29 сәуірде Президент бүкілхалықтық референдум арқылы конституциялық реформа жүргізу туралы шешім қабылдады. Біз жаңа Қазақстанды бірге құрамыз.
Бүгін 2022 жылғы 11 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының желілік кестесіне сәйкес "Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы" ММ референдумды өткізуді қолдау мақсатында "Шар-Құрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымының ұжымымен кездесу өткізіліп, конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері түсіндірілді.
Талқылау барысында қызметкерлер белсенді қатысып, пікір алмасудан кейін референдумға қатысу туралы бірауыздан шешім қабылдады.