Қоғамдық экологиялық мониторингтің интерактивті картасы!

Қоғамдық экологиялық мониторингтің интерактивті картасы!

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ (бұдан әрі – Қауымдастық) бірлесіп 2021 жылдан бастап «Stop musor» әлеуметтік-экологиялық жобасын іске асыруда. Жоба халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапты кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.

Жоба аясында елдегі экологиялық мәселелерді шешу үшін Қауымдастық сайт пен «Stop musor» мобильді қосымшасын әзірледі.

Олардың көмегімен пайдаланушылар өз қалаларында эко-шағым бере алады, жиналған барлық ақпарат https://ecokarta.kz/ қоғамдық экологиялық мониторинг порталында біріктіріледі.

Қалалық қызметтермен және уәкілетті ұйымдармен экологиялық мәселелерді олардың сипатына қарай шешіледі: қаладағы стихиялық қоқыстар, топырақтың ластануы, орманның жойылуы, атмосфераның ластануы, заңсыз құрылыс жұмыстары және т. б.