмхана тек шығыс тағамдарын дайындайды.
24. Қажетті сөзді белгілеңіз.
Ядролық қару туралы сөйлеген адам .......... елшісі.
а) Грецияда
ә) Грузиядан
б) Италияның
в) Армениямен
25. Қажетті сөзді белгілеңіз.
Жаңағы ........... жігіт - жаңадан келген басқарма басшысы
а) үлкен кісі
ә) қара жігіт
б) аққұба қыз
в) ұзын бойлы
26. Адамның қасиетін білдіретін қатарды белгілеңіз.
а) тар, қысқа
ә) арзан, қымбат
б) көңілді, сабырлы
в) арық, ұзын бойлы
27. Қажетті сөзді белгілеңіз.
Адамдар .......... жерге көшірілді.
а) зиянды
ә) әділетті
б) қаіупсіз
в) пайдасыз
28. Диалогті толықтырыңыз.
- Мына пілдің биіктігі қанша болады?
- ....... метр.
а) Екі
ә) Үшеу
б) Ондай
в) Оннан бір
29. Заттың ретін білдіретін сөзі бар сөйлемді табыңыз.
а) Отбасымда үшінші баламын.
ә) Екеуіміздің отбасымыз үлкен.
б) Обасымызда бес бала болдық.
в) Қырықтан аса отбасы пәтер алды.
30. Диалогті толықтырыңыз.
- Азиада ойындарына билет алдық.
- Нешінші қатарға?
- ...............
а) Алтау
ә) Он екінші
б) Жиырмадай
в) Алты-алтыдан
31. Дұрыс жауапты белгілеңіз.
- Жаңа пәтердің кілтін қайда қойдың?
а) Олар менде
ә) Сіз ашыңыз
б) Сізді күттім
в) Оған айттым
32. Сөйлемді толықтырыңыз.
.......... аяқталған істер туралы мәліметтер бар ма?
а) Бізбен
ә) Оларды
б) Сендерде
в) Сіздерден
33. Сөйлемді толықтырыңыз.
- Бұрын келген адамдар ........ көргендерін айтты.
а) сені
ә) онда
б) олар
в) сізбен
34. Дұрыс нұсқаны белгілеңіз.
...... басқа ешкім бізге көмекке келмеді.
а) Біздің
ә) Олардан
б) Сіздерге
в) Сендерді
35. Дұрыс нұсқаны белгілеңіз.
........... жаңа пәтері қала орталығынан алыста екен.
а) Оның
ә) Сенің
б) Менің
в) Сіздің
36. Қажетті сөзді белгілеңіз.
Метроның ашылуына .......... барасың ба?
а) одан
ә) сенің
б) сізден
в) бізбен
37. Сөйлемді толықтырыңыз.
.......... бірге стадионға жетіп алайын.
а) Сіздерде
ә) Сіздердің
б) Сіздермен
в) Сендерден
38. Қажетті нұсқаны табыңыз.
........... дейін бұл әуежай туралы естімеппін.
а) Бұған
ә) Содан
б) Мынада
в) Сонымен
39. Сөйлемді толықтырыңыз.
Бұл оқиға туралы ........ айттың?
а) нешеден
ә) кімдерге
б) нелерден
в) қайсымен
40. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.
Әуежайда азаматтардың құжаттарын тексереді.
а) неге?
ә) нені?
б) кімді?
в) кімде?
41. Қажетті сөзді белгілеңіз.
Спортшылар ....... елінің намысын қорғау үшін бар күшін салады.
а) өз
ә) өзін
б) өзің
в) өзім
42. Мақалды толықтырыңыз.
....... үйім - өлең төсегім.
а) өз
ә) өзі
б) өзіміз
в) өздерің
43. Сөйлемді толықтырыңыз.
- Қызметкерлерге жиналыстың болмайтыны туралы ............. айтасыз ба?
а) өзі
ә) өзім
б) өзіңіз
в) өзіміз
44. Қажетті сөзді белгілеңіз.
Сол үшін ............ қатты кінәлады.
а) өзімді
ә) өзін-өзі
б) өзіне-өзі
в) өзінен-өзі
45. Сөйлемді аяқтаңыз.
Мен Жанаттың ата-анасын ешқашан ............ .
а) сөйлеген емес
ә) көрген емеспін
б) алған емессіздер
в) естіген емессіңдер
46. Сәйкес келетін сөзді белгілеңіз.
Қонақтарды қарсы алуға ешкім ............ .
а) салған жоқ
ә) барған жоқ
б) жүрген жоқ
в) қуанған жоқ
47. Бұрын орындалған іс-әрекетті табыңыз.
а) Әкем бұл үйді әжеме салып жатыр.
ә) Біздің көшеде өте биік үй салынды.
б) Бұл үй біздің бала кезімізде салынған.
в) Жаңа салынған үйлердің ас бөлмелері кең.
48. Сөйлемді аяқтаңыз.
Абай қазақ елін әлемге .......... .
а) қараттық
ә) танытқан
б) көрсеттім
в) таныстырды
49. -те" қосымшасымен сөз жасаңыз.
а) үтік
ә) шам
б) қамшы
в) қасық
50. "Қол" сөзіне жалғанып, жаңа сөз жасайтын қосымшаны көрсетіңіз.
а) -а
ә) -ар
б) -ды
в) -шық
51. Қажетті сөзді белгілеңіз.
.......... ақындар айтысы мейрам сайын өткізілетін.
а) Ерте
ә) Қазір
б) Ертең
в) Бұрын
52. Іс-әрекеттің мезгілі туралы сөйлемді табыңыз.
а) Бұл адамдардың құпиясы көп.
ә) Біз биыл көптеген құқық бұзушылықты анықтадық.
б) Басшы ұсыныстарымызды қолдады.
в) Азаматтардың өтініштері бір ай қаралды.
53. Қажетті сөзді қойыңыз.
Денсаулықты сақтау үшін ......... жақсы тамақтану қажет.
а) ең
ә) өте
б) аса
в) тым
54. Дұрыс нұсқаны белгілеңіз.
......... уақытын білмеймін, осы оқиға туралы газетке шығады.
а) Аса
ә) Өте
б) Тым
в) Нақты
55. Қажет сөзді табыңыз.
Кездесуіміз қызықты өтті, .......... көп қонақтар әңгімеге араласпай отырды.
а) алайда
ә) әйтпесе
б) болмаса
в) әйтпегенде
56. Сөйлемнің жалғасын табыңыз.
Ағам суда жақсы жүзеді, ...............................
а) өйткені шебер жүзе білу керек.
ә) себебі судың ішінде дене жеңілдейді.
б) бірақ мектептегі жарыстарға қатыспайды.
в) дегенмен суда жүзу денсаулыққа пайдалы.
57. Адамды өзіне қарату үшін айтылатын сөзді белгілеңіз.
а) Адам
ә) Жігітім
б) Құлыным
в) Немересі
58. Сөйлемдердің мағынасын анықтаңыз.
- Бәрекелді, балам! Домбырада жақсы ойнайды екенсің.
а) қуану
ә) ренжу
б) риза болу
в) көңілдену
59. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.
а) Боливияда орналасқан әлемдегі ең үлкен тропикалық орман.
ә) Боливияда ең үлкен тропикалық әлемдегі орман орналасқан.
б) Әлемдегі еі үлкен тропикалық орман Боливияда орналасқан.
в) Әлемдегі ең үлкен Боливияда орналасқан тропикалық орман.
60. Қате құрылған сөйлемді табыңыз.
а) Айдана бос уақытында кітап оқиды.
ә) Бос уақытта денсаулықты күту қажет.
б) Бос уақытымызды тиімді пайдаланайық.
в) Ермек бос уақытында айналысады тау шаңғысымен.
ОҚЫЛЫМ БӨЛІГІ
1-мәтін
Асханада
Біздің мекеме орналасқан он екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында үлкен асхана бар. Асхана бірінші қабаттың сол жақ бөлігін толық алып жатыр. Асхана кең, таза әрі жарық. Асүй тамақ әзірлеуге қажетті техникамен толық жабдықталған. Асхана аспаздары әзірлеген тамақтар да өте дәмді. Асханада ыстық тамақтан үнемі ет, қуырдақ, ботқа, сорпа, кеспе дайындалады. Балықтан, теңіз өнімдерінен дайындалған тағамдар да бар. Асханада түскі асқа арналған тамақтың бірнеше түрі бар. Сүт қосылға шай немесе көк шай алуыңызға болады. Сусынға жеміс шырындарын береді. Көкөністің көп түрінен жасалатын салаттары да дәмді.
1-мәтін бойынша тест тапсырмалары.
1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
а) Салаттарды түрлі көкөністерден жасайды.
ә) Сусынға әртүрлі жеміс шырынын алуға болады.
б) Асхана екінші қабаттың сол жағында орналасқан.
в) Ас әзірлеуге арналған техниканың барлық түрі бар.
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
а) Асханада түскі ас қанша тұрады?
ә) Асхана нешеге дейін жұмыс істейді?
б) Асханада даяшылар қызмет көрсете ме?
в) Асханада қандай тағамдар дайындалады?
3. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
а) Асханада сусынға көк шай аласыз.
ә) Асхана біздің ғимаратта орналасқан.
б) Асханада ыстық тамақ күнде бола бермейді.
в) Түскі асқа теңіз өнімдерінен ғана тағамдар дайындайды.
4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
а) асхана, тамақ, сусындар
ә) асхана, қуырдақ, көкөністер
б) асүй, сусындар, шырындар
в) тамақ, теңіз өнімдері, сүт қосылған шай
5. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
а) Мекеменің бірінші қабатында кең, таза және қажетті техникамен толық жабдықталған асхана бар.
ә) Біздің мекеменің бірінші қабатының сол жақ бөлігін толық алып жатқан, кең, таза, жарық асхана бар.
б) Мекеменің бірінші қабатының сол жақ бөлігін толық алып жатқан, кең, таза, жарық және қажетті техникамен толық жабдықталған асхана бар.
в) Біздің мекеменің бірінші қабатында орналасып, сол жақ бөлігін толық алып жатқан кең және қажетті техникамен толық жабдықталған асхана бар.
2-мәтін
Түйіндеме
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы
Абай даңғылы, 128-үй.
телефон: 87017249882
Айдарова Назия Жолдасбекқызы
Туған жылы: 12.09.1974
Ұлты: қазақ
Жынысы: әйел
Отбасы жағдайы: тұрмыста
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: жоғары
1996-1998 жж. Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық университет,
экономика факультеті
1991-1996 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, заң факультеті
Жұмыс тәжірибесі: 2002-2012 жж. №12 клиникалық аурухана, экономист
1999-2002 жж. Нотариалдық кеңсе, кеңесші заңгер
Тіл білуі: қазақ тілі - ана тілі, орыс тілі - өте жақсы, ағылшын тілі - сөздікпен
Компьютерлік білімі: WORD, Exsel
Жеке қасиеттері: еңбекқор, ұқыпты, белсенді, салмақты, қабілетті
Жақсы көретін ісі: көркем әдебиет, спорт.
2-мәтін бойынша тест тапсырмалары:
6. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
а) Жұмыс тәжірибесі 10 жыл.
ә) Орыс тілін өте жақсы меңгерген.
б) Заң және экономикалық жоғары білімі бар.
в) Көркем әдебиет шығармаларын оқығанды жақсы көреді.
7. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
а) Отбасында неше адам бар?
ә) Түйіндеме жазудың талаптары қандай?
б) Түйіндемеде қосымша мәліметтер бар ма?
в) Компьютерлік білімі туралы мәлімет бар ма?
8. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
а) Ол заң факультетінің студенті болды.
ә) Ол №12 аурухананың дәрігері болып жұмыс істеді.
б) Т.Рысқұлов атындағы университеттің заң факультетін бітірген.
в) Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың экономика факультетін бітірген.
9. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
а) факультет, заң, білім.
ә) түйіндеме, білім, тәжірибе.
б) тәжірибе, компьютер, есепші.
в) түйіндеме, университет, отбасы.
10. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
а) Түйіндемеде аты-жөні, азаматтығы, жұмыс тәжірибесі, компьютерлік білімі көрсетілуі керек.
ә) Түйіндемеде аты-жөні, азаматтығы, білімі, жұмыс тәжірибесі, тіл білуі, компьютерлік білімі көрсетілуі керек.
б) Түйіндемеде аты-жөні, отбасы жағдайы, азаматтығы, білімі, жұмыс тәжірибесі, тіл білуі, компьютерлік білімі көрсетілуі керек.
в) Түйіндемеде аты-жөні, отбасы жағдайы, азаматтығы, жоғары білімі, жұмыс тәжірибесі, тіл білуі, компьютерде WORD, Exsel-ді білетіндігі көрсетілуі керек.
3-мәтін
Жақсы сөз - жарым ырыс
Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар әрбір сөйлеушінің ақылы мен мәдениетінің көрсеткіші. Орынды қолданылған сөз ғана жүрекке жол табады.
Ертеде бір патша болыпты. Бірде ол адам түс көріпті. Түсінде барлық тістері бір-бірлеп түсіп қалғанын көрген ол, ұйқыдан тұрысымен түс жорушыны шақыртады. Түсті тыңдаған жорушы: "Мен қайғылы хабар жеткізгелі тұрмын. Сіздің түсіңіздегі түсіп қалған тістеріңіз - туыстарыңыз ғой. Туыстарыңыз бір-бірлеп өледі екен"-депті. Сол кезде оны жаман хабар айтқаны үшін жазалапты. Келесі шақырылған түс жорушы: "Бұл түсіңіз өте бір жағымды екен. Сіз туыстарыңыздан да ұзақ уақыт өмір сүресіз" - деген екен. Риза болған патша оған көп алтын сыйлапты. Сонда сарайдағылар тақ қалып:"бірінші түс жорушы да солай деген жоқ па?" дейді. Екінші түс жорушы: "Иә, біз екеуіміз де түсті бірдей жорыдық. Бірақ әңгіме қалай болуында емес, қалай айтуда"-деп жауап береді. Сол себепті бүгін айтылған бір сөз - ертең тағдырыңды өзгертуі мүмкін.
3-мәтін бойынша тест тапсырмалары:
11. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
а) Тіл - қатынас құралы.
ә) Бүгінгі сөз - ертеңгі тағдыр.
б) Тағдырыңа тек өзің жауаптысың.
в) Әңгіменің айтылуы өте маңызды.
12. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
а) Патша неліктен ондай түс көрді?
ә) Түсті жорушыларға сенуге бола ма?
б) Түс жорушылар неге әртүрлі жориды?
в) Патша екінші түс жорушыға неге көп алтын берді?
13. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
а) Адам тағдыры ешкімге белгісіз.
ә) Сөздердің мәнін көп адам түсінбейді.
б) Орынды сөз ғана жүрекке жол табады.
в) Адам мәдениетінің көрсеткіші тілмен байланысты.
14. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
а) түс, ақыл, сөз.
ә) түс, патша, тағдыр.
б) тағдыр, тіл, әңгіме.
в) алтын, патша, мәдениет.
15. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
а) Адамның тілі - қарым-қатынас құралы.
ә) Адамның тілі - қатынас құралы және мәдениетінің көрсеткіші.
б) Адамның тілі - қатынас құралы және ақылы мен мәдениетінің көрсеткіші.
в) Адамның тілі - қарым-қатынас жасаудың құралы және ақыл мен сөз байланысының көрсеткіші.
4-мәтін
35 жыл бұрын Билл алғаш "Microsoft Corporation" компаниясын ашып, дүниежүзіне ақпараттық технологияға персоналды компьютер шығаруымен жаңалық алып келді. Сол кезден бастап оның өмірі толығымен өзгерді.
Миллиардер қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі - заңгер. Анасы жай ғана мұғалім болғанымен, мінезі қатты болған екен. Ата-анасының айтуы бойынша: "Билл кішкентай кезінен мінезі қиындау әрі ауыр болыпты". Мектепте оқып жүргенде көп сөйлемейтін, сабақты аса жақсы оқымайтын, әлсіз, арық болған. Үнемі бөлмесін жинамайтын Биллге бір күні анасы ренжіп, төменгі қабаттағы бөлмеге көшіріп тастайды. Содан кейін Билл сұрақ қойса, жауап бермейді. Тамақ ішуге шақырса, келмей жүреді. Анасы бұл үшін қатты уайымдаған. Психологиясына әсер етті ме деп ойлаған ата-анасы баласын психологке апарады. Бір-екі сеанстан кейін дәрігер "Бұл балаға ұрысудың қажеті жоқ, бәрібір жеңе алмайсыздар. Мінезі қиын адам. Онымен тіл табысып көріңіздер"-деген кеңес береді. Қамқор әкесі мен анасы сол күннен бастап Биллді түсіне бастайды.
"Мінезі қиын болғанымен ішкі сезімі, ойлау қабілеті жоғары болатын"-дейді әкесі. Бір қызығы Гейтс мектепте оқыған кезде тек қана математиканы жақсы оқып, компьютерлік бағдарламамен айналысуды ұнатыпты. Қалған сабақтарды оқығысы келмеген. Билл: "Мен мектепте оқып жүргенде компьютерге қатты қызығатынмын. Таңертеңнен кешке дейін компьютер класында отыратынмын. Барлық компьютерлік бағдарламаларды зерттейтінмін", - дейді.
4-мәтін бойынша тест тапсырмалары:
16. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
а) Гейтстің мінезі жұмсақ болған.
ә) Гейтс математиканы жақсы оқыған.
б) Ол компьютер алдында ұзақ отырған.
в) Билл Microsoft компаниясын ашқан миллиардер.
17. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
а) Билл компьютерді өте жақсы білген.
ә) Сыныптастарына математикадан көмек беретін.
б) Ең жақсы досымен Microsoft компаниясын ашқан.
в) Компьютерлік технологияға байланысты кітаптары көп.
18. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
а) Билл Гейтс, бағдарлама, отбасы.
ә) Microsoft Corporation, компьютер, компания.
б) Гейтс, компания, компьютерлік бағдарламалар.
в) Миллиардер, әкесі, компьютерлік бағдарламалар.
19. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
а) Билл Гейтстің бала кезінде мінезі өте қиын болған.
ә) Биллдің ойлау қабілеті жоғары болатын.
б) Биллдің мінезі қиын болғанымен, ойлау қабілеті жоғары болатын.
в) Биллдің мінезі қиын, бірақ ішкі сезімі, ойлау қабілеті жоғары болатын.
20. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Билл Гейтстің психологі ата-анасына қандай кеңес берді?
а) Балаға ұрысудың қажеті жоқ, себебі мінезі жұмсақ.
ә) Балаға ұрысудың қажеті жоқ, тіл табысып көріңіздер.
б) Балаға ұрысудың қажеті жоқ, себебі тіл табысу қиын.
в) Балаға ұрысудың қажеті жоқ, уақытында бәрін өзі түсінеді.