
Цифрландыру

Цифрландыру департаменті жұмысының негізгі мақсаты ақпараттандыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындау және бекіту, цифрландыру мәселелері бойынша ҚР сауда және интеграция министрлігінің жұмысын үйлестіру және "Цифрлық Қазақстан"мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мониторингі болып табылады.
Департамент бір басқармадан және жобалық кеңседен тұрады.
Министрліктің жобалық цифрландыру кеңсесінің мақсаттары:
- Сауда саласында цифрландыруды дамытуға жәрдемдесу;
-Министрлік қызметінің бизнес-процестерін, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру;
- Министрліктің жеке АКТ инфрақұрылымын дамыту;
- Министрліктің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
- Министрліктің сервистері мен қызметтерін дамыту.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 01 ақпан 2021Баяндама1.02.2021 А.Ж.Жанасованың тезистері
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея- 24008 қыркүйек 2022Қазақстанда бірінші халықаралық электрондық коммерция форумы өтті
0101 қыркүйек 2022Жолдау 2022. Телемарафон / 01.09.2022
0118 қараша 2021"ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН"ЖОБАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кеттіAllegro платформасында тауарларды тіркеу және жылжыту бойынша оқыту "вебинары»12 ақпан 2021Интернет-конференция
өтіп кеттіЦифровизация мәселелері бойынша Ә.Ж. Жанасованың сұхбат20 — 30 қыркүйек 2020Сұхбат
Ұйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру2021 жылғы 27 қазанда ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов цифрландыру саласында іске асырылып жатқан жобалар туралы айтты.
Осылайша, Сауда және интеграция министрлігі "Тауарлардың ұлттық каталогы" жобасын іске асыруда. Жоба тауар айналымын бақылауға және қазақстандық нарықтағы бағаны реттеуге мүмкіндік беретін тауарлардың сипаттамасы бар Бірыңғай тізілім болады.
Ұлттық каталогта осы тауардың қасиеттері мен сипаттамаларының толық сипаттамасы, медиа-контент, салмақ-көлемдік және тұтынушылық сипаттамалар, сертификаттар және тауар туралы басқа да ақпарат ұсынылады. Бұл деректердің көзі өндірушілердің өздері, импорттаушылар, дистрибьюторлар болады. Каталогта тіркелгеннен кейін кәсіпкерлер өз тауарларын тіркей алады.
Бақыт Сұлтанов атап өткендей, каталог бөлшек сауда субъектілері үшін стандартталған тауар атауларының көзі болады. Осылайша, бөлшек сауда дүкендері фискалдық чектерде тауарлардың бірыңғай атауын белгілеу үшін анықтама алады.
Мемлекет үшін каталог тауарлардың цифрлық паспорттарын қамтитын тауарларды сәйкестендіру құралына айналады.
"Бірыңғай атау арқылы кім, қайда, қашан, қанша және қандай тауарды сатқанын анықтауға болады, нәтижесінде тауарларға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингінің тиімділігі артады", - деді ведомство басшысы.
Бұрын хабарланғандай, жобаны 2021 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр


