Елордада жаппай ағаш отырғызумен кезекті жалпықалалық сенбілік өтті

Елордада жаппай ағаш отырғызумен кезекті жалпықалалық сенбілік өтті

23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Birge – taza Qazaqstan» акциясы және көктемгі экологиялық айлық аясында аумақты жинау және ағаш отырғызу бойынша кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.

Сенбілікке 59 822-ден астам адам, сондай-ақ 4 098 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты.

428 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды: 122 бірлік тиегіш және 306 бірлік жүк көлігі.

Жалпы ауданы 2,7 млн. м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылды, 3 868 дана ағаш (қызыл тал, татар үйеңкісі, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен) отырғызылды.

Ағаш отырғызуға Мемлекет басшысы, Парламент Сенатының Төрағасы, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, дипломатиялық корпус өкілдері, еңбек ұжымдары, МИБ (ПИК) ұжымдары, сондай-ақ эко-еріктілер, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Сенбілік кезінде полигонға 934,9 тонна қалдық жиналып, шығарылды.

16 және 23 сәуірдегі жалпықалалық сенбіліктерге барлығы 122 229 адам,                     7 678 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты.

898 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды: 265 бірлік тиегіш, 633 бірлік жүк көлігі.

Полигонға 2 291,34 тонна қалдық жиналып, шығарылды.

Жалпы ауданы 5,4 млн. м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылды, 4 116 дана ағаш көшеттері отырғызылды.