Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақрылымын дамыту басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма), 2022 жылғы «31» мамырда, сағат
15.00-де, Нұр-Сұлтан қ. Бейбітшілік к-сі 11, 544 кабинет мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады: №1 лот - № 26, №2 лот - № 43, №3 лот - № 45, №4 лот - № 120, №5 лот - № 327 (Нұр-Сұлтан-Арнасай).
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Басқармаға конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Нұр-Сұлтан қ. Бейбітшілік к-сі 11, 549 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2022 жылғы «23» мамырда, сағат 15:00-ге дейін.
- 2022 жылғы «6» мамырда конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8 (7172) 55-14-98.