Ақмола облысының Есіл және Бұланды аудандарында 78 тұрғын үй салынуда

Ақмола облысының Есіл және Бұланды аудандарында 78 тұрғын үй салынуда

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үйлерін қалпына келтіруге бағытталған жұмыстардың барысы туралы хабардар етуді жалғастыруда.

ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының деректері бойынша Ақмола облысында барлығы 1 265 нысанға техникалық зерттеуу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша:

- 331 тұрғын үй құрылысы – 273 үй басталды;

- 220 үй сатып алынды – 172 үй сатып алынды;

- 714 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Есіл ауданында 21 жаңа үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар, 189 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 16-сын сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұланды ауданында Ивановка және Капитоновка ауылдарында 57 жаңа үйдің құрылысы басталды. Сондай-ақ 58-ін салуды, 113-інде жөндеу жұмыстарын жүргізуді, 10-ын сатып алуды жоспарланған.

Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады. Құрылыс және жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Министрлік инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру және тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда.