Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Zijin Mining» компаниясының өкілдерімен кездесті

Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Zijin Mining» компаниясының өкілдерімен кездесті

1 қарашада жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстелдің (KGIR-2024) алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат ШарлапаевтыңZijin Miningкомпаниясының халықаралық істер жөніндегі бірінші бас директоры Ляо Цзяншэн мырзаменкездесуі өтті

Zijin Miningбүкіл әлем бойынша алтынкүмісмыс және басқа да минералды ресурстарды барлауғаөндіругеөңдеуге және сатуға маманданған және Қытайдың екінші ірі трансұлттық алтын өндіруші конгломераты болып табылады

Қарастырылып отырған жобалар шеңберінде компания түсті және бағалы металдар концентраттарын өндіру үшін байыту фабрикасын салуды жоспарлап отырсодан кейін олар металдарды балқыту үшін Қазақстан Республикасының металлургия зауыттарына жіберілетін болады

   Бұдан басқакомпания жаңа учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ниеттібұл Қазақстанның минералдықшикізат базасын ұлғайтуға ықпал ететін болады

Тараптар жоғарыда аталған жобаларды одан әрі пысықтау мен дамытудағы өзара қызығушылықты атап өттіӨз кезегінде Министр бірлескен ынтымақтастыққа толық дайын екендігіне және Қазақстан Республикасының шетелдік бизнес қауымдастықтар үшін инвестициялық тартымдылығын атап өтті