Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады.

Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:

 Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;                                                           

- қалалық бағдарларда;

- экспресс-бағдарларда;

- қала маңы бағдарларында.

Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.