Қанат Шарлапаев Қазақстан тау-кен палатасымен кездесті

Қанат Шарлапаев Қазақстан тау-кен палатасымен кездесті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Қазақстан тау-кен палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелерімен тоқсан сайынғы кеңес өткізді. Қауымдастық отандық және шетелдік инвесторлардың 45 компаниясын біріктіреді.

Кіші және ірі халықаралық компаниялар жер қойнауын пайдалану саласындағы реформадан кейін Қазақстанға келіп, Қазақстан аумағын барлауды қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып жатқанын айта кеткен жөн.

Министр геологиялық барлау жұмыстарына жеке инвестициялар мен озық технологияларды енгізу рөлінің маңыздылығына тоқталды. 

Қанат Шарлапаев пен Палата мүшелері ашық диалогта халықаралық есеп беру стандарттарын одан әрі дамыту, салық салу мәселелерін, сондай-ақ инвестициялық ахуалға әсер ететін мәселелерді талқылады.

Министр жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаны жалғастыру, сондай-ақ қазақстандық геологияны дамыту мақсатында Қауымдастықпен белсендірек ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін атап өтті.