Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру шеңберінде Тауарлардың ұлтық каталогын жүргізу және онда тауарларды тіркеудің жаңа Ережелерін (бұдан әрі - Ережелер) әзірледі.
Ережелер Тауарлардың ұлтық каталогынжүргізу және онда тауарларды тіркеу тәртібін белгілеуге бағытталған. Еске салайық, Ұлттық тауарлар каталогы - бұл Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің Біртұтас операторы әзірлеген, тауарлардың біртұтас номенклатурасын қамтитын, Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау процестерін жүзеге асыру кезінде анықтамалық ретінде міндетті түрде қолданылатын, тауарлардың сипаттамаларын, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының кодтарын және басқа мәндерді қамтитын ақпараттық ресурс.
Ережелердің негізгі мақсаты - Тауарлардың ұлтық каталогын жүргізудің негізгі параметрлерін және онда тауарларды тіркеу үшін қажетті тауарлар туралы ақпарат құрамын айқындау.
Ережелер тек идентификация құралдарымен міндетті таңбалауға және қадағалауға жататын тауар топтарына қолданылады. Ережелер бизнес үшін қосымша талаптар енгізбейді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Тауарлардың ұлтық каталогын жүргізу және тауарларды тіркеу ережелерін бекіту туралы» Бұйрық жобасын жариялады. Жоба 2025 жылдың 29 мамырынан 12 маусымына дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға қойылады (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15534442).