Ертіс ауданы оңтүстігінде Ақтоғай ауданымен, шығысында Железин ауданымен және Тереңкөл аудандарымен Ертіс өзенімен, ал батысы мен солтүстігінде Солтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде Ресей Федерациясының Омбы облысымен шектеседі.Аудан аумағында облыстағы ірі көлдердің бірі-үлкен Қызылқақ тұзды көлі орналасқан. Ауданның ауданы 10,2 мың шаршы км немесе облыстың барлық аумағының 8,1 пайызына тең. Ертіс аудан орталығы болып табылады және Павлодар қаласынан 170 км жерде орналасқан.