«Астана қаласында көпфункционалды кешендерді салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

«Астана қаласында көпфункционалды кешендерді салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

«Астана қаласында көпфункционалды кешендерді салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

 «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ «Астана қаласында көпфункционалды кешендерді салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Астана қаласында көпфункционалды кешендерді салу және пайдалану»

Жобаны іске асыру саласы: Жоба қосымша білім беру саласында іске асырылуда.

МЖӘ жобасының мақсаты: Астана қаласында көпфункционалды кешендер салу және пайдалану және қосымша білім беру саласындағы балаларды жалпы қамтуды ұлғайту жолымен халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.

Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:

- қосымша білім беру объектілерінің желісін дамыту;

- қазақстандық стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы ХҚК іске асыру;

- саладағы материалдық-техникалық базаны жақсарту;

- қосымша білім беру объектілерінде оқу процесін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету;

- халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде оқушыларды сапалы қосымша біліммен қамтамасыз ету;

- білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды сапалы қамтамасыз ету.

МЖӘ объектісінің жобалық қуаты: Тәулігіне 2550 келуге арналған 3 заманауи көпфункционалды кешен.

МЖӘ жобасын іске асыру орны: Астана қаласында орналасқан жер учаскелері келесі мекен-жайлар бойынша 3 лот:

  • Лот № 1: Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Ақан Сері және С189 (Құлпынай) көшелерінің қиылысы, онда учаскенің ауданы 2,3351 га құрайды;
  • Лот № 2: Астана қаласы, «Алматы» ауданы, М. Төлебаев көшесінің ауданы, учаскенің ауданы 3,0 га құрайды;
  • Лот № 3: Астана қаласы, «Нұра» ауданы, Қ. Мұхамедханов және Ш. Айтматов көшелерінің қиылысы, онда учаскенің ауданы 2,2 га құрайды.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 72 ай және одан да көп, оның ішінде:

  • Құрылыс кезеңі: 12 айдан бастап;
  • Пайдалану мерзімі: 5 (бес) жылдан бастап.

Жобаны салу мен іске асырудың осы мерзімдері шамамен және болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2024 жылғы 15 наурыз сағат 12:30 (жергілікті уақытпен) дейін «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ-сі.

Байланыс деректері: «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ инновацияларды енгізу, есеп беру және жоспарлау талдаушылар бәлімінің бас маманы – Боранғалиқызы Ділда, тел.: 8 (7172) 32-34-65, e-mail: d.borangalikyzy@astana.kz

Құжаттар көшірмесінің топтамасын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) мына мекен-жай бойынша алуға болады: ҚР, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сейфуллин көшесі, № 30 ғимарат, 4-ші қабат, № 23 бөлме.

Техникалық тапсырма осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша беріледі.